Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


) ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ



бет22/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

2) ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. Оқытудың белсенді тəсілдерінің ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойы нның атқаратын ролі зор. Кезінде А.В.Луначарский «ойын-белгілі дəрежеде барлық адамзат мəдениетінің негізі болып саналады» деп жазды. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс əрекеті. «Ойын» деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек еріккен, еңбексіз жандар ермек сияқты елестейді. Ал шын мəнінде дүние танымдық, білімділік мəні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық əрекеттерді керек етеді. Дұрыс ұйымдастырылған танымдық мəні бар химиялық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналы жеткізудің бір түрі. Дидактикалық ойындар – оқытудың білімділік, тəрбиелік дамытушылық міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. оқушының оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалаыптастыруға көмектеседі. Мектеп практикасында қолданылатын ойын технологиясы мазмұны өтіліп жатырған оқу материалына сай болу керек. Ойын əрекетінің негізгі принциптері:
1.Оқу мазмұны мен мақсатының сай келуі.
2.Технологиясы мен құрылымының қарапайымдылығы мен көрнектілігі;
3.Пайдалану жүйелілігі жəне біртіндеп қиындалуы;
4.Ойын əрекетінің əртүрлілігі;
5.Баланың еріктілігі, ойын кезіндегі белсенділігі;
6.Қарым-қатынастың дамуы, өзара əсердің жағымдылығы.
Тағы бір ескерте кететін жай:
- ойын қатысушылардың қызығушылығын туғызу керек.
- жарысу элементтері болу керек.
- қатысушылардың жас ерекшілігі ескеріледі
- оқу материалын меңгеруі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет