Екінші және үшінші топ мүгедектері еңбек ете алады және оқи алады. Еңбек етуге қабілеті бар мүгедек балалар мен жасөспірімдерге кәсіби бағдар және кеңес беру жұмыстары мектепте оқып жүргенде басталады. Еңбек ету қабілеттілігін ұйымдастыруда адам әрекетінің сол немесе басқа қабілеті ішкі және сыртқы факторлерге бағынады.
Медициналық-әлеуметтік –педагогикалық патронаж.
Медициналық-әлеуметтік–педагогикалық патронаж- балаға, оның ата-анасына, күрделі проблемаларды шешуде мұғалімдерге, емдеу, арнайы оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтендіру, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше көмек түрі деп түсіндіріледі. М-Ә-П-лық паронаж кешені оңалтуға бағытталған көмектің кең спектрін болжайды. Ол жанұядағы баланың дамуына және әртүрлі бейінді мамандардың жұмысымен бірге жүзеге асуына бағытталған. Ол алғашқы жоспарларды, жеке оңалту бағдарламаларды, білім беру маршрутын таңдауда ақпаратты ізденіс бірлестіктерін диагностикалауды анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |