Билет № 9
1. Математика пәнінде интерактивті тақта қолдану
Ақпараттық технологиялар – баланың өз бетінше ізденіп, шешім қабылдауына көмектеседі, басқа қарапайым технологиялық оқу құралдарына қарағанда оқушыларға жоғары сапалы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін де дамытуға игі әсерін тигізеді.Мультимедиалық презентацияны математика сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Мультимедиа мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Математика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, ауызша есептеу тізбегін құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Практикалық тапсырмаларды орындағанда өзін-өзі бақылау қалыптасады.
Математика сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде: пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру, оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Мультимедиалық презентация практика кезінде оқушыларға сабақ беруде бірден-бір көмекші құрал. Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады.Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
- Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
- Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
- Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі артады;
- Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
- Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
-Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
3. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы ең алдымен сынып сабақтарын ұйымдастыруды қарастырады. Ол XVII ғасырда Я.А.Коменский қалыптастырған, дидактика принциптері негізінде құрылды, оны әлі де қолданады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы білім, білік және дағдыны ұсынуға бағытталған. Оның мәні: жаңаны игерту, бекіту, қадағалау, бағалау схемасы бойынша оқу процесін жүргізу іске асырылады. Дәстүрлі оқыту технологияларында оқытудың басты әдістері ретінде негізгі екеуі қолданылады:
•оқытудың түсіндірмелі-кӛрнекілік әдістері, бұл әдіс арқылы мұғалім оқу материалын кӛрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған дәріс, әңгіме, тәжірибелер кӛрсету, экскурсия және т.б. жатады;
•репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту)- мұғалімнің оқушыларға білімді қаншалықты игергендігін тексеру мақсатында және оны қайталап айтып беруі үшін тапсырмаларды құруы. Оқушы сұрақтарға жауап береді, берілген есептерді шығарады және т.б.
Оқытудың дәстүрлі технологиясының кемшіліктері ӛте кӛп болды. Оның ішінде мыналарды атап ӛтуге болады:
•Материялды оқытудың жалпы орташа қарқыны;
•Оқушылар меңгеретін білімінің бірыңғай және орташа кӛлемі;
•Білім алу бойынша ӛздік жұмысына сүйінбей, оқытушы арқылы білімінің үлкен үлес салмағын дайын күйінде алу, соның нәтижесінде оқушылар кӛріп алады.
•Оқытушы толық білмеген жағдайда, оқушылар білімді толық меңгерсін деген
сұрақ туындайды.
•Материялды түсінуге ауызша әдістің басым болуы, ол аударудың объективті алғы шарттарын әлсіздендіреді.
•Оқушылардың зейініне салмақ түсудің басым болу, яғни материлын еске түсіру арқылы қайта ӛндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |