Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
ТЫНЫСАЛУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ Кеңірдектің атрезиясы – кеңірдектің толық немесе жартылай болмауымен сипатталады. Емі этиологиясына байланысты болады . Кеңірдектің айналмалы тарылуында , оның зақымдалған бөлігінің резекциясы жасалады, кейде кеңірдекті арнайы әдістермен кеңейтеді ( буждау ) . Екіншілік тарылғанда қысып тұрған кистаны немесе ісікті алып тастау операциясы орындалады .
Кеңірдек жыланкөздері . Жыланкөздердің толық және толық емес түрлерін ажыратады. Толык жыланкөздердің кеңірдекке және теріге ашылатын екі тесігі болады. Толық емес жыланкөздерде бір тесік қана болады , соған байланысты олар ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Емі. Хирургиялық операция жыланкөзді кесіп алады.
Кеңірдек - өңеш жыланкөздері – Емі. Реконструктивті операцияны ерте мерзімде орындау керек - жыланкөзді кесіп , өңеш пен кеңірдектегі кемістікті тігу.
Өкпенің агенезиясы - бұл акау өкпе паренхимасынын , бронхтар мен кан тамырларының толық жок болуымен сипатталады.
Өкпенің аплазиясы – бұл акауда өкпе болмайды , бітіп қалған рудиментарлы бронх байқалады . Өкпенің аплазиясы кезінде хирургиялық операцияны рудиментарлы бронхтың созылмалы іріңді аурулары дамығанда ғана жасайды.
Гипоплазия өкпенің толық немесе бір бөлігінің жетілмей калуы болып табылады. Емі. Созылмалы қабыну аурлары дамыса , өкпенің өзгерген бөлігінің резекциясы орындалады.
Өкпенің кисталары . Емі . Хирургиялық операция асқынулар пайда болғанда орындалады солитарлы кистаны алып тастайды , егер кисталар көп болса , өкпенің зақымдалған бөлігінің резекциясы жасалады.