4. Сепсистің даму сатысы- жарада ірің пайда болады , алыста орналасқан ағзалар мен тіндерде іріңді метастаздар дамиды.
|
Билет № 17
1. Металл аспаптарды және спора түзуші инфекция жұққан аспаптарды залалсыздандыру.
2. Газды ганренаның алдын алуы және емі.
Жауабы:
1.
Пайдаланылған құрал - саймандарды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салады . Олар ерітіндіге толық батып жатуы керек . Дезинфекциялық ерітінділерге 3 % хлорамин ( экспозициясы -40-60), 6 % сутегінің асқын тотығы ( экспозициясы – 90 мин ) , 0,1 % диоцид , 5 % лизол ерітінділері ( экспозициясы 30 мин ) жатады . Іріңмен ластанған құрал саймандар мен шприцтарды 0,1 % диоцид немесе 5 % лизол ерітінділерінде 30 минутқа малып қояды . Содан кейін , осы ерітінділерде щетканың көмегімен жуады . Анаэробты инфекциямен салданған науқасқа операция жасағаннан соң , құрал - саймандар мен шприцтарды құрамында 6 % сутегінің асқын тотығы мен 0,5 % жуғыш заты ( жуғыш ұнтағы ) бар арнай ерітіндіге 1 сағатқа батырып қояды , содан кейін осы ерітіндіде щеткамен жуып 90 минут қайнатады . Соңынан құрал - саймандарды ағынды суда 5 минут жуу керек . Осыдан кейін ғана , залалсыздандыру алдындағы дайындықтың келесі кезеңін жүзеге асыруға көшуге болады .
Достарыңызбен бөлісу: |