3. Ситуациялық есеп:
Төменгі жақтағы жартылай алынбалы пластина протезді тексеру барысында жасанды тістермен антагонист тістердің бір жақты контактың болмауы анықталды.
Тапсырмаға сұрақтар:
1.Протез жасау кезінде жіберілген қатені анықтаңыз.
2.Оны жою жолдарын атаңыз.
3.Бұл қатені болдырмау бойынша алдын алу шаралары.
Билет №4
1. Толық тіссіз жақтардағы алмалы-салмалы протездердің шекараларын белгілеңіз.
• Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы
ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен
жабылады. Алдыңғы тістер аумағында протез шеті олардың мойындарының үстінен өтеді. Премолярлар мен молярлар аумағында шекара тіс экваторынан төмен орналасады.
•Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз
альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді. Алдыңғы табиғи тістер аумағында тістердің тіл
төмпешіктерін жауып тұрады, ал бүйір тістер аумағында шекара тіс экваторынан біршама жоғары өтеді.
2. Паралелометрия. Паралелометр. Негізгі конструкциялық белгілерін сипаттаңыз. Жұмыс жасау принциптерін тусініктемесіні беріңіз.
Протездің кіріп-шығу жолы, орталық сызыққа байланысты кламмердің орналасатын орны арнайы құрылым параллелометр көмегімен жүзеге асады.Параллелометр (грек. parallelos — «қатар жүруші» + metron — «мера, өлшеу») – жақ моделіндегі тістердің шығыңқы жерлерін, екі немесе бірнеше тірек тістер қабырғаларының және жақтың басқа да құрылымдарының, яғни альвеолярлы өсінділердің параллельдігін анықтайтын аппарат. Ең алғаш 1918 жылы Фортунати и Нейсбит ортопедиялық стоматологияда параллелометр қолданған. Протезді кіргізу жолы – протездің кламмерлі элементтерінің ауыз қуысының тірек тістерінен бастап протездің орналасу аймағына дейінгі қозғалысы, бұл кезде окклюзиялық таған өз орнына түседі де, протез базисі протездік аймақта орналасады. Протезді шығару жолы – қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс, яғни, протез базисінің протездік аймақтағы шырышты қабаттан алынуынан бастап, тірек элементтерінің тірек тістерінен толық босатылуына дейінгі жолы. Протезді кіргізу жолының бірнеше түрлері бар, бірақ ең қолайлы жолы таңдалады. Протез оңай кіріп-шығарылатын болса, ешбір кедергілер болмаса, осы ең қолайлы жол болып табылады. Кіргізу жолы кламмердің орналасу орнына байланысты, ал кламмерлер эстетикалық жағынан да әсер етеді. Сондықтан кламмерлер мүмкіндігінше көрінбейтіндей және алдыңғы тістердің формасы сақталатындай дұрыс шешім қабылдау керек. Протезді кіргізу жолдары:
1) Вертикальді
2) Вертикальді оң (қозғалыс негізгі вертикальды жолдан сәл оңға қарай бағытталады)
3) Вертикальді сол
4) Вертикальді артқа
5) Вертикальді алдыға
Параллелометрді жүргізудің 3 әдісі бар:
-Тірек тістердің ұзын остерінің орташа қисаю бұрышын табу (Новак әдісі)
-Еркін әдіс
-Таңдау әдісі немесе логикалық әдіс
Еркін әдіс-Тірек тістердің саны аз болғанда, тіс остері параллелді болғанда және қарапайым құрылымды доғалы протез жасауда параллелометрияның еркін әдісін қолдануға болады. Бұл әдісті жүргізудің мәні былай – параллелометрдің шарнирлі тақтайшасына үлгіні тіс қатарының окклюзиялық беті параллелометрдің графит стерженінің осіне перпендикуляр болатындай етіп орналастырамыз. Графит стерженді әрбір тірек тіске тигізіп оның периметрін сызамыз. Сол сызық бойынша кламмер орналасуы тиіс. Тіс сауытының үстіңгі бөлігіне кламмердің окклюзиондық тағаны мен кламмер иығы орналасады, төменгі жағына кламмердің ретенциялық иығы орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |