Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы.
Психикалық дамуы тежелген балалар – тұрақты түзетуді педагогикалық- психологиялық тұрғыдан үйлесімді жағдай жасауды және медициналық емдеу шараларын да қажет етеді.Мектепте қиындықпен оқылатын балалар тобының көп бөлігі психикалық дамуы тежелген балалар тобы құрайды. Мұндай көпсандық топтың 50% жуығы бастауыш сынып оқушыларын қамтиды және бұл оқушылар тобы педагог –психологтарды өздеріне еріксіз назар аудартады.
Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тәртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің әлсіреуінен тереңдей түседі – жүйкесі тозып, соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды. ПДТ балалардың барлығына тән ерекшілік қоршаған орта және өзі жайында ұғым түсініктері үзік-үзік шектеулі, моральдық норма туралы түсінігі анық емес, танымдық қызығушылығы әлсіз, танымдық белсенділіктері төмен, ақыл-ой операциялары мен әрекеттері жеткілікті қалыптаспаған, сенсорлық жаңалықтарды қабылдауда және оны өңдеуде жылдамдығы жай болу жиі байқалады, әрі коммуникативті қарым-катынастары жеткіліксіз дамымағандықтарымен сипатталады.
Балалардың сөйлеу тілінде қалыс қалушылық, сөйлеу белсенділігі төмен, әсіресе дыбыстау кемшілігі, аграмматизм, сөздік қорлары шектеулі, сөзді реттей алу функциясы баяу деңгейде көрініс береді. Оқу және ойын мотивациясын игеруде әлсіздік байқала отырып, өз мінез-құлықын реттеуде мағынасыздық қалыптасып көрініс береді, эмоционалдық ерік-сфераларында қозғыштық, сезгіштік және тұрақсыздық байқалады. Балалар моторикасының жетіспеушілігі, әсіресе ұсақ қол моторикасы, қозғалыс координациясының қиыншылығы, гиперактивтілік байқалады. Психикалық дамуы тежелген балаларды қалыпты дамыған балалармен салыстырып қарағанда жас жағынан сәйкес келгенімен, танымдық әрекетерінің дамуы зейіні, қабылдауы, ойлауы, сөйлеуі, есте сақтаулары жағынан қалыстық байқалады. Мұндай балаларға дер кезінде дамуына үйлесімді педагогикалық тұрғыдан көмек, әрі бағыт беріліп жақын арада дамытылса, олардың дамуында ілгері басушылық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |