Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері



бет18/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары
5 билет, Билет жауаптары
3. Жобалау әдісі туралы түсінік.
Жобалау әдісінің негізі – оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту , білімдерін өз бетімен құру шеберлігі және ақпараттық кеңестікте хабардар болу , сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Жобалау әдісі әр уақытта әлдебір мәселені шешуді ұйғарады. Жобаның ерекшелік айрықшасы мұнда оқушының өз бетімен жұмыс істеу әрекетіне және жұмысты жоспарлауға ерекше көңіл бөлінеді.
Жобалау әдісімен жұмыс ұйымдастырғанда оқушылар тек қана өз бетімен жекеше жұмыс істей қоймайды , оларға топпен де , жұппен де жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастырады.
Жеке жоба жұмысын таңдағанда , біріншіден , тақырыбы авторға қызық болуы керек , екіншіден , өзекті , үшіншіден жобалаушы. Жеке тұлға қызығушылығының шарты бірінші орында болғандықтан , оның қызығушылығы және әуестенушілігі есепке алынады.
Жоба технология сияқты мынадай кезеңдерді енгізеді: басы , жоспарлау , шешім қабылдау , орындау , рефлексия (жұмысты бағалау ) , қорғау.
Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде жоспарлаудың үлкен маңызы бар. Жоспарлау – бұл жобаның орындау кезеңдерін ерекшелеу , алдағы жұмысқа жоспар құру , жобаның өз құрылымын жасау.
Жоспар әр топқа , әр оқушыға жеке құрастырылады: әрбір топ , әрбір оқушы тапсырма алады , шамамен орындау мерзімі және ұйғаратын нәтижесі белгіленеді.
Жобалау қызметінің ең маңызды бөлігі – жобаны орындау. Жобаны орындау барысында келесі мақсаттар қойылады:
• Оқушыларды қисынды ойлауға үйрету (гипотеза құрастырып адасқандарын көру үшін)
• Шығармашылық жағынан ойлауға үйрету (жаңа идеяларға алып баратын өзара байланысты көру үшін)
• Сын тұрғысынан ойлауға үйрету ( сұрақ қойып пікір құрастыру үшін)
Жоба екі орындалу кезеңінен тұрады: жұмысты жазу , жобаны хаттау (презентация жасау).
Жобалау технологиясының бізді қызықтырғаны – балалардың әр саладан алған білімдері үлкен мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жобалау түсінігі бойынша алынып отырған идея теориялық және практикалық тұрғыда шешіледі. Осы аталмыш жұмыс белгіленген нәтижеге жетіп, қорытынды шығаруға бағытталған. Қорытындыға жету барысында оқушылар ойланып , мәселені шешу барысында алған білімдеріне сүйене отырып ізденеді. Кез келген уақыт мерзімінде оқушылардың жекеше, жұптық , топтық жұмыс істеу іскерліктерін әрқашан жобалау тәсілі бойынша іске асырамыз. Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық , шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады. Жобалау әдісін дұрыс түсіну үшін жобалаудың белгілерін , турлерін білу керек.
Технологиядағы жобаның түрлері:
• Ғылыми жоба
• Шығармашылық жоба
• Ойын түріндегі жоба
• Ақпараттық жоба және т.б.
Мерзіміне қарай қысқа мерзімді , ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.
Жобалау технологиясының негізі – оқушылар дайын нәрсені қабылдайтын емес , өз бетімен ізденіп , дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – білім алушылардың, оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту , өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру , ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сын тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру. Сонымен қатар жобалау технологиясы оқушылардың іздемпаздық , танымдық белсенділіктерін арттырады.
Жобалау әрекеті – мұғалімнің жаңа әдістерді өз тәжірибесіндегі енгізудің жаңа үлгілерін , оқушылардың өз бетімен білім алуына әрекетін ұйымдастыруына негіз болады. Мұғалімнің өз жұмысын жобалау оқушының оянбай жатқан мүмкіндіктерін дамытуға , өз ісіне сыни баға бере білуіне , өзі және басқаның , өзі және ортаның , өзі және ұжымның үйлесімді қарым-қатынасына жол ашады. Жобалау әрекеті әр түрлі әлемдегі оқу жүйелеріне көптеп енуде. Ол оқушыға жекелеген білім жиынтығын беріп қана қоймай , өздігінен білім алуына, алған білімдерін танымдық проблемаларды шешуге қолдануға мүмкіндік беретін, коммуникативтік еп-дағдыларды меңгеруге , яғни әр түрлі топта жұмыс істей білуге үйрететін бірден бір әдістеме. Ол сонымен қатар адами қарым-қатынастың кеңдігімен , әр түрлі мәдениеттер мен бір мәселе төңірегіндегі әр түрлі пікірлерді тыңдауға мүмкіндік береді.
Жобалау оқушылардың өз бетімен білім алу әрекетін ұйымдастыруға негіз болады. Бұл технологияның басты сипатының бірі – тұтастығы мен жүйелігі айқын болады және сол қасиеттер әрдайым сақталып отырады.
Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар:
Зерттеушілік , шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың қарастырылуы (кіріктелген білім жиынтығын қажет ететін міндеттер , оны шешудің зерттеушілік , іздену жолдарының болуы) ;
• Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік , теориялық танымдық маңыздылығы ;
• Оқушылардың өздік іс әрекеті ( жеке , топтық , жұптық ) ;
• Жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру ( кезеңдік нәтижелерді көрсете отырып )
• Зерттеу әдістерін колдану ( мәселені анықтау , одан шығатын зерттеу міндеттерін анықтау , зерттеу жолдарын талқылау , түпкі нәтижені рәсімдеу ) ;
• Алынған қорытындыны талқылау ( түзетулер және тұжырымдар ).
Жобалау әрекетінің тақырыбын таңдау жағдаяттарға байланысты түрліше болады. Дегенмен , жоба тақырыбы өмірлік өзектілігі бар және оны шешуге оқушының әр түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік дағдыларын қамтитын сұрақтарға құралғаны дұрыс.
Осылайша білімнің табиғи түрде кіріктірілуі жүзеге асырылады. Орындалған жоба нәтижелері материалдар тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс. (альбом, бейнефильм, компьютерлік газает т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет