18 билет 1 сұрақ. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негізделген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді. Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтала бастады. Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материялын логикалық дұрыс бере білу ұйыдаструдың анық бере білу ұйымдастырудың анықтылығы; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушлардың бір–бірімен қатынастардан изоляциялау, оқшаула, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық !немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс–әрекетінің нашарлығы; оқушыларға орташа өшеммен қарау, индивидуальді оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабқтарда материялдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ол ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.