2 сұрақ.Бағдарламалап оқыту технологиясы,принциптері,оған қойылатын талаптар
3 сұрақ.Модульдік оқыту технологиясы,оның құрылымындағы қорытынды бөліміндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері Модульді оқыту идеясының пайда болуын шетел зерттеушілері 1960 жылдың аяқ кезі мен 1970 жылдың бас кездеріне саяды. Америкалық психолог С.Н. Послезвайт оқыту мазмұнының бірлік тұжырымдамасын жасаған. Осы тұжырымдама бойынша автор оқу материалдарының өте шектеулі мөлшерін «автономды бірлік» деп санай отырып, оны еркін әр түрлі сабақ бағдарламаларына кіріктіре алуға болады деп ұсынды. С.Послезвайт оны шағын курстар деді. Алғашқы шағын курстар 1970 жылдары АҚШ-тың университеттері мен колледждеріне енгізе бастаған. Ол модульді оқытудың бір түрі бола оқу бағдарламасы мынандай пакеттерден тұрады: «оқу пакеті», «меңгеру пакеті» және «жеке оқыту пакеті». Модульді оқыту Англия, АҚШ, Швейцария, Канада және тағы басқа шетел мемлекеттерінің кәсіби білім беру оқу орындарында кеңінен таралған. Ресейде модульді оқытудың алғашқы белгілері 1920 -1930 жылдары Еңбек институты орталығы(ЦИТ) жасаған кәсіби оқыту тұжырымдамасында модульді принципке негізделген еңбек процесіндегі қарапайым операциялар мен жүйелі қозғалыстарды бөлу керектігін жүзеге асыру ұсынылған. Яғни, қысқа мерзімде арнайы оқу материалдарын меңгере отырып, оның іскерлігін дағдыландыру жаттығуларын орындап, мамандану бойынша курстармен аяқтау болып табылды. Сол жылдары бір жарым миллион жұмысшы жастар 400 оқу базасында 200 мамандық бойынша білім алған.
Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. Ол модуль деп - білім алушылардың әрекетін бірізділеу және оқу материалының тұжырымды бөлігін қамтыған оқу жиынтығы (пакет) дейді. ЮНЕСКО - ның тезаурусында модульді оқытудың бірнеше туынды балама ұғымдары бар: модульді әдіс, модульді жол, модульді дайындық.Ол технология идеясының негізі мынада болды:
- бағдарламалаудың аралас болуы;
- оқу материалының блокты берілуі;
- тікелей және кері байланыс;
- бақылау мен өзіндік бақылаудың ұштасуы.
ТМД елдерінде модульді оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И. Шамова, ЕА.Ермоленко және т.б.
Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді кӨздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына кӛмектеседі. Технология жобасындағы негізгі нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушылардың Өзін өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.