Жылғы оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша сараптама



бет1/8
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9138
  1   2   3   4   5   6   7   8
2014-2015 жылғы оқу жылындағы

«Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша

САРАПТАМА
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 11.02.2013 жылы қабылдаған № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру, қамтамасыз ету және алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтарындағы № 29 «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы № 100-1 07.05.1997 жылғы Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы 2013 жылғы 23 желтоқсанындағы № 215 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қаласының білім бөлімі қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен және Ақтөбе әкімінің аппаратының әскери жұмылдыру және Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімімен бірлесе отырып 2014-2015 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде АӘД пәнін оқыту мен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

2014-2015 оқу жылының жұмыс қорытындысы төмендегідей ретпен көрсетілген:

Алғашқы әскери даярлық сабақтарына қатыстырылды

1. Класс саны:

а) 10 кластар-118

оның ішінде оқушылар-2628

ер балалар-1225

б) 11 кластар-142

оның ішінде оқушылар саны-2487

ер балалар-1116

2. Оқу жылының нәтижелері:

а) АӘД пәнінің бағдарламасы барлық мектептерде 100% орындалды.

б) Мектептер бойынша үлгерім сапасы 100%

в) АӘД пәнінің толық курсын аяқтаған оқушылардың білім деңгейі төмендегідей бағаланды.

- үздік бағамен -39 %

-жақсы бағамен -35 %

-қанағаттанарлық бағамен - 26,3 %

-қанағаттанарлықсыз бағамен - 0 %

г) Оқушылардың білім сапасы -86,3 %

д) 12-19- мамыр аралығында «Достық әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілген оқу-далалық жиынына 10- кластың ер баласы қатыстырылды. Ақтөбе қаласының орта мектептерінің базаларында өткізілген «Медициналық білім негіздері» сабақтарына 1336 қыз бала және денсаулығының жарамсыздығына байланысты оқу-далалық жиынынынан босатылған 121 ер бала қатыстырылды.

Алғашқы әскери даярлық пәні қаланың 61 орта мектебінде АӘД пәнінің 52 мұғалім-ұйымдастырушысымен жүргізілді. № 1, № 38, № 2, № 37, № 14, № 8, № 17, № 28 орта мектептерінде- № 27, № 12, № 33, № 16, № 9, № 35, № 30 орта мектептерінің АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларымен сағат беруші мұғалімдер ретінде жүргізілді.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушыларының сапалық деңгейі келесі түрде көрсетілген:

- жоғарғы білімі бар 48 әскери жетекші немесе 90%

- орта-техникалық білім бар -2 әскери жетекші ( № 35 ОМ, Елек ОМ) немесе 4%

- орта-арнаулы білімі бар-2 әскери жетекші (№ 51 Г, Новый ОМ) немесе 4%

- аяқталмаған орта-арнаулы білімі бар-1 әскери жетекші (№55 ОМ) немесе 2%

52 әскери жетекшінің:

- запастағы офицерлер – 18 немесе 25 % құрайды

- старшиналар – 1-2 %

- сержанттар мен жауынгерлер – 33 немесе 73 % құрайды

Оның ішінде АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары ретінде жұмыс өтілі бар:


  • 1 жыл -5

  • 3 жылға дейін 7 адам

  • 5 жылға дейін 3 адам

  • 10 жылға дейін 9 адам

  • 10 жыл үстінде-28

Жылдық есеп тапсыру кезінде АӘД пәні бойынша қаланың барлық мектептері мәліметтер тапсырды.

Оқу жылының барысында АӘД пәнінің оқытылу деңгейін көтеру мақсатында қаланың барлық мектептері бойынша мектеп директорлары 127 сабақтарды тексерген.

АӘД пәнінің мұғалім-ұйымдастырушылары өз мектептерінің деңгейінде 61 ашық сабақ өткізген. Штаттан тыс әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес қалалық деңгейде 4 ашық сабақ өткізілді;



а) Саптық даярлық сабағы

24.09.14



№ 23 ОМЛ



2- сатылы старшина Ш.Бузаев

Жалпыәскери жарғылар, әскери қызметкерлердің міндеттері.

22.10.14



№ 29 ОМ



Жауынгер Қ.Жантуреев



Атыс даярлығы тарауы. Калашников автоматы мен пулеметі.

24.12.14


№ 47 ОМ


Аға сержант Б.Жарылғасинов

Сауытталған машиналар мен танкке қарсы күрес.

28.01.15

Өрлеу ауылының ОМ

Жауынгер Ж.Бүркітбаев

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

11.03.15


№ 32 ОМГ

Сержант Д.Искаков


4 кластан тыс патриоттық іс-шара өткізілді.


«Батырлар аймағы» Ерлік сабағы

12.11.14


№ 5 ОМ


Жауынгер А.Прмагамбетов


16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне арналған кластан тыс іс-шара

10.12.14


№ 16 ОМЛ


Лейтенант Т.Ахметов


Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан Республикасынан шығарылғанына 26 жыл толу мерекесіне орай өткізілетін «Ерлік сабағы»

11.02.15


№ 41 ОМ


Сержант Ж.Әнетов

Осы өткізілген ашық сабақтардың ішінде № 29 ОМ АӘД пәнінің мұғалімі лейтенант Қ.Джантуреевке сабақтарын өткізуді жүйелендіріп, әдістемелік тұрғыда жаңашаландыру тапсырмасы берілді. Қалған аталған ашық сабақтар мен кластан тыс әскери-патриоттық іс-шаралар жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.

Облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау курстарының тыңдармандарымен- ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С. Сраж 4 облыстық семинар және 3 ашық сабақ өткізді.

2014-2015 оқу жылында АӘД пәнінің деңгейін талқылау барлық мектептердің педагогикалық кеңестерінде қарастырылған, бұл мектеп әкімшіліктерінің АӘД пәнінің өткізілуі мен ұйымдастырылуына ерекше мән беретіндігін көрсетеді.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 118 қаулысына сәйкес, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бұйрығына байланысты қала мектептерінің АӘД пәнінің штаттан тыс әдістемелік кеңесі тағайындалып, құрамы бекітілді.

Сонымен қатар қала мектептері аудандарға бөлініп, мөлтектоптар жетекшілері бекітілді.

АӘД пәнінің мұғалімдерімен жүргізілетін жиналыстар мен кеңесулер әр аптаның сәрсенбісіне қойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет