Билет №1 Жақтардың орталық ара қатынасын анықтауды сипаттаңыз. Анатомиялық және антропометриялық белгілерін сипаттаңыз



бет6/46
Дата06.09.2023
өлшемі100,97 Kb.
#180330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
протез

3. Ситуациялық есеп:
Клиникаға алынбалы протездің сынуына байланысты науқас жүгінді. Протезді қарап-тексергенде ақтаңдақты бор тәрізді дақтар мен қуыстар анықталды. Протездің сыну себептерін белгілеңіз.
Тапсырмаға сұрақтар:
1.​Протез жасау кезінде жіберілген қатені анықтаңыз.
2.​Оны жою жолдарын атаңыз.
3.​Бұл қатені болдырмау бойынша алдын алу шаралары.


Билет №5
1.Суппле, Люнд бойынша шырышты қабат мінездемесін беріңіз. Өтпелі қатпар, шырышты қабат серпімділігі, шырышты қабат қозғалғыштығы ұғымына түсініктеме беріңіз.
Люнд бойынша шырышты қабықтың икемділігі (податливости) және қозғалысы:
Қатты таңдайдағы сагитальды тігістің 1 аймағы – медиальды фиброзды аймақ.Ол шырышты қабық асты қабаты жоқ жұқа шырышты қабықпен сипатталады – минималды икемділігі.
Альвеолярлы өсіндінің 2 аймағы-перифериялық фиброзды аймақ. Ол жұқа (аз қозғалысты шырышты, әлсіз айқындалған шырышасты қабат) сипатталады.
Таңдай қатпарларының 3 аймағы-майлы аймақ. Ол көптеген май жасушалары бар шырышасты қабаттың болуымен сипатталады - орташа икемділік.
4 аймақ Қатты таңдайдың үштен бір бөлігін безді аймақ құрайды. Ол көптеген бездері бар шырышасты қабаттың болуымен сипатталады - максималды икемділік.


Суппле бойынша жіктелуі:
1-сынып - екі жақта да, сәл серпімді шырышты жабылған альвеолярлы шыңдар (гребни) бар. Таңдайда біршама серпімді, шырышты қабықтың біркелкі қабаты бар. Шырышты қабықтың табиғи қатпарлары (еріндер көпірі) альвеоляр жотасының жоғарғы жағынан алынып тасталады. Бұл шырышты қабық протезге жақсы тіреу бола алады.
2-ші сынып - шырышты қабықша, атрофияланған,альвеолярлы шыңдар мен таңдай жұқа қабатпен жабады. Табиғи қатпалар альвеолярлы шыңдарға жақын орналасқан.Тығыз және жұқа шырышты қабық мембрана алынбалы протезді, әсіресе металл негізде қолдануға ыңғайлы.3-ші сынып - төменгі жақтың альвеолярлы бөлігі және қатты таңдайдың 3/1бөлігі босаңқы шырышты қабықпен жабылған.Мұндай өзгерістері бар науқастар кейде алдын-ала емдеуді қажет етеді. Протез қойғаннан кейін дәрігер науқасқа протез гигиенасын қатаң сақтауды айтуы қажет.4-ші сынып - шырышты қабықтың қозғалмалы перделері қысым түскен кезде оңай ажырайды. Бұл жағдай протездерді қолдануды қиындатып немесе мүлдем қолдануға болмайды.Мұндай қатпарлар көп жағдайда төменгі жақтарда болады. Бұл жағдайда протездеу тек алвеолярлы аймақтағы дөрекі шеттерін кесуден кейін болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет