3.Іскерлік ойындар технологиясы. Оларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі Оқушылардың білім сапасын арттыруда іскерлік ойындардың өзіндік ролі бар. Іскерлік ойын- бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың ӛзіндік ұйымдастыруымен жоспарланған, ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Іскерлік ойын дегеніміз- болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметте қарым-қатынас жүйесін модельдеу,елестету. Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада:оқушылардың ойын дамыту ойлауын жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту процесінде шығармашылық рух енгізу және т.б. Сонымен қатар жан-жақты ойластырылған,әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастырылған ойын-оқыту процесінде тәжірбиелік,тәрбиелік,шаруашылық және терең білім беру міндеттерін шешеді. Жалпы түрдегі «іскерлік ойын» түсінігінің мәні психологиялық сӛздікте келесідей анықталған «Іскерлік ойын-берілген тәжірибенің түріне тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, кәсіби іс-әрекеттің пәндік және оның әлеуметтік мазмұнын қайта құру формасы» ретінде түсіндіріледі.