5В0723000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі» мамандығының студенттеріне арналған



бет1/4
Дата03.02.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8707
  1   2   3   4

ПОӘҚ 042-18-14.1.61/03-2015


Баспа №___

«___» __2015 ж.



29 беттің беті




5В0723000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі» мамандығының студенттеріне арналған
«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2015

Мазмұны

1 Практикалық сабақтар 3

2 Білімалушының өздік жұмысы 28

3 Глоссарий 29

4 Әдебиеттер 31

1 Практикалық сабақтар
Практикалық сабақ №1

Тақырыбы: Құрылыс материалдары. Материалдардың кұрылымы, құрамы және қасиеттерінің өзара байланысы.

Жоспары:


  1. Құрылыс материалдары, жасанды және табиғи құрылыс материалдары.

  2. Материалдардың кұрылымы, құрамы және қасиеттерінің өзара байланысы туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

  1. Берілген лексикалық тақырыптың мазмұнын ашып, түсініп мейлінше академиялық білімдерін арттыру;

  2. Құрылыс материалдары түрлерімен танысу, жаңа терминдермен танысу;

Құрылыс материалдары. Материалдардың кұрылымы, құрамы және қасиеттерінің өзара байланысы.
Құрылыс материалдары  — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты əртүрлі бұйымдар, конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ол бұйымдар құрылыста қолдану шартына сай алуан түрлі. Мысалы, көп қабатты үй салу үшін мынадай бұйымдар, конструкциялар пайдаланылады: фундамент, баған, арқалық, қабатаралық жəне төбелік жабындар, сыртқы жəне бөлмеаралық қабырғалар. Үй құрылысында бұлардан басқа, жылу-дыбыс-ылғал өткізбейтін бұйымдар да қолданылады. Пайдаланылатын орнына, атқаратын міндетіне байланысты құрылыс материалдары екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа: үйлерге басқа да ғимараттарға түсетін күшке төтеп бере алатын, конструкциялар деп аталатын материалдар жатады. Олар: 1) табиғи тас материалдар; 2) минералды шикізаттарды термиялық əдіспен өңдеу арқылы алынатын материалдар – керамикалық бұйымдар, шыны ситалдар, байланыстырғыш заттар, металдар; 3) минералды байланыстырғыш заттардың негізінде дайындалатын материалдар – бетондар, темірбетондар, құрылыс ерітінділері, автоклавта өндірілетін бұйымдар; 4) органикалық материалдар – ағаш материалдар, органикалық байланыстырғыш заттар, полимерлер; 5) композициялық материалдар – асбестцемент, бетонполимер, фибробетон, шыныпластик.

Екінші топқа: арнаулы міндет атқаратын конструкцияларда (бұйымдарда) пайдаланылатын “арнаулы орындарда қолданылатын” материалдар жатады. Бұлар – бұйымдардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту, үйдің ішін – жайлы, ал сыртын көркемдеу мақсатымен, əрі конструкцияларды зиян келтіретін ортадын қорғау үшін қолданылады. Олар: 1) жылу өткізбейтін жылуизоляциялық материалдар (шыныдан істелінген мақта, ағаш талшықты плиткалар, арболит, т.б.); 2) дыбыс өткізбейтін материалдар (тесіктелген – перфорацияланған ағаш жоңқалы тақталар, акмигран, фибролит); 3) тыстағыш (өңдегіш) материалдар (табиғи тастардан істелінген үйдің ішін, сыртын əшекейлейтін, оларға өң беретін мəрмəр, гранит тақталар мен жасанды материалдар – керамикалық тақталар, т.б.); 4) коррозияға төзімді материалдар (сыр, лак, бояулар, металл бұйымдарының бетіне тысталатын – қондырылатын заттар); 5) төбе конструкцияларын жабатын су, ауа өткізбейтін гидроизоляция-лық жəне герметикалық (саңылаусыздандырғыш) материалдар (рубероид, толь, мастикалар, герметиктер); 6) отқа төзімді кірпіштер (динас, шамот, т.б.); 7) радиоактивтік сəулеге төзімді материалдар (ауыр толтырғыштар – барит, металл жоңқалар, т.б. негізінде дайындалған өте ауыр бетондар).

