3 сұрақ. Жіктемелік сипаттамасы. Қолданылу деңгейі мен сипаты: жалпыпедагогикалық.
Әдістемелік тәсілі: дамытушы, жүйелік, зерттеуші, мәдени-тарихи.
Дамудың негізгі факторлары: әлеуметтік психогендік.
Тәжірибені игерудің ғылыми концепциясы: дамытушы ассоциативтік-рефлекторлық.
Тұлғалық салалар мен құрылымдарға бағытталуы: жедел ойлау қабілеті – ОӘС +
2) БАС +...
Мазмұнының сипаты: оқытушы, жүйелік, зиялылық, жалпы білім беретін, гуманистік.
Әлеуметтік педагогикалық әрекет түрі: оқыту, дамыту.
Оқыту тәрбиелеу үрдісін басқару түрі: кіші топтар жүйесі.
Басым тәсілдері: мәселелік, дедуктивтік.
Ұйымдастыру түрлері: сыныптық-сабақтық, топтық, ажыратылған.
Басым құралдар: вертальдық, таңбалық + компьютерлік.
Сәбимен қатынас түрі және тәрбиелеу әрекетінің сипаты: дидактоцентрикалық + субъект
– субъектіге (әріптестік педагогикасы).
Жетілдіру бағыты: альтернативті.
Нысандар категориясы; жетілдірілген сыныптар, мектептер.
Мақсаттары:
- Ғылыми түсініктер негізінде оқу білімін теориялық сезіну және ойлауын
қалыптастыру;
- Ойлау әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға бейімдеу;
- Оқыту барысында оқушыларға ғылыми түйсіну логикасын көрсету.
- Оқушылар мазмұнды жалпыландырулар жасай білуі тиіс – зерттелетін нысан
туралы жекелеген білімдері ішінен жалпыға бірдей қатынасы бар генетикалық
негізі нақтылауы тиіс.
- Оқушылар іс-әрекетті алдымен ойында орындап, кейін қайталап орындауға
үйренуі тиіс
- Таңбалық модельдер түріне жаңа оқыту құралдарын игеруі тиіс.
Принциптер:
- Даму сәбидің мәдениетке енуі арқылы жүреді және өзінің негізінде табиғи жетілу
барысында сүйенеді. (А.С.Выготский).
- Оқу дегеніміз даму көзі (білім алу ең жақын даму аумағында жүргізіледі).
- Баланың оқу үрдісіндегі субъектілік принципі.Оқушы білім алу нысаны емес,
субъектісі болуы тиіс.
- Алға басып оқыту принципі (оқу дамуды басып озады).
- Басымды мақсаты – ойлау әрекеті тәсілдерінің қалыптасуы