3. Топтық оқыту технологиясы Топтық оқыту- бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті,оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті. Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды. Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Топтық оқытудың өнімділігі В.В. Гузеевтың пікірінше келесі факторлармен анықталады :
1 ) қазіргі міндеттердің көпшілігін тиімді шешу үшін бірнеше адамдардың күш жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі топта нәтижелі жұмыс жасауды үйренуі тиіс; 2 ) мектептің негізгі контингентінің-жасөспірімдердің- жетекші іс-әрекеті тұлғалық қарым-қатынас болып табылады, ал ол нәтижелі қарым-қатынасқа топ тиімді жүзеге асырылады; 3 ) топта өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі көрсетуіне барынша қолайлы жағдай жасайды; 4 ) топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білім беруде жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында сапалы ынтымақтастық туындайды;
Билет 22