Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


) Ш.А. АМОНАШВИЛИ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕМЕЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ



бет23/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3) Ш.А. АМОНАШВИЛИ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕМЕЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ Қолдану сипаты мен деңгейі: жалпыпедагогикалық.
• Философиялық негізі: гуманистік діни.
• Әдістемелік тәсілі : жеке тұлғаға бағытталған.
• Тәжірибені игерудің ғылыми концепциясы: ассоциативті-рефлекторлық
• Тұлғалық салалар мен құрылымдарға бағытталуы: эмоционалдық-тәрбиелік : 1) НЭС 2)БАС
• Мазмұнының сипаттамасы: оқытушы тәрбиелік, діни мәдениет белгілері бар зиялы гуманитарлық, жалпы білім беру, адам баласына бағытталған.
• Әлеуметтік-педагогикалық әрекет түрі: сәбиді қолдау (жетелеу);
• Оқыту тәрбиелеу үрдісін басқару түрі: кіші топтар жүйесі.
• Басым тәсілдері: түсіндіру-суреттемелік, мәселе қою арқылы ойындар, шығармашылық
• Ұйымдастыру түрі: даралап және жекелеп бөлу элементтері бар дәстүрлі сыныптық оқыту.
• Басым құралдар: вербальдық практикалық.
• Сәбимен жұмыс жасау тәсілі және тәрбиелеу түрі: гумандық-тұлғалық, іскерлік педагогикасы.
• Жаңарту бағыты: гуманизация және демократизация негізінде
• Нысандар категориясы: жаппай және жеке тәсіл негізінде бөлініп алынған топтар.
Мақсаттар векторы:
• Сәбидің оның тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы қайырымды адамды қалыптастыру, дамыту;
• Сәбидің жүрегі мен жанын қайырымдылыққа уйрету;
• Сәбидің танымдық күштерін қалыптастыру және дамыту;
• Терең және кең көлемде білім алу үшін жағдай жасау
• Тәрбиелеудің идеалды – өзін-өзі тәрбиелейлеуге ұмтылу;
Концептуалдық ережелер.
• Оқытудың ақпараттық-технологиялық мазмұнында гуманизмнің басым болуы
• Тәрбиелеу білімге үйретудің алдында жүруі тиіс;
• Жүрекпен сөйлеу
• Іскерлік пеагогикасының тұлғалық тәсілінің барлық ережелері;
• Сәби көрініс ретінде орындауы тиіс өмірлік міндеті болады;
• Сәби – Табиғат пен Ғарыштың ең ұлы туындысы, онда екеуінің белгілері – ұлылық және шексіздік болады.
• Сәбидің тұтас психикасына үш ұүштарлық тән: дамуға, есеюге және бостандыққа деген құштарлық.
• Ойынды тәсілдер – оқыту үрдісінің негізі;
• Педагогикалық әрекеттің принциптері: 1) Сәбиді сүю; 2) Сәби өмір сүретін ортаны адамзаттандыру; 3) Сәбимен бірге өзінің балалық шағын өткізу.
Мазмұнының ерекшеліктері.
Басты біліктіліктері мен қабілеттіліктер және оларға сәйкес пәндер мен сабақтар:
• Танымдық оқу;
• Жазып – сөйлеуге үйрету;
• Лингвистикалық сезім (ана тілі сабағы);
• Квазиоқу және квазижазу;
• Жазу және оқу үрдістерін материалдау тәсілдері;
• Балалардың әдеби шығармашылығы;
• Математикалық ойлау қабілеті ;
• Жоғарғы математикалық түсініктердің мағынасын түсіндіру (шексіздік, мәңгілік,әлемтану, көптүрлік т.б);
• Кереметке қол жеткізу (табиғат туралы сабақ);
• Әрекетті жоспарлау;
• Сөйлеу, басқа тілде сөйлеу;
• Шахматтар;
• Рухани өмір;
• Жоғары рухани материялар мен құндылықтардың мәнін түсіну (Рух, Жан, Жүрек,• Жақсылық, Махаббат, Өмір, Өлім т.б);
• Айнала қоршағанның әдемілігін түсіну (музыка, көркемөнер шеберлігі, балет, театр т.б);
• Жалпы адамгершілік қасиеттер;
Әдістің ерекшеліктері. Барлық аталған білім мен біліктіліктер баланың бойында арнайы бағу және көп мөлшердегі әдіс-тәсілдердің көмегімен қол жеткізіледі. Бұл тәсілдерді келесі топтарға бөлуге болады: Жеке тәсіл: тұлғаны зерттеу, мүмкіншіліктерін дамыту, өзін-өзі терең білу, сәттілік педагогикасы. Тұлғалық тәсіл: мұғалімнің өсиеттері, тәрбиешінің, шебердің міндеттері. Сабақ культі: сабақ мұғалім мен оқушының бірігуімен өзінің шыңына көтеріледі; Сабаө балардың өмір сүруінің негізгі түрі (тек оқыту үрдісі емес ). Сабақ – күн, сабақ – қауаныш, сабақ – достық, сабақ – шығармашылық, сабақ – еңбек, сабақ – ойын, сабақ – кездесу, сабақ – өмір. Балардың әрекетін бағалау: баға қою мөлшері шектелген, өйткені баға дегеніміз ақсаңдаған педагогиканың сүйеніш таяғы; сандық бағалаудың орнына – сапалық бағалау: мінездеме, нәтижелер жинағы, өзін-өзі талдауға үйрету, өзін-өзі бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет