БИЛЕТ № 3
Дефектология ғылымының салалары.
Дефектологияның салалары.
Олигофренопедагогика-ақыл-ойы қалыс қалған балаларды түзете, тәрбиелеумен жұмыстанады.
Тифлопедагогика-көрмейтін, нашар көретін балаларды түзете-дамыта-оқытумен жұмыстанады.
Сурдопедагогика-саңырау, нашар еститін балаларды түзете-дамыта-тәрбиелеумен шұғылданады
Логопедия-сөйлеу тілі бұзылған балаларға білім беру, тәрбиелеу, оқытумен жұмыстанады.
Тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балалар-қимыл қозғалыс аппараты бұзылған балалар немесе БЦП (балалар церебралды параличі) білім беру, оқыту, тәрбиелеу, түзету мәселелерімен шұғылданады.
Осы аталған салалардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктеріне қарай зерттеу, түзету және тәрбиелеу жұмыстарын қарастырады.
Қазіргі таңда қоғамымызда ақаулығы бар балаларды оқыту тәрбиелеу және түзету бұл күрделі болып танылған әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр. Мұндай балалар дер кезінде үйлесімді, жан-жақты, кешенді көмекті қажетсінеді.
“Anomalіа”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психикалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді. Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына: есту қабілеті бұзылған; көру қабілеті бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; интеллектілік дамуы бұзылған; психикалық дамуы тежелген; тірек-қимыл аппараты бұзылған; күрделі түрдегі бұзылыстар; психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған; сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір ағзаға байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар:-денелік ақаулықтар,-сенсорлы бұзылыстар,-ми қызметінің бұзылыстары.
Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |