Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


) Д.Б.ЭЛЬКОНИН-В.В.ДАВЫДОВТЫҢ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ



бет26/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3) Д.Б.ЭЛЬКОНИН-В.В.ДАВЫДОВТЫҢ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Дамыта оқыту дегеніміз – оқушылардың интеллектуальды және шығармашылық қабілеттерін толық жүзеге асыруға, олардың ішкі механизмін іс-әрекетке қосуға мүмкіндік беретін оқытуды ұйымдастыру тәсілі. Психологтердің зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін 2,5-3 жасында-ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «Мен» деген категориясының көрінуінен байқалады (өзім ішемін, өзім киемін және т.б. түрінде). Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ол әр түрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл түрлі рольдік ойындарға қатысуда айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. Ал, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала оқу бағдарламаларының талаптарын орындау, мектептің ішкі тәртібін сақтау, үлкендердің айтқандарын екі етпеу сияқты қатаң ережелер шеңберіне түседі. Енді оның субъектілік белгілерінің даму мүмкіндігі төмендейді. Өйткені, дәстүрлі мектептің мақсаттарын шешу мұғалімнің айтқандарын дұрыс тыңдап, тура сол түрде қайта айтып беру, тапсырманы қатесіз орындау жеткілікті. Белгілі үлгіден ауытқу, басқа шешім іздеу талап етіле бермейді.
Дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету, тек, оқушының өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:
1. Үлгіні көрсету.
2. Түсіндіру.
3. Бағалау, бақылау.
Яғни, мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатында сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы, өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, білім алушыға оқыту және т.б. Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы – түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталуы керек. Оқушыдан тиянақты тыңдап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі. Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін оқушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі де дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретеді. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес, дегенмен әр оқушы жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қортыныдылауға үйренеді. Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез-келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет. Демек, оқушы алдын-ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады. Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың «басқарушылар мен орындаушылар» түріндегі ролдері белгіленген. Басқарушылардың қарым- қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні – оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет