Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. БІЛІМ ҮРДІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ӘДІСТЕМЕНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. ПЕД ТЕХ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАУШЫ КРИТЕРИЙЛЕРІ



бет21/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары
1) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА. БІЛІМ ҮРДІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ӘДІСТЕМЕНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ. ПЕД ТЕХ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АНЫҚТАУШЫ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Технология түсінігі педагогика ғылымына техника аумағынан келді. Технология -грек сөзінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, logos – ілім деген мағынаны білдіреді. «Технология» терминінің түсінігі əр қилы В.И.Шепельдің айтуы бойынша технология- өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-əрекеттердің жиынтығы ұғымын білдіреді.Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына бір жақты анықтама беріле қойған жоқ..«Педагогикалық технология» ұғымын 1960 жылдары алғаш рет АҚШ-та енгізіліп, əр түрлі түсініктер берілген. Ресейде 1990 жылдардан, Қазақстанда 1993 жылдардан басталады. Ресейде педагогикалық технологияны алғаш зерттеп, əдебиеттерге енгізген ғалымдардың бірі – В.П.Беспалько. В.П.Беспалько «Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты əдіс- тəсілдер деп қарастырады. «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш реет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильина болды. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы əдістемелік жүйеге қойылатын талаптар:
1.Əдістемелік жүйені жетілдірудің қажеттілігі:
- оқытудың жаңа əдістерін дұрыс таңдау;
- оқытуды ұйымдастыруды ұйымдастырудың формасын дəл анықтау;
2. Оқыту мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыра алу.
- оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын қалыптастыру;
3 Оқу іс-əрекетін басқару үрдісін жетілдіру;
- оқушының өзін-өзі басқаруы;
- оқушының өз əрекетіне өзіндік баға беру.
Жаңа педагогикалық технологияны қолдану төмендегі кезеңдер арқылы іске асырылады:
1 кезең – оқып үйрену;
2 кезең – меңгеру;
3 кезең - өмірге ендіру;
4 кезең – дамыту;
Педагогикалық технологияның басты белгісі мыналар:
1 Оқушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде жүзеге асыра білу.
2 Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу.
3 Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
Əлем елдерінің біразы бұдан 45-55 жыл бұрын игерген əдіс-тəсілдер мен озық технология бұл күнде əрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық модеміне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-тəсілдерін, инновациялық педагогикалық
Технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет