Билет №1 Қазіргі заманғы білім беру және педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері



бет33/49
Дата07.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#92423
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
Байланысты:
Билет жауаптары

2-сұрақ Топтық оқыту технологиясы
Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады.Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін:
- Бірін-бірі тыңдау
- Өзгенің пікірін сыйлау
- Сөзін бөлмеу
- Уақытқа бағыну
- Шапшаңдық
- Бәсекелестік
- Бірлестік
Топтық жұмыстың маңызды мәселелерінің бірі талқылау, талдау жұмысы. Бұл бірнеше сатылардан тұрады.
1саты: Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет.Басқаның идеясына құрметпен қарау керек. Қағазға айтылған болжам, идеялар жазылғаны дұрыс
2 саты: Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін бірі тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.
3 саты: Топтық шешімнің талқылануы.Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.
4 саты: Топ жұмысының қорытындысы талқыланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет