Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
ЖҮРЕКТІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАРЫ Артериялық және веналық қанның араласуына байланысты жүректің туа біткен ақаулары 3 топқа бөлінеді :
1.Терінің қалыпты түсті жүрек ақаулары Қолқаның коарктациясы қолқа сабауының сегментарлы тарылуымен сипатталады, бұл кезде үлкен кан айналым шеңберінде қан ағысының бұзылыстары байқалады. Емі. Хирургиялық операция қолқаның тарылған бөлігінің резекциясы жасалады және анастомоз немесе жасанды протез салынады; кейінгі кездері рентгено - эндоваскулярлы дистанционды ангиопластика орындалып жүр; истмопластика тарылған жерді бойлай тіліп, бүйірлік жамау салу.
2.Жүрек ақауларынын ақ түрі - Қарыншааралық қалқаның кемістігі.
- Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі.
Қарыншааралық және жүрекшеаралық қалқалардың кемістігінін емі. Жүрек кызметінің айкын жетіспеушілігі дамыса, кемістіктің көлемі үлкен болса, екпелік қан айналымы жалпы қан ағымынан 1,5-2 есе жоғары болса және бала 2 жасқа толғанға дейін кемістік өздігінен жабылмаса, хирургиялык ем жүргізіледі – қалқадағы тесікті тігу немесе оны синтетикалық протездердін көмегімен жабу. Операция жасанды қан айналым аспабын қолданып, «кұртак » жүрекке жасалады.
Ашық артериялық өзек . Бұл ақау өкпе артериясының сабауы мен колқаның төмендеген бөлігінің арасындағы артериялык өзектін ( Баталлов өзегінің ) бітіспеуі кезінде байқалады. Емі . Хирургиялык операция орындалады — өзекті лигатурамен байлайды немесе тігіп тастайды , сонымен қатар өзектің эмболизациясы жасалуы мүмкін және эндоскопиялық тәсілмен оны клипстеуге болады.
Жүрек ақауларының көк түрі Магистральді тамырлардың транспозициясы – өкпе артериясының сол карыншадан , ал колканың - оң карыншадан шығуымен сипатталады. Емі . Қан айналымын өзгертетін радикальді хирургиялык операция жүргізіледі : қан ағымының бағытын ауыстырады - қуыс веналардан митральді қақпакна арқылы сол жақ қарыншаға және өкпе артериясына ; өкпе венасынан жүрекшеаралык саңылау арқылы жүректің оң жақ бөлімдеріне және қолқаға қарай бағыттайды.
Фалло триадасы - қарыншааралық қалқаның кемістігімен , оң жақ карыншаның шығатын бөлімінің немесе өкпе сабауының тарылуымен және оң жак карынша миокардының гипертрофиясымен сипатталады. .
Фалло тетрадасы - жиі кездесетін жүрек ақауларының көк түрі . Оған қарыншааралык калканың кемістігі , колканын онға ығысуы (декстропозиция), он жак қарыншаның шығатын бөлімінің тарылуы және оң жақ қарынша миокардының гипертрофиясы жатады .
Фалло пентадасы қарыншааралық қалқаның кемістігі , қолқанын декстропозициясы , оң жақ қарыншаның шығатын бөлімінің тарылуы , он жақ карынша миокардының гипертрофиясы және жүрекше калканың кемістігі.
Емі . Радикальді хирургиялық операция жасалады карыншааралық калканың кемістігін жою , өкпе сабауының пластикасы және оң жак қарыншанын шығатын бөлімінің гипертрофияға ұшыраған бұлшықеттерін кесіп алып тастау.
Құрсақ пен асқазан даму ақаулары