Құрылыс материалдарының физикалық қасиеттеріне: олардың тығыздық кеуектілігі, ылғалдылығы, су сіңіргіштігі, аязға төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т.б., ал механикалық қасиеттеріне – олардың деформациялық (серпімділік, пластикалық) қасиеттері, беріктігі, қаттылығы, үйкеліске, ұруға жəне тозуға төзімділігі, т.б. жатады.

Əртүрлі өнеркəсіптік, азаматтық, т.б. құрылыстарда материалдарды белгілі орында (фундаментте, қаңқада, қабырғада, т.б.) атқаратын қызметіне сай пайдалану үшін, олардың қасиеттерін жақсы білу қажет. Бұл қасиеттер құрылыс материалдарының стандарттарында (ГОСТ, ОСТ, т.б.) келтіріліген сан көрсеткіштерімен сипатталынады да, “Құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНШ)” сəйкес қолданылады. Халықаралық айырбас, сауда жүргізу үшін əр мемлекет құрылыс материалдарын өндіргенде ИСО-ның (халықаралық стандарттарды бекітетін мекеме) талаптарын да бұлжытпай орындауы керек.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.

3-тапсырма. Құрылыс материалдары, жасанды құрылыс материалдары, минералды байланыстырғыш заттар, табиғи құрылыс материалдары, азаматтық құрылыс сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

4-тапсырма. «КазГАСА» МОК-тағы «Құрылыс» мамандығы жайында мағлұмат алып, мәтін құрастырыңыз.
Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс материалдары дегеніміз не ?

  2. Құрылыс материалдары қандай түрлерге жіктейді? Құрылыс материалдарының топтастырылуы?

  3. Материалдардың кұрылымы, құрамы және қасиеттерінің өзара байланысы туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

  5. Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Полимерлік және гидроизоляциялық материалдар оқу құралы.– Алматы: ИздатМаркет. 2006.- 84 б.



Практикалық сабақ № 2

Тақырыбы: Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын
өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттар.

Жоспары:

  1. Табиғи тас материалдар түсінігі.

  2. Табиғи тас құрылыс материалдарын өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Табиғи тас материалдар, оларды өңдеу жолдары туралы мәлімет беретін мәтінмен танысу, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.

Табиғи тас материалдар және құрылыс материалдарын өндіруге арналған тау жыныстарынан алынатын шикізаттар.

Табиғи тастар материалдар. Республиканың халық шаруашылығын дамытуда минералды кен-байлықтарды іздестіру және оларды қазіргі жаңа технологиямен өңдеу өте маңызды мәселе болып табылады. Табиғи тастар да ағаш сияқты, құрылыс материалдарының көне түріне жатады. Адам баласы ерте заманда тастан еңбек саймандары мен қарулар дайындаған. Табиғи тастар жеткілікті беріктік пен қаттылыққа ие, сондықтан адамзат тастарды тұрғын үй салғанда негізгі материал есебінде пайдаланды. Тау жыныстарын, әдетте, құрылыс материалы есебінде көбіне табиғи (құм, қиыршық тас және т.б.) немесе механикалық жолмен өңделген түрде, сондай-ақ арнайы технологиялық процестермен өңделген өнім ретінде қолданды (түұтқыр, керамика, шыны, т.б.). Тау жыныстары құрылыста өте мол қолданылады. Табиғи тастар (әшекейлеу мен қаптамалы мақсаттан басқа) — қабырғалық блоктар, қырланған, көшеге төселген тастар, сәулеттік ескерткіштер, монерлі кестелі оюлар, бүйымдар жасауда, бетондарда толтырғыш ретінде қолдаылады. Халықаралық нарықтық жағдайда тау жыныстарынан алынған сәндік тастар мен бұйымдарға сұраныс өте үлкен. Табиғи тас, әсіресе шой тастар Қазақстанның бірқатар аймақтарында ең басты жергілікті құрылыс материалы болып табылады. Әсіресе индустриялы сұраныс материалдары мен технологиялық жабдықтарды жеткізу өте қиын болатын таулы аудандарда басты құрылыс материалы ретінде қолданылады.

Табиғи тас құрылыс материалдарын өңдеу. Тастарды өңдейтін зауыттарда тыстамалық, қабырғалық жəне едендік материалдар алу үшін ірі блоктар – тақталарға, кіші блоктарға кесіледі. Ал жолдық материалдар (брусчатка, шашка, т.б.) алу үшін олар кіші формалы тастарға бөлінеді. Одан əрі бұл материалдардың Құрылыс материалдары бетіне көрік беру үшін, абразивті материал арқылы немесе ұру арқылы ажарландырылады.

Абразивті материалдармен жасалған ажар тас бетінің сипатына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: – кесілген фактура – тереңдігі 2 мм-ге дейін жіңішке сызықтар, іздер (бұлар жоғарыда көрсетілген аралармен немесе дискалармен тілуден пайда болады);

– тегістелген фактура – тереңдігі 0,5 мм-ге дейін біркелкі кедір- бұдыр бедерлер, бұлар шойын дискалы (шарошкалы) тегістеу- жылтырату станогінде қатты түйірлер мен бұйымдардың бетін сыдыру арқылы істелінеді;

– жылтыр фактура – тегіс, күңгірт, барқыт тəрізді бет (бұл тегістеу-жылтырату станогінде абразивті майда ұнтақтарды қолдану арқылы істелінеді);

– айнадай жылтыр фактура – айнадай жылтыр бет, ол металдардың (хром, темір, қалайы) рксидтерінен істелінген мастикалармен жəне шойын шарошканың орнына киіз дискамен өңдеу арқылы жасалынады.

Ұрумен жасалынған фактуралар. Бұл фактураларды пневматикалық балғаның алып-салмалы басына аспаптар жинағынан керекті аспапты (закольникті, троянканы немесе буғарданы т.б.) орнатып, сол арқылы істейді. Бұл фактуралар да бет өңінің сипатына байланысты 4 түрге бөлінеді:

– опырылған (жарылған) фактура – тасты кəдімгідей жарғанда пайда болатын кішкентай жоталар мен ойпаттар; бұйымның бетінде (жарылған жерінде) аспаптың ізі қалмайды.

– рифті фактура – тереңдігі 2 мм-ден төмен, дұрыс алмасқан жоталар мен ойпаттар; бұйымның бетіне аспап ізін қалдырады.

– бороздалы (ізді) фактура – тереңдігі 0,5-1 мм параллельді іздер.

– нүктелі фактура – нүктелердің тереңдігі 0,5-2 мм бірқалыпты кедір-бұдырлар


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар.

2-тапсырма. Сөздікті қолдана отырып, мәтінде кездескен кәсіби ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дәптерге жазыңыздар.

3-тапсырма. Мәтінді қайта оқып, мәтін бойынша сұрақ-жауап құрыңыз. Және сол бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи тас материалдар дегеніміз не?

2. Табиғи тас материалдарын өңдеу жолдары туралы не білесіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.



Практикалық сабақ №3

Тақырыбы: Керамикалық материалдар. Құрылыстық керамикалық материалдар мен бұйымдардың жіктелуі және жалпы қасиеттері.

Жоспары:

  1. Керамикалық матераилдар туралы жалпы түсінік

  2. Құрылыстық керамикалық материалдар ұғымы, олардың түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.


Керамикалық материалдар. Құрылыстық керамикалық материалдар мен бұйымдардың жіктелуі және жалпы қасиеттері.
Керамикалық бұйымдар немесе керамика (гректің “керамос” – балшық деген сөзі) деп – табиғи саз-балшықтан немесе оны минералдық не органикалық қосымшалармен араластыра дайындалған қоспалардан илеу, қалыптастыру, кептіру жəне күйдіру арқылы алатын жасанды тас бұйымдар.

Керамикалық материалдар құрылымына қарай екі негізгі топқа бөлінеді: кеуекті жəне тығыз. Кеуекті материалдардың су сіңіргіштігі 5%-тен жоғары болады (əдетте 6-20 массалық процент аралығында), бұларға кəдімгі кірпіш, керамикалық қабырға тастар тыстаулық (өңдеулік) тақталар, т.б. жатады. Тығыз керамикалық материалдар 5%- тен аз су сіңіреді (көбінесе 1-4%); оларға жататындар: еденге төсейтін плиткалар, жолға төсейтін кірпіш, канализациялық құбырлар (түтіктер), т.б.

Керамикалық материалдар мен бұйымдар қолданылатын орнына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: 1) қабырғалық бұйымдар (кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар деп аталатын қуыс керамикалық тастар мен олардан істелінген панельдер); 2) үйдің сыртқы қабырғалары мен ішкі жағын өңдеуге арналған тыстаулық бұйымдар (беттік кірпіш, кіші өлшемді плиталар, глазурьлендірілген плиткалар мен олардың фасонды бөлшектері бірқалыпқа келтірілген бөлшектер) – карниздер (ернеулер, жақтаулар), т.б.; 3) арнайы міндет атқаратын бұйымдар, материалдар; сантехникалық бұйымдар (жуынатын столдар, қолжуғыштар), ванна, унитаз, от пен қышқылға төзімді бұйымдар, жеңіл бетонның толтырғыштары (керамзит, аглопорит), т.б.

Керамикалық бұйымдар өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер, саз қоспалары қолданылады. Каолиндер жəне саз-балшықтар деп – əртүрлі қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады. Олар су қосып илегенде – пластикалық қамырға, ал күйдіргеннен кейін–тасқа ұқсас күйге айналады.

Каолиндер тек қана дерлік каолинит минералынан құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері көбінесе 0,01 мм- ден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.

Саз-балшықтар (осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылып айтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық жəне органикалық қоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда иленгіш қамыр түзеді.

Бентониттер деп – жоғары пластикалық негізде монтмориллониттен құралған, балшықтарды айтады. Олардың 85-90 пайызы өте уақ 0,001 мм-ден кем бөлшектерден тұрады. Қорыта айтқанда, балшық материалдарда өлшемі 0,001 мм бөлшектер көбейген сайын, олардың пластикалығы өседі. Пластикалығы ең жоғары балшықтарда көп кездесетін қоспа – дала шпаты, олардың балқу температурасын төмендетеді.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздерді теріп жазып, жаттап алыңыз.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Керамикалық материалдар. 2. Қабырғалық бұйымдар. 3. Материалдардың қасиеттері. 4. Білікті маман. 5. Құрылыс маманы. 6. Органикалық қоспалар.



3тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Строительство — возведение зданий и сооружений, а также их капиталтный и текущий ремонт, реконструкция, реставрация и реноация. Процесс строительства включает в себя все организационные, изыскательские, проектные, строительно-монтажные и пусконаладочные работы, связанные с созданием, изменением или сносом объекта, а также взаимодействие с компетентными органами по поводу производства таких работ. Результатом строительства считается возведённое здание (сооружение) с внутренней отделкой, действующими инженерно-технологическими системами и полным комплектом документации, предусмотренным законом.



Здания объемные строительные системы, имеющие надземную и (или) подземную части, включающие в себя помещения, сети инженерно-технического обеспечения и системы инженерно-технического обеспечения и предназначенные для проживания и (или) деятельности людей, размещения производства, хранения продукции или содержания животных.

Сооружения — объемные, плоскостные или линейные строительные системы, имеющие наземную, надземную и (или) подземную части, состоящие из несущих, а в отдельных случаях и ограждающих строительных конструкций и предназначенные для выполнения производственных процессов различного вида, хранения продукции, временного пребывания людей, перемещения людей и грузов
Бақылау сұрақтары:

  1. Керамикалық бұйымдар және құрылыстық керамика түсінігі?

  2. Керамикалық бұйымдарды қолданылуы бойынша жіктеңіз?

  3. Керамикалық бұйымдар құрылымына байланысты қандай топтарға жіктелінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.



Практикалық сабақ №4

Тақырыбы: Минералдық балқымалар негізіндегі материалдар.

Жоспары:

1.Минералдық балқымалар түсінігі.

2.Балқымалар негізіндегі материалдардың құрылыста қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:


  1. Минералдық балқымалар негізіндегі құрылыс материалдары туралы мәлімет беретін мәтінмен танысу, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.



Минералдық балқымалар негізіндегі материалдар.
Әйнек немесе балқымалар негізіндегі басқа материалдар мен бұйымдар алу үшін кең тараған тау жыныстары және әртүрлі өндірістің жолай өнімдері қолданылады. Минералдық балқымалар келесі топтарға бөлінеді: әйнек, тас, қожды, ситаллдар. Балқымалар негізіндегі материалдардың ұзақмерзімділік, химиялық төзімділік көрсеткіштері жоғары және олар керемет әсемдік сапаға ие.

Минералдық балқымалардан парқшалы мөлдір, конструкциялық, өңдеулік, жылу- және дыбысизоляциялық бұйымдар, арнайы құбырлар жасалады.

Ешқандай қоспасыз шыны түзетін кремний, фосфор және бор тотықтары,негізінен өпкомпоненттік шихта қолданылады. Құрылыста негізінен негізгі компоненті ретінде кремний қостотығы SiO2 болатын силикаттық әйнек пайдаланылады.

Әйнек өндірісі үшін шикізаттық материалдар негізгі және қомалқы түрлеріне бөлінеді. Негізгілеріне минералдық шикізат және кейбір өндіріс өнімдері қолданылады: кварц құмы, сода, доломит, әктас, поташ, натрий сульфаты. Қосалқы шикізаттық материалдар (мөлдіреткіштер, тұншықтырғыштар,бояғыштар, т.б.) шихтаға шынының қайнатуын жеделдету және қажетті қасиеттер беру үшін қосылады.

Құрылыстық әйнек өндірісі келесі негізгі әрекеттерден тұрады: шикізаттық материалдарды өңдеу; шихта дайындау; әйнекті қайнату; бұйымды қалыптау, жасыту және бетін өңдеу (шлифтеу, жалтырату, декоративтік өңдеу). Шыны қайнату процесі арнайы пештерде (ванналық, құтылық) 1500-16000С температурада жүргізіліп, салқындатумен аяқталады. Бұйымдарды созу, құю, таптау, пресстеу, үрлеу әдістерімен қалыптайды.

Қарапайым құрылыс әйнегінің тығыздығы – 2,5 г/см3. Арнайы әйнектердің тығыздығы 6,0 г/см3-ге дейін барады, жылуизоляциылық шыныда - 15-600 кг/м3. Есептік теоретиялық беріктілік шегі әйнекті созғанда – 12000 МПа, нақта беріктігі 30-60 МПа. Оптикалық қасиеттері жарық өткізу, жарық сындыру, жарық сейілтумен сипатталады


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, қазақ тілінен орыс тіліне аударуға тырысыңыздар.

2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын жалғаңыздар

1. Қазақстан өндірістері... қарқынды өсуі экономиканың дамуының басты кілті.

- тың

2. Білімді мамандарға сұраныс ... артуы табиғи құбылыс.

- дың

3. Мамандар... бәсекеге қабілеттілігін арттыру- өзекті мәселе.

- ын

4. Техникалық сала кадрлар... даярлаудың сапасын жетілдіру қажет.

- мен

5. Кәсіптік білім беру жүйесі... қайта ұйымдастыру қолға алынды.

- нің

6. Өндірісті білікті мамандар... қамтамасыз етуге күш салынуда.

- н


Бақылау сұрақтары:

1. Минералдық балқымалар түсінігі?

2. Минералдық балқымалар негізіндегі материалдардың құрылыста қолданылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.

  2. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.

  3. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

  4. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.

  5. Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
    Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.



Практикалық сабақ №5

Тақырыбы: Әйнек материалдар.

Жоспары:

1.Шыны түсінігі.

2.Құрылыстық шыны түрлері, олардың қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:


  1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;

  2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.



Әйнек материалдар.
Шыны деп – балқыған затты тез суыту арқылы алынатын аморфтық денелерді айтады. Құрылыста силикаттық шынылар қолданылады. Олар кремний тотығының негізінде алынады. Балқыған силикаттық шыныларды суытқанда, олар тез қоюланып, микробөлшектері (иондары, атомдары, молекулалары) өзара дұрыс орналаса алмай, кристалды емес – аморфтық құрылым түзеді.

Құрылыстық шынының химиялық құрамы салмақтық % бойынша шамамен мынадай: 71-73 SiO2; 13-15 Na2O; 8-10,5 CaO; 1-4 MgO; қалған 1-2,8%-ті калий, алюминий, күкірт пен темір оксидтерін құрайды; химиялық формуласы Na2O · МgO · 6SiO2 жақын. Құрылыстық шыныны өндіру үшін негізгі шикізат ретінде кварцты құм, сода, əктас, ал қосымшалар ретінде балқыту температурасын төмендететін, бояғыш, т.б. заттар пайдаланылады. Мысалы, мөлдір шыны алу үшін құрамында бояғыш, темір, хром, т.б. оксидтері жоқ таза кварцті құмды қолданып, шихтаға (шикізаттардың араласпасына) мөлдіреткіш зат (натрий, аммоний сульфаттары немесе балқытқыш шпатты) қосу қажет.

Парақша шынылардың түрлері көп – терезелік шыны, витриналық шыны, мыспен торланған шыны, шыныққан шыны, жылы сəулені жұтқыш шыны, увиолалық шыны, жарықты көмексілендіретін шынылар, т.б.

Терезелік шыны (терезе əйнегі) – парақша шынылардың ең көп тараған түрі. Ол қалыңдығы 2-6 мм, ені 1600, ал ұзындығы 2200 мм-ге дейін парақ ретінде өндіріледі. Қалыңдығы бойынша 6 маркаға бөлінеді: 2; 2,5; 3; 4; 5; 6 мм; жарық өткізгіштігі өскен сайын төмендейді; жарық жұтқыштығы 2% шамасында; қалған жарық (сəуле) 8% шамасында шағылады (қайтарылады). Инфрақызыл сəулені жақсы өткізеді, ал ультракөк жарықты өткізбейді десе де болады. Созуға, июге беріктігінің шегі – 30-90 МПа, ал сығуға беріктігі өте жоғары – 700-1000 МПа аралығында. Бірақ бұл шынылар ию жəне созу күштеріне кедергі көрсететін жұқа парақша түрінде қолданылатындықтан, олардың беріктігі – ию, созу беріктігімен сипатталады. Ұруға кедергі көрсете алмайды: шыны морт материал, ұрып игенде тек қана 0,2 МПа-ға жақын беріктілік көрсетеді.

Витриналық шыны. Бұл шынының беті жəй əйнектердің бетінде болатын елеусіз ой-қырдан, жол-жолдан, тілім-тілімнен ажырату үшін арнаулы машинамен тегістелінеді, айнадай жылтырлатылады. Сондықтан витриналық шыны жарықты (сəулені) оптиканы бұрмаламай, заттың кескінін бұзбай көрсетеді. Бұл шыны кинотеатрлардың, вокзалдардың, аэропорттардың залдарын, көрме залдарын, т.б. ғимараттарды əйнектеу үшін қолданылады. Оның қалыңдығы 6…10 мм ені мен ұзындығы 3,5 х 6 м-ге дейін. Июге, ұруға беріктігін өсіру үшін жасалынады.

Тыстамалық шынылар: стемалит, кілем өрнекті шыны, смальта, т.б. үй қабырғасының қасбет (фасад) немесе ішкі (интерьер) жағын əшекейлеу жəне олардың атмосфералық құбылыстарға, ылғалға төзімділігін арттыру үшін қолданылады. Олар түрлі-түсті болып өндіріледі.

Стемалит дегеніміз – қоғамдық зəулім үйлердің сыртқы қабырғаларын ажарлайтын, ішкі беті əр түсті керамикалық эмальмен (бояулармен) жағылған қалың шыныққан парақша шыны. Ол үйдің бір қабатындағы терезелер мен келесі қабатындағы терезелер арасына орналастырылады. Оның қалыңдығы 6-12 мм, ені мен ұзындығы – 1,2-3,2 м-ге дейін. Мысалы, стемалитпен Мəскеудегі Аэрофлот жəне “Националь” қонақ үйлері мен бұрынғы СЭВ (Экономикалық Өзара Көмек Советі) үйі көмкерілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет