Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет № 2 1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері



бет2/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары
Билет № 2


1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері
2. Ш.А.Амонашвили технологиясының жіктемелік көрсеткіштері
3. Интерактивті әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану
1. 1-билеттің 1 сұрағы

  1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)

Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
Ÿ жазу-сөйлеу қарекеті;
Ÿ математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
Ÿ әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
Ÿ өзге тілді меңгеру;
Ÿ рухани жетілу т.б әдістері;
Ÿ ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
Ÿ оқыту арқылы тәрбиелеу.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили бойынша). Білім беруді ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш. А. Амонашвили. Мақсаты: баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Ерекшеліктері:

  1. ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

  2. бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлы- ғын қалыптастыру;

  3. əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;

  4. рухани жетілдіру;

  5. ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;

  6. ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

  7. оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.

3. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз оқытушыларға көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет