Ауытқушылықтарды тексеруде психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері.
Ауытқушылықтарды тексеруде психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері де қолданыфлады. Олар төмендегідей:
1. Әңгіме әдісі. әңгіме баламен қарым-қатынас орнатудың құралы ретінде қолданылады. Ол балаланң мінез-құлық ерекшеләіктері мен қасиеттері туралы мағлұмат алуға, дамудағы кейбір ауытқушылықтардың себептерін ашуға мүмкіндік береді. Балаланың ақыл-ой қабілеттерін тексеруде айқындалуы қажет мағлұматтар: баланың өзі туралы, ата-анасы, жақын туыстары мен достары туралы ойлары: «отбасы», «көрші», «туысқан» т.б. ұғымдарды ажырата алу біліктері; уақыт, табиғат құбылыстары түсініктері, кеңістікте бағыт-бағдар таба білу (оң-сол, жоғары-төмен) дағдылары, отан туралы, оқыған кітаптары мен көрген фильмдері туралы түсініктері мен елестетулері т.б.
2. Бақылау әдісі. Бақылау мақсатты түрде жүргізіледі және нәтижеде жинақталған материал міндетті түрде тіркеліп отыруы тиіс. Әсіресе баланың ойын әрекетін бақылау өте маңызды. Балаға ойыншықтармен ойнауға мүмкіндік бере отырып, зерттеуші ол туралы алғашқы материалдарды тіркейді, ойыншықты көргендегі эмоциялық реакция сипаты (қуаныш, енжарлық); ойыншықты таңдай білу және ойынды ұйымдастыра білу қабілеттері, ойнау кезіндегі қимыл координациясы да зерттеушіге өте маңызды ақпараттар береді.
3. Суреттерді зерттеу әдісі. Балаларды зерттеп, тексеруде сурет салу-дифференциалдық-диагностикалық маңызды көрсетікіш. Баланың педагогикалық құжаттардағы суреттері белгілі бір тұрғыда күмән туғызса, жағымсыз әсер қалдыратын болса, балаға сурет салуда тақырыптық еркіндік немесе нақты тапсырма бере отырып арнайы зерттеулер жүргізген дұрыс. Баланың тақырыпты таңдай алуы, суреттің сипаты, сурет салу процесі, нақтылы диагноз қоюда қосымша құнды материалдар беруі мүмкін. Ақыл-ойы кем балалар, әдетте, тақырып таңдауда қиналады, сюжет құра алмайды, олардың еркін тақырыпқа салынған суреттерінде белгілі бір ой, фантазия болмайды. Сондай-ақ олар форма, пропорция сақтай алмайды, түрлі түстерді онымен қолдана алмайды, салынған суретті түсіндіріп бере алмайды. Психикалық ауруға шалдыққан балалардың суреттері ерекше болады. Шизофрениямен ауыратын балаларғасуреттің аяқсыз қалуы, негізгі бөліктерінің болмауы немесе көп қабаттылық пен көп құрамдылық, сурет жоспары мен қағаз өлшемінің сай келмеуі қағаз шетінен алысқа кетуден қорқу, т.б. симптомдар тән.
4. Эксперименттік-психологиялық зертеу әдістері. Бұл әдіс әдейі зерттелуі қажет психикалық процестерді жандандыратын белгілі бір ситуацияларды жасауға негізделген. Эксперименттік әдістер көмегімен баланың түрлі жағдайларының себептері мен механизмдерін анықтауға болады. Бұл әдістер баланың дәл қазіргі жай-күйін ғана айнықтап, қоймай, оның дамуына болжам жасауға, сонымен бірге баланың қажетті деңгейде дамуы үшін жүргізілетін жұмыс бағытын ақындауға мүмкіндік береді.
5. Тест әдістері. Балаларды психодиагностикалық мақсатта тексеруде көбінесе Д.Векслердің балаларға арналған тест жүйесі қолданылады. Жеке-дара психологиялық тексерулерде бұл тест бала туралы қосымша мағлұматтармен қатар, баланың өзіне де айтарлықтай көмектесе алады. Бұлтест, әсіресе, ақыл-ой артта қалуының жеңіл түрлерін психикалық дамудың мүлдем тежелуінен ажыратуда өте пайдалы. Д.Векслер тестісінің құрамында вебалды және вербалды емес сипаттағы диагностикалық тапсырмалар топтамасы қарастырылған. Топтама 5 пен 16 жас арасындағы балаларға арналған 12 тестен тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |