Сабақтың мақсаты:
1. Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;
2. Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Сазтану негіздері. Керамикалық бұйымдарды кептірудің және күйдірудің негіздері
Керамикалық бұйымдарды өндіру мынадай негізгі процестерден тұрады: балшықты карьерден қазып алу, массаны дайындау, оны бұйым формасына келтіріп қалыптау, кептіру жəне күйдіру.
1. Балшықты массаны дайындау. Карьерден алынған балшықтың иленгіштігін арттыру үшін түрлі дайындау процестерінен өткізіледі. Мысалы, алынған балшықты бір жыл ашық ауада ұстайды. Осы уақытта ауа райының құбылыстарына тап болған балшық өздігінен уатылып, элементтік бөлшектеріне бөлінетіндіктен, оның иленгіштігі өседі. Осы мақсатпен балшықты оның құрамында кездесетін қоспа – тас (құм) түйіршіктерден механикалық немесе гидравликалық əдістермен ажырату да қолданылады. Бұл үшін балшық тасты бөлек шығаратын винтті біліктерден өткізіледі немесе сумен араластырылып суспензия (шликтер) дайындалады да, електен өткізіледі (0,5 мм-ден жоғары түйіршіктер електе қалады). Ол 18-22 немесе 8-10% ылғалдылыққа дейін (бұйым өндіру үшін балшықты қалыптау əдістеріне байланысты) кептіріледі (кептіргіште бүркіп тозаңдату арқылы). Балшықты ылғалдау үшін су орнына бу қолданылса, ленталық престің өнімділігі асады. Оған кететін электр қуаты 10-15%-ке кемиді, өйткені бу массаға терең тарап, суға айналады. Осының салдарынан балшық біркелкі, түгел ылғалданады. Буды қолданғанда масса 50оС-қа дейін қызып, бұйымдарды кептіру уақыты қысқартылады
Жартылай құрғақ қалыптау əдісі бойынша ылғалдылығы 8-10% балшық пресс-ұнтақ (шихта) түрінде престе үлкен (15-40 МПа) қысымымен тығыздалып қапталады. Пресс-ұнтақ шликерлік немесе кептіру-ұнтау əдістерімен дайындалады.
2. Қалыпталған бұйымдарды кептіру. Бұйымдарды күйдіргенде біркелкі шөгуі (отыруы) жəне шытынамауы үшін оларды күйдірер алдында ылғалдылығы 5%-тен аспайтындай етіп кептіру (90оС-та) қажет. Бұл туннельді немесе камералы кептіргіштерде өтеді. Туннельді кептіргіште (ұзындығы 50 м дейін) вагонеткаларға тиелген бұйымдар берілген жылдамдықпен үздіксіз жылжып отырады. Вагонетканың жылжу бағытына қарама-қарсы ыстық (120-150оС) ауа немесе пештен шығатын газ беріледі. Туннельді кептіргіште бұйымды кептіру ұзақтылығы – 16-36 сағат.
3. Бұйымдарды күйдіру. Күйдіру – керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы процесі. Күйдіру əсерінен олардың құрылымы мен басқа да техникалық қасиеттері құралады. Кірпіш пен басқа да кеуекті бұйымдарды күйдіру процесі əдетте 950-1000оС-та аяқталады. Температура одан əрі көтерілсе, балқыған силикаттардың – сұйық ерітіндінің пайда болуы мен оның көбеюін тез интенсивтендіреді (жылдамдатады). Бұл ерітінді балшықтың бөлшектерін байланыстырып қана қоймай, керамикалық материалдарды (бұйымдарды) тығыздайды (су сіңіргіштігі 5%-тен төмен). Сұйық ерітінді көбейсе – ол артық күйдірілгеннің белгісі, бұйым қалпынан айырылады, оның бет жағы түгел балқиды. Ал күйдірілуі жетпесе, ол пісу процесінің толық бітпегенінің белгісі. Бұл жағдайда кірпіштің түрі қызыл емес, ал қызыл болып, беріктігі, суға, аязға төзімділігі төмендейді.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыздар.
2-тапсырма. Сөздікті қолдана отырып, мәтінде кездескен кәсіби ұғымдар мен терминдердің түсіндірмесін дәптерге жазыңыздар.
3-тапсырма. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіздер. Әр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен толықтырыңыздар. Мәтінге түйіндеме жазыңыздар
4-тапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Бетон. 2. Темірбетон. 3. Коррозия. 4. Смета. 5. Инженер-технолог. 6. Құрылысшы.
Бақылау сұрақтары:
Керамикалық бұйымдар түсінігі?
Керамикалық бұйымдарды өндіру процесстері?
Керамикалық бұйымдарды кептірудің және күйдірудің негіздері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
2 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Барлық кредит саны – 2. Практикалық сабақ – 30, оқытушы басқаруымен білімалушының өздік жұмысы – 15, білімалушының өздік жұмысы – 45 сағат. Барлығы – 90 сағат.
Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі, БОӨЖ уақытын қоса есептегенде. Аудиториялық БОӨЖ уақытында сіздердің практикалық сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау кезінде туынданған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
Сонымен қатар аптасына 1 рет, кафедрада бекітілген график бойынша жекелей немесе топпен консультация түрінде БОӨЖ сабағын өткіземін.
Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде сіздер менің көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған тапсырмалар түрлері төменде көрсетілген.
Студенттің өздік жұмысының тақырыптары:
Қазіргі замандағы ғылымның рөлін қазақ тілінде баяндау.
«Менің мамандығым» видеопрезентация дайындау.
«Мамандық саласындағы соңғы жетістіктер» видеопрезентация дайындау.
Өз мамандығы бойынша болашақ қызметі туралы баяндау.
Мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру: атау, сұрақ және тезис түріндегі жоспар.
Мамандығы бойынша таңдап алған кәсіби мәтінге аннотация жазу.
Мамандығы бойынша таңдап алған мәтінге аударма жасау, аудармаға талдау жүргізу.
Сәулет-құрылыс саласындағы қазақ тіліндегі әдебиеттерге шолу.
Сәулет-құрылыс саласындағы ғалымдардың еңбектерінен конспект жасау. Техникалық терминдерге аударма жасау.
Глоссарий дайындау (құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру мамандықтарына қатысты).
Өздік жұмыстар 1-рейтинг уақытында 4 және 6 апталарда, 2-рейтинг уақытында 11 және14 апталарда орындалуы тиіс. Өздік жұмыстардың максималды балл саны – 50 балл.
Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады. «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» пәнін оқытуда екі аралық бақылау өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1-7 апталарда – 300 балл.
2-рейтинг қорытындысы бойынша 8-15 апталарда – 300 балл. Семестрдегі жалпы балл саны – 600.
Уақытында өткізілмеген тапсырмаларды 8-ші және 15-ші апталарда өткізуге болады. Егер студент сабақты себепсіз босатқан болса, оқытушы қойған баллдың 60% алады.
Глоссарий
Асбест — талшық құрылымдағы минерал, химиялық құрамына сәйкес магний мен темірдің және көбінесе кальций мен натрийдің гидросиликаты болып табылады.
Ағаш материалдары (лесоматериалы) - ағаш материалдар, жанынан және бөлу бойлық арқылы оның табиғи физикалық құрылымын және қураған ағаштар алынған химиялық құрамы, қамшылар және консервіленген.
Әктастар (известняк) — шөгінді тау жыныстары; негізінен, кальциттен СаСO3 тұрады.
Бетон - байланыстырғыш қалыптастыру және бекіту ұтымды таңдалған және тығыздалған қоспасының нәтижесінде алынған жасанды тас құрылыс материалдары, ірі және шағын агрегаттары, су. Кейбір жағдайларда, арнайы қоспалар, сондай-ақ, су тегін тұрады болуы мүмкін.
Ғимарат (здание) - сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй.
Ерітінді (раствор) - (кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер.)
Жабындық материалдар (кровельные материалы) — үй және құрылыс төбесін жабу үшін қолданылатын материалдар. Олар силикатты, органикалық және металл материалдардан жасалып, қатты не жұмсақ болып бөлінеді.
Жабынқыш (черепица) - күйдірілген саз немесе цементті-құмды тығыз ертіндіден жасалған төбе жапқыш кіші бөлшектенген материал.
Жарыққа төзімділік (светостойкость) - Пигменттің ультракүлгін сәулелер әсерінене өз түсін жоғалтпай сақтау қабылеті.
Жылтыр сыр (лак) - Органикалық ерітінділердегі синтетикалық және табиғи шайырлардан тұратын қабыршақтандыратын ерітінді.
Жылтыр бояу (эмаль) - Пигментің лактағы суспензиясы.
Заттық құрам (Вещественный состав) - Заттарды құрайтын химиялық элементтер жиынтығы.
Инфрақұрылым (инфраструктура) — экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы.
Керамика - қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер,боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар.
Кендір май (олифа) - Ауа оттегімен тотығу арқылы кебетін, өсімдік майларын қайта өңдеу жолымен алынған табиғи байланыстырғыш.
Көтергіш (подъёмник) - жүкті көтеру және жылжыту (тасымалдау) процесін циклмен атқаратын жүк көтергіш машина.
Қағаз өнеркәсібі (бумажное производство) — ағаш өңдеу және химиялық өңдеумен байланысты ең күрделі саласы орман кешені.
Құрылыс материалдары (строительные материалы)- үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.
Құрам (состав) – Материалды құрастыратын заттардың немесе дайын бұйымның сапалық және сандық сипаттамасы.
Линолеум — еденге төсейтін материалдардың бірі. Ол тазалық сақтауға қолайлы, берік, оңай жуылады, түрі есем.
Материалтану (материаловедение) – Құрылыс материалдарының құрамы, құрылымы және қасиеттерін және олардың өзара байланысын, физико-химиялық, физикалық, механикалық әсерлерден өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Мәрмәр (мрамор) - метаморфтық тау жынысы. Негізінен кальцит пен доломиттен құралады.
Металл (металл)- Мұндай жоғары жылу және электр өткізгіштігі сияқты тән қасиеттері бар металл қарапайым заттардың түрінде элементтерін тобы, қарсылық оң температуралық коэффициент, Икемділік жоғары, құю, және металл жылтырлығы.
Механикалық өңдеу (механическая обработка) - кескіш, жаттығулар, майдалау және басқа да құралдарын пайдалана отырып кесу механикалық әсерден болат және басқа да материалдардан жасалған өнімдерді өңдеу. Сэм өңдеу процесінде сәйкес белгіленген тәртіпте, станоктар бойынша жүзеге асырылады.
Минералдық құрам (минералогический состав) - Табиғи немесе жасанды (химиялық) қосылыстар (минералдар) жиынтығы.
Паркет - ағаш түрі. Паркет моделі түріне байланысты бөлінеді: бір бөлігі паркет, панельдер және инкрустелген.
Сырғыма баспалдақ (пандус) -(мүгедектерге арналған пандус.
Темір-бетон (железобетон) - бетон және болат тұратын композициялық материал құру.
Тиегіш (погрузчик) - (айыр немесе басқа да жұмыстық құрылғылар көмегімен әртүрлі жүктерді көтеру, қозғалту, түсіру, тиеу, қоймалау (штабельдеу) үшін арналған қоймалық едендік арнайы көлік құралы.)
Төзімділік (стойкость) – Материалдың ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне қарсыласу қабілеті: ауа, булар, сулар, температура мен ылғалдық, аяз бен судың, қышқылдар мен сілтілердің, т.б.
Төле, ірге (цоколь) - үйдің не құрылыстың сыртқы қабырғасының төменгі бөлігі.
Химиялық құрам (химический состав) - Заттарды құрайтын тотықтар жиынтығы.
Фаянс — кеуек құрылымды түсі ақ керамикалық материал.
Цeмент (цемент) - гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.
4 Әдебиеттер тізімі
4.1 Негізгі әдебиет:
4.1.1 Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
4.1.2 Жақсылықова К.Б. Кәсіби қазақ тілі (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына) / К.Б. Жақсылықова. – Алматы. 2013.-255 б.
4.1.3 Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір. 2012.-254 б.
4.1.4 Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
4.1.5 Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Полимерлік және гидроизоляциялық материалдар оқу құралы.– Алматы: ИздатМаркет. 2006.- 84 б.
4.2 Қосымша әдебиет:
4.2.1 Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери-кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.
4.2.2 Пфейфер Н.Э., Абыкенова Д.Б., Токсанов С.Н. Кәсіби қазақ тілі (сәулет және дизайн): электрондық оқу курсы.– Павлодар: Қ.И. Сәтпаев атындағы ПМУ, 2012.–259 б.
4.2.3 Ғаламтор. Халықаралық құрылыс және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру салаларымен айналысатын ұйымдар сайты.
4.2.4 Шынтаева Н.С. Қазақ тілі (Жоғары деңгейге арналған оқылым
бойынша мәтіндер жинағы). - Алматы: ҚазБСҚА, 2005. - 43 б.
4.2.5 Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
4.2.6 Төлеуп М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту: оқу құралы. - Алматы, 2005.
4.2.7 Қазақша-орысша сөздік /50 мыңға жуық сөз / – Алматы: Дайк – Пресс, 2002.
4.2.8 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі /10 томдық/. – Алматы, 1986.
Достарыңызбен бөлісу: |