Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов технологиясының жіктемелік сипаттамалары.Мақсаттары.Принциптері



бет7/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары
2.Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов технологиясының жіктемелік сипаттамалары.Мақсаттары.Принциптері.
Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету, тек, оқушының өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:
1. Үлгіні көрсету.
2. Түсіндіру.
3. Бағалау, бақылау.Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, білім алушыға оқыту және т.б. Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы – түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталуы керек. Оқушыдан тиянақты тыңдап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.Бұл үшеуі де дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде болады.
3.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларын қолдану. Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. АКТ дегеніміз – белгілі бір күткен нәтижені алу үшін ақпаратты қолдану, тапсыру, сақтау, өңдеу, автоматтандырылған әдістер, амалдар, құралдар жиынтығын көрсететін информатиканың ғылыми аясындағы қолданбалы бөлігі.Білім беру жүйесіндегі АКТ мақсаты:ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу; білім беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жағдай туғызу. Математика сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға, сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндіктер ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет