Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


Билет № 3 1. Технологияларды кластарға бөлу. Білім беру технологияларының жіктелуі



бет3/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

Билет № 3

1. Технологияларды кластарға бөлу. Білім беру технологияларының жіктелуі
2. В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясының ерекшеліктері
3. Математика пәнінде интерактивті тақта қолдану

1. Технологияларды кластарға бөлу. Білім беру технологияларының жіктелуі
Білім берудегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі оқу үдерісінің білімдік мақсаты мен міндеттерін іске асыру және жеке тұлғаны дамыту екендігін ғалымдар педагогикалық-психологиялық негіздерін анықтап, оларды философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Педагогикалық технологиялар оқушыларға нәтижелі білім беруге бағытталған тиімді құрал болуымен қатар, мұғалімді де сапалы қызметке, нақты нәтижеге жетелейтінмеханизм болып табылады Ең бастысы оқыту үдерісінде қолданылатын пед.технологиялар сабақтың сапасын арттыруға, дара тұлғаны дамытуға және түпкі нәтижеге жетуге ықпал етуі қажет. Осы ретте білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары, дамыта оқыту технологиялары, ұжымдық өзара оқыту технологиялары, проблемалық оқыту деп төртке бөліп жіктейді. Қазіргі оқыту үдерісінде қолданылып жүрген білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар ретінде мынадай педагогикалық технологиялар жіктемесі сұрыпталған:
1. Оқушыны объект ретiнде емес, субъект ретiнде қарастырып, оның дара тұлға ретiнде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын негiзге алған – оқытуды демократияландыру мен iзгiлендiру негiзiндегi педагогикалық технологиялар(оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова, Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде оқыту жүйесi және т.б. жатады);
2. Оқушының белсендi болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететiн – оқушы әрекетiн белсендiру мен интенсификациялау негiзiндегi педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтiк оқыту технологоиялары, В.Ф. Шаталовтың тiрек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады);
3. Балаға сырттан әсер етпей өзiнiң табиғий дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегiне жылулық ұялататын– халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негiзделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);
4. Оқушының туа бiткен ақыл-ой қабiлетiнiң жеке дамуына негiзделген –саралап оқыту технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов т.б.) ;
5. Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуын қамтамассыз ететiн – ынтымақтастық педагогикалық технологиясы;
әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi – деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ;
6. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн– дамыта оқыту технологиясы(Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);
7. Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына, бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi жатады(В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.).
Бұл технологиялардың философиялық негiзiнде дамытушы, проблемалық, тұлғаға бағдарланған оқыту жатады. Олар білім алушыларға бiлiмдi дайын күйiнде бермей, тек баланың өз алдына iзденiп өзiндiк дамуына жағдай жасатуға, белсендiлiкке, мәселеге сыни көз қараспен қарауға бағытталған.
Технология – жеке тұлғаны дамытуға негiзделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады, олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылыққа, еркiндiкке ұмтылдырып оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады: 1. Білім беру үдерісінің жариялылығы. Сыныптағы оқушылардың көпшілігі оқылатын материалдың мазмұнын емес, мәнін түсінбеуі себепті оқуға деген қызығушылығын жоғалтады, өз мүмкіндігінен төмен деңгей көрсетеді. Бұл ретте оқушылардың білімге деген оң көзқарасын туғызу үшін өздері орындай алатын оқу қызметін, әрекет түрлерін оқушының өзіне тапсырған дұрыс. Бұл ұстанымның негізі Ш.А.Амонашвили, В.К.Дьяченко, И.П.Иванова, В.Ю.Кричевский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий еңбектерінде көрініс тапқан. 2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы. Білім беруді ізгілендіру дегеніміз – оқыту барысында мұғалім мен оқушы арасында ізгілікті, ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру. Гуманитарлық пәндер мазмұнында оқушылардың басқа адамдармен ынтымақтаса еңбек ету қабілеті, өзіндік “Менін” қалыптастыру, оқушының жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік мол.
3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы. Білім беру мен оқытудың жаңа талаптарына саймұғалім оқушының кез келген әлеуметтік ортада, жағдаяттарда басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеті мен білігін қалыптастыруға ықпал етуі керек. 4. Дамыта оқыту ұстанымы.Оқыту мен тәрбиелеуді қатар алып жүретін бұл ұстанымоқушының интеллектуалдық, эмоционалдық, ерік-жігерлілік пен ынталану бағыттарын қамти отырып, тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет етеді. 5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы берілген оқу материалының жүзеге асырылуын және күтілетін нәтижені анықтауға көмектеседі. 6.Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру. Бұл теорияның негізі – оқушының білімге деген саналы көзқарасын қалыптастыру (А.Н. Леонтьев). 7. Жүйелілік ұстанымы. Қазіргі қолданыстағы педагогикалық технологиялардың мақсаты – тұлғалық қасиеттерді дамыту мен жетілдіру болып табылатындықтан оқыту белгілі бір жүйеге құрылуы тиіс. Сайып келгенде,бұл ұстанымдардың барлығы оқу іс-әрекеті нәтижесіне оқушының өзіндік “Менін” қалыптастыру арқылы өзіне деген сенімділігін туғызуға көмектеседі. Егер оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік болып, ол өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаса, оның сабақты түсінуі, меңгеруі қиындық тудырады. Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, қызықтыру, оқушы ерік-жігерін шыңдау, қиындықтарды жою және мақсат қоя білуге бағыттау мәселесіне көп көңіл бөлуі тиіс. Оқушының интеллектуалдық қабілеті, оқу біліктері, “Мен – тұжырымдамасы”, ынталандыру мен ерік-жігері өзара тығыз байланыста өз нәтижесін береді. Аталған функциялар бірін-бірі өзара толықтыра отырып, кері байланыс орнатуға және оқушы білімін бағалауға септігін тигізеді. Кері байланыс мәселесі жаңашыл педагогтар В.Ф.Шаталов, С.Д.Шевченко еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Бұл әдіске арнайы, қажетті жағдай жасалғанда ғана қол жеткізуге болады.
2. В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясының ерекшеліктері «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалык технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп оміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арітырудың бірден-бір жолы. Осындай технологиялардын бірі - Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары.
«Тірек сигналдары арқьшы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: - оқушыларда мүғалімнің қажепі нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды калыптастыру; - жеке мәліметгеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясынын приициптері: - үздіксіз кайғалау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; - жекелей әрекет жасау; - ізгіліктік (барлық балалар дарынды); - мәжбүрсіз оқыту; - түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту; - тәрбие мен оқытуды байланыстыру. «Тірек сигналдары арқылыоқыту» технологиясының мазмұндықерекшелігі: - оқу материалы ірілендіріп беріледі; - блоктық түрде беріледі; - оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі. Тірексигналы –мән-мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.), білдіретін құрамды бейне. Тірекконспекті - кысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі). Жаңашыл ұстазәдістемесінің негізгі әлементтерінің бірі - тірек сигналдары. Бүл - игерілуге тиіс білімнін мазмүны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.
Шаталовтың көрнекі схемаларды колданудағы жаңалығы - оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде. Көрнекілік құралдарды колданудың әр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абетрактылы және нактылы компоненттерінің үштасуы, онйің маңыздылығы бойынша классификациялануы - ІІІаталов үсынған көрнекі схсмаларының сң маңызды ерскшелігі. В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) - украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетгі. 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндірігі, 2-кезеңде тірек плақаттарын колданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңдеоқушыларға тірек сигналдары (тірек плақаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпсн және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді, 5-кезеңдесабақүстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып алады. 6-кезеңде оқушылар мүғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялык материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі - бағдарлама нык бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының калған ерекшеліктері:
- үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бакылау, жоғары деңгейдегі киыншылык, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
- жеке багдарлы қарым-қатынас, ыкпал;
ізгілендіру, ерікті оқыту;
- әроқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жагдай жасау;
- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай. қазірп заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің кажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдықтүрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтнжесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудагы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, үйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қадаталап пысықтау және бакылау деп бөлуге болады.
Материалды көрнекі беру негізгі үғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталоигың оқытуәдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.
/. Теориялық білімді алдын ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдач жылжу припципі.
Оқытудың дәстүрлі жүйееінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғанаоқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.
Теорияның өзекті мәселелерінен басқаұсақ сұрактарқарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастътралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бул жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, ягни жаңа материалдың кұрыльгмын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабагы жүргізіледі, мүнда жүмыс қорытындыланады, оқушылар сұрактарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім әкранында көрытынды баға койылады. «2» койылмайды.
Бос тор калдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықғалмаған кейбір ұсақ сұрактар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделгенуақытоқулықтағы есептсрмен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың творчествосы тек терең және тиянакты білім негізінде ғана ашыла- ды. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші».
Жаңа сабақды түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, дәріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған әвристикалық әңгімелесу түрінде етеді.
Оның мақсаты - барлығын талдау - түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жәнет.б.), яғни кабылдауды және ойлауды қамтамасыз ету. Екінші түсіндіру кыскалау және жылдамырақ тірек плақат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плақатсыз да кодоскоп немесе диаироектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабақка дейін тақғаның арткы бетінде әр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, кайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып керсстіледі.
Екініпі рет кайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау, мұғалімнің айқын мазмұндауы - бұл жүйеде пысықғау кезеңінің орнына жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақгы меңгеріп үлгермеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялык білім бірінші және екінші кайталауда қаншама
ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игереді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуте болмайды. Онсыз бұл білімді еркіи пайдалану, тәжірибеде кең колдану мүмкін емес.
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша жоне ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белсенділігін арттырады.
Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмүнын түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды камтамасыз етеді. Бүл үйде тірек сигналды оқулықгың сәйкес бөлімімен байланыстырып оқу, келесі сабақға тірек сигналдарды жазбаша кайталап еске түсіру, оқулык материалын жәнебасқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т.б. кайталау түрлері және көптеген есеп шығару.
3. Математика пәнінде интерактивті тақта қолдану
Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру,
алдына қойылған есеп шешімін ӛз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату
ұстаздың басты міндеті.
Математика ғылымының қазіргі заманы ӛте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай
математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін кӛтеру болып
табылады.
Әрбір оқушыға жан - жақты білім беру білім беру әр ұстаздың ең негізгі міндеті. Ал мектеп
оқушыларының кӛпшілігі математика пәнін кӛптеген қиыншылықтарды кездестіреді. Қайсыбір оқушы
болмасын онымен осы пән туралы сӛз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне,оған деген
құштарлығының жоқтығына кӛз жеткізуге болады. Ал оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім қай әдісті пайдаланса да,оқушылардың ойлау
қабілетін,ой-ӛрісін,сана-сезімін жан-жақты дамыту керек.
Ұстаз еңбегі-шығармашылық еңбек.Ӛйткені ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, ӛз білімін үнемі
жетілдіріп,түрлі әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді.Оқытудың түрлі әдістерін дұрыс таңдап
оқушылардың ой-ӛрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыту қажет.
Бүгінгі мектепке келіп жеткен техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны–
интерактивті тақталар педагогтардың оқыту үрдісін кӛрнекі, аңық етеді,сондай-ақ сапалы жүзеге
асырады.
«Интерактивтік тақта» дегеніміз бұл дәстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие және кең
мүмкіндіктері бар тақта.
Интерактивтік тақтаны оқу үрдісін пайдалану нәтижесі :
-оқушының пәнге қызығушылығы артады,зейін дамиды.
-тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік береді.
-дидактикалық материал қоры ұлғайды.
-экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру.
-мәліметтер кӛлемі ұлғайды.
Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндіруімен оқушылардың назарын
аударады, жалпы математикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді
түрде кіріседі,бұл олардың оқу–зерттеу жұмыстарын да шығармашылық пен жұмыс жасауға
дағдыларын дамытады, тек математика оқуда ғана емес, информатикада және мультимедиялық білім
алуда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтаны қолданумен ӛткізілген сабақтарда материалдарды кӛрнекі түрде беру
арқылы оқушылардың ынтасы арттылады. Мұғалім мен оқушы математика сабақтарында сызғыш,
циркуль, транспортир құралдары және модификатор кӛмегімен салулары жүзеге асырып, дайын
сызбаларға ӛлшеу жұмыстарын еркін жүргізу мүмкіндігіне ие болады.
Флипчарттардағы алдын- ала дайындалған мәтіндер, графиктер, суреттер, есептер, тесттер,
сілтемелер, сабақтың кез келген кезеңінде пайдаланылады.
Флипчарт беттерін экран жағында эскиз ретінде орналастырып, сабақ сәттеріне, ӛзекті
сұрақтарына қайта оралу мүмкіндіктері бар.
Интерактивті тақтаны қолданып, сабақтарды дайындауды шартты түрде үш кезеңге бӛлуге
болады.
1 кезең оқу материалдарын таңдау
2 кезең Activ Studio программасын ортасында сабақтарды
дайындау
3 кезең дайындаған сабақты жүзеге асыру
Оқыту үдерісінде интерактивті тақтаны қолдану тәжірибесі осы техникалық құралдың тиімділігін дәлелдеп отыр. Әрине, кәдімгі сынып тақтасына қарағанда оның артықшылықтары едәуір. Сондықтан, математика сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың негізгі артықшылықтары:
 Оқытудың барлық деңгейі мен формаларына сәйкес
 Мұғалім мен оқушы арасындағы арақатынас пен талқылаулар үшін үлкен мүмкіндік береді
 Әр түрлі ресурстарды пайдалану арқылы мұғалім және оқушылар үшін сабақты қызықты етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет