Билет-17 1.Пернетақтадан массивті енгізу Пернақтадан массивті еңгізудің бірнеше жолы бар.
Оның біреуі төменде берілген: Массив құру: N = 10 A = [0]*N Пернетақтадан енгізу: for i in range(N): print ( "A[", i, "]=", sep = "", end = "" ) A[i] = int( input() ) sep = ""- Элементтерді ажыратпау end = ""- Жаңа жолға көшірмеу Пернетақтадан массивті енгізу жоғарыдағы код арқылы жасалады. Бұл бағдарламада біз массивтің әрбір мүшесін кезек-кезек еңгізіп шығамыз.
2.Python тілінің шартты операторы Python-да шартты конструкциялар әзірлеуші өзіне берілген жағдайларға байланысты бағдарламаның белгілі бір әрекетін орната алатындай етіп жасалған. Мұндай құрылымдарды пайдалану үшін бағдарламашы кем дегенде бір шартты, егер бұл шарт ақиқат болса, орындалатын кодпен анықтауы керек. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, егер шарт жалған болса, орындалатын кодты жазуға болады.
Python кез-келген нөлдік емес және бос емес мән ақиқатқа (True) тең, ал нөл немесе бос объект жалғанға (False) тең болады.
Python-да келесі шартты конструкциялар бар:
if
if / elif / else кірістірілген if конструкциялары