1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.
3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағыналық бөліктерге бөліңіздер. Әр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен толықтырыңыздар. Мәтінге түйіндеме жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары:
Полимер материалдары туралы түсінік, полимерлерді алудың негізгі әдістері.
Полимер мтаериалдардлың құрылыста қолданылуы?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
Практикалық сабақ № 11
Тақырыбы: Ағаш материалдар.
Жоспары:
1. Ағаш құрылыс материалдары.
2. Ағаштың құрылыс материал ретіндегі негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Ағаш құрылыс материалдарының түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;
Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Ағаш материалдар.
Кұрылыста көбінесе ағаштың қылқан жапырақты түрлері қолданылады. Біріншіден, олар көп, мысалы бұрынғы КСРО орманының 3/4. Олардың ішінде ең көп тарағаны – қарағай, ол орманның 1/4 құрады. Екіншіден, олардың сапасы жақсы, діңі тура, əрі ұзын. Бұл ағаштардан бөрене кесінді материалдар мен ағаш бұйымдарының басқа да түрлері жасалынады. Қазіргі уақытта жапырақты ағаштарды құрылыста 10%-тен кем қолданбау Жоспарыланып отыр.
Ағаштың беріктігі мен серпімдігі жоғары, тығыздығы жəне жылу өткізгішті төмен, аязға төзімді, суда жəне жасанды полимерлерді еріте алатын органикалық ерітінділерде ерімейді, оңай өңделеді (кесіледі, сүргіленеді, бұрғыланады, қашалады, бұрғыланады) желіммен немесе желімсіз, үңгіме арқылы не шегемен ұштастырылады.
Ағаштың негізгі кемшіліктері – суды көп жұтатындығы, шіруге бейімділігі, отта оңай жануы, əртүрлі бағытта физика-механикалық қасиеттерінің біркелкі еместігі. Ылғалдан, т.б. зиянды орта əсерінен қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак немесе сыр жағылып не басқа химиялық заттар сіңіріледі. Антипирендер сіңіру – оттан қорғайтын сырмен сылау арқылы ағаштың отқа төзімдігін арттыруға болады.
Бөренелер дегеніміз – бұтақсыз, қабығымен бірге, не қабықсыз кесілген ағаш. Жоғары жағының жуандығына (диаметріне) байланысты бөренелерді: ірі (26 см-ден кем емес), орташа (14 - 24 см аралығында) жəне уақ (8-13 см) деп бөледі. Олар қолданылатын орнына орай: құрылыста тікелей пайдаланалатын жəне кесінді материалдар өндіру үшін қолданылатын деп топтастырылады. Кұрылыста тікелей қолданылатын бөренелерді (діңдерді), тұқымы қылқан жапырақты ағаштардан жасайды. Олар сырттан түсетін салмақты көтеру, күшке кедергі көрсету үшін пайдаланылатын қадалар, телеграф бағаналары, көпір жəне су, техникалық құрылыстарда қолданылатын конструкциялардың элементтері ретінде өндіріледі.
Кесінді материалдары. Бөренені ұзынынан кесіп өндірілетін материалдарға – брустар, тақтайлар, брусоктар, шпалдар, т.б. жатады.
Брустар деп – төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де (қалыңдығы мен ені) 11 см-ден кем емес материалдарды атайды. Олар төрт жағынан кесілген – төрт (оңалы) немесе екі қарама қарсы жағынан кесілген екі оңалы болып, көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан өндіріледі.
Тақтайлар – қалыңдығы 100 мм жəне одан жұқа, ал ені қалыңдығынан 3 еседен көп кесінді материал.
Брусок – оның да қалыңдығы 3 еседен көп емес, яғни ені тақтайлардың енінен аз материал.
Шпалдарды да брус сияқты немесе 2 канины етіп жасайды. Олардың ұзындығы кең табанды теміржол үшін 2,5-2,7 м, ал тар табанды теміржол үшін 1,35 - 1,8 м. Ағаш бұйымдарының басқа түрлері.
Сүргіленіп, шпунтталған тақтайлар бір қыры өзектелген (ойықталған), ал екінші қыры – жоталанған (қырқаланған). Осылар арқылы бұл бұйымдар өзара тығыз жапсараланады да, еден мен бөлмеаралық қабырға жасауға жəне төбені, сыртқы қабырғаны тыстауға қолданылады.
Фрезреленген (белгілі бір үлгі бойынша жонып тегістелген) бұйымдар еден мен ірге (қабырға) арасындағы саңылауды бастыра шегеленетін жіңішке тақтай-плинтус, терезе мен есік қораптарының жақтаулары, маңдайшалар, басқыш шарбағының (қоршауының) тұтқасы, т.б.
Паркет (франц. раrguet) дегеніміз – еден төсеуге арналған қысқа, əрі жіңішке өзегімен жотасы бар тақтайша не осындай тақтайшалардан қилыстырып (жапсарлап) төселген еден. Паркет төзімді, жылу мен дыбысты аз өткізеді, түрі əдемі. Көбінесе паркет үшін қатты ағаш (емен, үйеңкі, қайың, т.б.) түрлері пайдаланылады. Паркет құрылыста дана (жөке) тақтайшалар немесе тақта (шит) паркет түрінде қолданылады.
Столярлық құрылыс бұйымдары – терезе мен есік блоктары құрылыс орындарына: жақтаулары, полотносы сырланып, əйнектерін орнатылып дайын түрінде жіберіледі.
Фанер (нем. furnier, аhtyw, fоnznir – беттесіру) – үш не одан да көп шпондарды – ағаштан жұқа парақ түрінде өндірілетін өнімді бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын материал. Фанер жасау үшін көбінесе қайың, емен, əртүрлі қарағай, т.б. тұқымды ағаштар пайдаланылады. Фанердің қалыңдығы 1,5-18 мм, ені мен ұзындығы 1525-2400 мм.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.
3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Технология строительного производства. 2. Производство строительных материалов. 3. Строительные материалы из дерева. 4. Строительство городов. 5. День строителя. 6. Керамические строительные материалы.
4-тапсырма. Сөз тіркестерін орысша баламасымен сәйкестендіріңіздер.
-
Столярные строительные изделия
|
Іргетастар мен негіздер
|
Теплоизоляционные материалы
|
Әрлеу материалдары
|
Фундаменты и основания
|
Байланыстырғыш заттар
|
Отделочные материалы
|
Құрылыс алаңы
|
Строительная площадка
|
Столярлық құрылыс бұйымдары
|
Вяжущие вещества
|
Ғимараттар мен үймереттерді сынау
|
Испытания зданий и сооружений
|
Жылуизоляциялық материалдар
|
5-тапсырма. Мәтіннен Сіздер үшін бұрыннан белгілі және жаңа ақпараттар берілген абзацтарды жеке-жеке белгілеп, әрқайсысына сұрақтар дайындап, өзара сұхбат құрастырыңыздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ағаш құрылыс материалдары дегеніміз?
2. Ағаштың құрылыс материал ретіндегі негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Ағаш құрылыс материалдарының қандай түрлерін білесіздер?.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
Практикалық сабақ №12
Тақырыбы: Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар.
Жоспары:
Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар, олардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Берілген лексикалық тақырыптың мазмұнын ашып, түсініп мейлінше академиялық білімдерін арттыру;
Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар түрлерімен танысу, жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Гидроизоляциялық материалдар пленка (жұқа қабық), мастика, лакталған жəне сырланған түрінде қолданылады. Пленкалы түрлері негізінде полиэтилен, поливинилхлорид полмерлерінен экструзия үздіксіз сығып шығару немесе басқа əдіспен қалыңдығы 1 мм дейін болып өндіріледі. Мысалы полиэтиленді рулондық пленка ұзындығы 160 м дейін, ені 800-1400, ал қалыңдығы 0,06-0,2 мм, тығыздығы 0,9 г/см3 , -600С-тан +800С аралығында пайдалануға болады. Поливинилхлоридті пленканың созуға беріктігі 10-І5 МПа, үзілгенде салыстырмалы ұзаруы (100-300).
Пленкалар – плотинаның фильтр арқылы су өткізуіне қарсы экран (жабық) жəне су қоймаларының, суару каналдарының су өткізбейтін жабындығы ретінде, үйлерді, ғимараттарды топырақ ылғалынан, жерасты суларынан қорғау, қатайып жатқан бетондарды ылғалсыздандырмау жəне қалыптарды тыстау, т.б. жұмыстарда қолданылады.
Герметиктер – құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара қиылысқан жері ылғал жəне ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар мастикалы, погонажды жəне жапсырмалы болады. Мысалы, бутилкаучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның əсеріне иілімді резеңке сияқты зат түзеді. Погонажды: герметиктер əдетте кеуекті немесе қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған əртүрлі қойылымды ширақ бұрау (пороизол), гернит т.б.). Оларды қолдану тиімді болу үшін жапсарға ендіргенде, олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздерді теріп жазып, танысыңыз.
3-тапсырма. Шатырлық жұмыстар, әрлеу материалдары, құрылыс процесстері, құрылыс сметасы, жобаланатын нысан сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
4-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағыналық бөліктерге бөліңіздер. Әр бөлікке тақырып беріп, мазмұнын қосымша ақпаратпен толықтырыңыздар.
Бақылау сұрақтары:
Шатырлық құрылыс материалдары?
Гидроизоляциялық құрылыс материалдары?
Герметикалық құрылыс материалдары?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Кулибаев А.А., Бишімбаев У.Қ., Қасымов Е.О. Полимерлік және гидроизоляциялық материалдар оқу құралы.– Алматы: ИздатМаркет. 2006.- 84 б.
Практикалық сабақ №13.
Тақырыбы: Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар.
Жоспары:
Жылуизоляциялық материалдар және олардың түрлері.
Акустикалық материлдар және құрылыста қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар туралы мәлімет беретін мәтінмен танысу, жаңа сөздерді жаттау.
Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар.
Жылу өткізбейтін деп – жылуөткізгіштігі аз үйлерді, басқа да ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды, жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды айтады. Жылу өткізбейтін материалдың жылуөткізгіштік коэффициенті – 0,18 Вт/м°С-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600кг/м3 - нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ, əрі ылғал тартпайтын болуы қажет. Өйткені материал ылғалданса, жылуөткізгіштігі өседі, ал егер ол органикалық материал болса, шіруі де мүмкін.
Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте көп. Пайдаланатын шикізатына қарай олар: органикалық жəне бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. 1-топқа: ағаш талшықтары мен жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сəйкесінше ДВП – древесно-волокнистые) ДСП – древесно- стружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар, қамыстан істелінген тақталар, т.б. жатады. 2-топқа көп тараған топқа минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) мен одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т.б. жатады. 2-топқа қарасты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы, қазандарды) жабу үшін қолданады.
Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар: дана жəне сусымалы болып бөлінеді. Дана бұйымдар – тиісті форма (өлшем) беру, яғни қалыптау арқылы жасалынады. Сусымалы материалдар талшық не түйір ретінде өндіріледі.
Сығылуға қабілеттілігі бойынша жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар қатты, қатаңдығы жоғары қатаң, жартылай қатаң жəне жұмсақ болып бөлінеді. Бұл материалдар мен бұйымдардың үлгілеріне Құрылыс материалдары 231 2000 Па жүк түсірілгенде, олардың салыстырмалы деформациясы 30%-тен жоғары болса, оларды жұмсақ (Ж), сығылуға қабілеттілігі 6- 30% аралығында болса, жартылай қатаң (ЖК), салыстырмалы деформациясы 6%-тен көп емес болса қатаң (К) деп атайды. Егер сынағанда жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар 4000 Па жəне 10 кПА жүк түсірілген болса жəне олардың сығылуға қабілеттілігі 10 %-тен көп болмаса, онда оларды сəйкесінше, қатаңдығы жоғары немесе қатты деп атайды.
Шу – денсаулыққа зиян, ол нормадан жоғары болса, адамның психикасын нашарлатып, өндіріс өнімін төмендетеді (шу 1 децибелге көбейсе, өнім 1% - ке азаяды). Децибел (дб) шегі өндірістік ғимараттарда – 80-85, əкімшілік ғимараттарда – 38-71 ауруханаларда – 13-51, түрғын үйлерде – 40-60 дб болуы қажет. Түрғын үйлер мен ғимараттар, шудың қайдан пайда болғанына байланысты қорғалынады. Егер шу музыка аспаптары, теледидар, т.б. жабдықтар жұмысынан ауада таралған дыбыс толқындарынан пайда болса, оны – ауалық шу дейді. Үйдің, басқа да ғимарат конструкциясын ұрғанда, мебельді жылжытқанда, жабдық құрал дірілінен пайда болатын шуды – ұру шуы деп атайды. Ауаның шуға қарсы, шағылған дыбыс толқындарының энергиясын азайту үшін, яғни үй ішіндегі шуды төмендету үшін дыбыс жұтқыш материал қолданылады.
Дыбыс жұтқыш материалдар ретінде – бейорганикалық жəне органикалық талшық құрылымды минерал мақталы жəне ағаш талшықты плиталар (тақталар) маттар, рулондар, акустикалық фибролит (маркалары Ф-400 жəне Ф-300, қалыңдығы 30 мм), тесіктелінген асбестцемент тақталар мен кеуекті толтырғыштары (перлит, вермикулит т.б.) бар құрылыс ерітінділері қолданылады. Дыбыс өткізбейтін материалдар қабатаралық жабынға, бөлмеаралақ жəне сыртқы қабырғаларға төсем ретінде қолданады.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздерді теріп жазып, жаттап алыңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.
1. Жылу өткізбейтін материалдар. 2. Дыбыс жұтқыш материалдар. 3. Органикалық материалдар. 4. Ағаш материалдар мен бұйымдар 5. Металл конструкциялар. 6. Гипсті материалдар.
3тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.
Развитие современного жилищного и промышленного строительства неразрывно связано с созданием и повышением качества теплоизоляционных и акустических материалов. Благодаря этому свойству их применяют для тепловой изоляции зданий и сооружений, а также промышленного оборудования, что позволяет резко снизить массу конструкций, добиться наиболее экономичного использования материалов и затрат при сооружении зданий, рационально использовать энергетические ресурсы. Применение в строительстве облегченных кирпичных стен с эффективными утеплителями взамен сплошной кирпичной кладки позволяет сократить в 2,0— 2,5 раза потребность в кирпиче, цементе, извести, до 30%—стоимость стен, в 3 раза — массу конструкций, а также транспортные расходы. Эффективные теплоизоляционные материалы дают возможность создавать легкие стеновые панели (40—60 кг на м2), а также различные варианты конструкций легких покрытий.
Многие теплоизоляционные материалы могут одновременно служить для теплозащитных и акустических или только акустических целей в ограждающих конструкциях зданий. Снижепие уровня шума осуществляется за счет использования звукопоглощающих или звукоизолирующих материалов. Особую группу составляют декоративные звукопоглощающие плиты различной степени жесткости на основе минеральной ваты или стеклянного волокна с использованием органических (синтетических) связующих. В строительстве успешно применяют звукопоглощающие изделия с тонколистовым акустическим прозрачным экраном и волокнистым звукопоглотителем, теплоизоляционные и акустические изделия из супертонкого базальтового волокна, имеющего лучшие по сравнению со стекловолокном показатели теплостойкости.
Бақылау сұрақтары:
Жылуизоляциялық материалдар және олардың түрлері.
Акустикалық материлдар және олардың түрлері.
Жылуизоляциялық және акустикалық материалдардың құрылыста қолданылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Практикалық сабақ №14
Тақырыбы: Әрлеулік материалдар.
Жоспары:
1.Әрлеулік материалдар түсінігі.
2 Әрлеулік материалдар түрлері, олардың құрылыста қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Лексикалық мәтінге толық талдау жасау, жаңа сөздерді жаттау;
Жаңа терминдерді кәсіби тәжірибеде қолдануға дағдылану.
Әрлеулік материалдар.
Өңдеулік материалдар – құрылыс ғимараттары мен конструкцияларына өң, рең, апсар беретін жəне оларды коррозиядан қорғайтын материалдар. Оларға – ішкі-сыртқы қабырғаларды тыстайтын жəне еденге төселетін табиғи таужыныстарынан өндірілетін тақталар, керамикалық плиталар (тақтайшалар) өңдеулік шыны мен пластмассалар, металл, ағаш, т.б., конструкцияларды, бұйымдарды сырлайтын сырлар, лактар жатады.
Сырлар – тұтқыр-сұйық күйінде конструкциялардың бетіне жұқа етіп жағылып, бірнеше сағаттан кейін бетпен берік байланысқан біркелкі, ешқандай сызатсыз, көпіршіксіз қабат беретін қоспалар. Сырлардың құрамына – жұқа берік қабат түзетін байланыстырғыш заттар, еріткіштер, бояулар, толтырғыштар, пластификаторлар, сұйылтқыштар, сиккативтер (көптіргіштер) кіреді. Сырлар мен лактарды қажетті тұтқырлыққа (қоюлыққа) жеткізу үшін жұқа қабат түзетін заттарды ерітетін еріткіштер ретінде: ацетон, скилидар, бензол, т.б. пайдаланылады.
Сұйылтқыштар – қабыршақ құрайтын заттарды ерітпейді, тек бояғыш құрамының, яғни сырдың тұтқырлығын азайтып, оның бұйым бетіне ыңғайлы (оңай) жағылуын қамтамасыз етеді. Мысалы, қою түрінде сатылатын майлы сыр, олифпен сұйылтады. Сиккативтер ретінде марганец, кобальт, майлы органикалық қышқылдардың тұздары пайдаланылады. Сиккативтер, майлы жұқа қабаттардың кебуін тездетеді.
Лактар – жұқа, мөлдір қабат түзетін заттардың органикалық еріткіштердегі ерітінділері. Эмальдар – бұйымдардың бетін əсемдеу Құрылыс материалдары 242 үшін лакқа бояу қосып пайдаланалатын құрамдар. Өсімдік майларында тараған пигменттерді – майлы сырлар (бояулар) дейді.
Бояулар (пигменттер) дегеніміз – байланыстырғыш (қабыршақ түзетін) заттарда, еріткіштерде ерімейтін, бірақ олармен біркелкі араластырғанда түрлі-түсті сырлар құратын ұнтақтар. Бояуларды – минералдық жəне органикалық деп екі топқа бөледі. Оның ішінде минералдық пигменттер – табиғи жəне жасанды болып бөлінеді. Табиғи минералдық бояуларды, мысалы қызыл, қоңыр, сары түсті сəйкесінше сурикті (мумияны), умбраны, охраны өндіру оңай. Ол үшін бір шаршы сантиметрге қажетті мөлшерде (900-10000) тесіктері бар елеуіштерден өткізеді. Жасанды минералдық бояулар зауыттарда, кейде күрделі процестер қолдану арқылы өндіріледі. Мысалы, ақ түсті пигменттер титанды ақ, мырышты ақ, қорғасынды ақ, сəйкесінше екі оксидті титан, мырыш оксидінің жəне қорғасынның негізгі карбонатының ұнтақтары түрінде өндіріледі.
Органикалық бояулар – анилинн, т.б. көмірсутектерден (нафталинен, антраценнен) тұндыру əдісімен алынады. Олар түстері жарық, əдемі қызғылт, күрең сары, көгілдір, күн сəулесіне əжептəуір берік, өңдеу мен əктеу əсеріне берік пигменттер. Сондықтан, бұл бояулар ізбесті сырларда, мысалы, үй ішін жөндеуге қолданылады.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жаңа сөздерді теріп жазып, жаттап алыңыз.
2-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.
Отделочные материалы. Материалы, применяемые для отделки строительных конструкций и сооружений, домов и квартир, должны защищать их от воздействия окружающей среды, придавать завершающее архитектурное оформление, создавать особые санитарно-гигиенические условия, уменьшающие запыление, загрязнение, увлажнение, защиту от шума и др.; обеспечивать возможность восстановления поверхности отделки. А также отвечать эстетическим запросам владельца здания, дома, помещения. И в конце концов - удовлетворять типовому архитектурному стилю, принятому в данной местности. Во всем мире резко увеличивается объем производства отделочных материалов, расширяется ассортимент, повышаются качество и выразительность, столь необходимые современному городу, общественным зданиям и жилищу.
3-тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, өзара сұхбат құрастырыңыздар.
4-тапсырма. Өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғимараттың сыртқы бетін өңдеу үшін қандай материалдар қолданылады?
2. Өңдеу материалдарына қойылатын талаптар.
3. Құрылыстық бояу құрамының негізгі пигменттері.
4. Полимерлі бояу құрамы. Лактар. Эмальдар. Олардың қасиеттері жəне қолданылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Исаханов Е. Құрылыс терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.- Алматы: Ана тілі.-2005.- 112 б.
Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық/ Г.Т. Тұрсынова.- Алматы: Дәуір.2012.-254б.
Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.
Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі оқу құралы/ С.С. Үдербаев.- Қызылорда: Тұмар. 2007.-206 б.
Жакупова А.О. Қазақ тілі (Құрылыс мамандықтарына арналған). -
Алматы: ҚазБСҚА, 2006.-43 б.
Практикалық сабақ №15
Тақырыбы: Сазтану негіздері. Керамикалық бұйымдарды кептірудің және күйдірудің негіздері
Жоспары:
Керамикалық бұйымдарды өндіру, оларды қалыптау, кептіру және күйдіру процестері.
Достарыңызбен бөлісу: |