Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері


-сұрақ Бағдарламалап(жоспарлап) оқыту технологиясы,принциптері,оған қойылатын талаптар



бет37/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

3-сұрақ Бағдарламалап(жоспарлап) оқыту технологиясы,принциптері,оған қойылатын талаптар
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
1. Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2. Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
3. Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
4. Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
5. Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Бағдарламалап оқыту түрлері.
Бағдарламалап оқытудың үш түрі бар: сызықтық, тармақталған, бейімделген.
сызықтық (линейные) бағдарламалар жүйелі ауысып отырып бақылау тапсырмаларымен бірге оқу ақпаратын көрсетеді. Оқушылар дұрыс жауап беру керек, кейде оны көптеген мүмкіндіктерден таңдайды. Дұрыс жауап берген кезде ол жаңа оқу ақпаратын алады, ал егер жауап дұрыс болмаса, онда алғашқы ақпаратты қайтадан оқу ұсынылады;
тармақталған (разветвленная) бағдарлама, сызықтық бағдаламадан айырмашылығы оқушы дұрыс жауап бермеген кезде қосымша оқу ақпараттар беріледі.Бұл жағдай оқушыға бақылау тапсырмасын орындауға, дұрыс жауап беруге және жаңа оқу ақпаратын алуға мүмкіндік береді;бейімделген (адаптивная) бағдарлама – оқушыға жаңа оқу материалының қиын деңгейін таңдауға, оны меңгеруіне қарай өзгеруге, электронды анықтама, сөздік құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет