Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет122/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Дезинтоксикациялык әсер ететін қан алмастырушы сұйықтықтар
Қолдану көрсеткішіне іріңді - резорбтивті қызбамен қатар жүретін ауыр іріңді- кабыну аурулар, іріңді перитонит, ішек түйілуі, сепсис, күйік ауруы, операциядан кейінгі және жаракаттан кейінгі жағдайлар жатады. Препаратты колданудың карсы көрсеткішіне тромбофлебит, тромбомболиялық жағдай жатады (эмболияның кауіптілігіне байланысты).
ПАРЕНТЕРАЛДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР
Нәруызды гидролизаттар - гидролизаттарды қанның Нәруызды қоректендіруші қызметін толықтыру үшін қолданады. Препарат нәруыздар гидролизі (гидролизаттар) өнімдерінің ерітінділері болып табылады, құрамында алмастырыла тын және алмастырылмайтын аминқышқылдары және төмен молекулярлы пептидтер болады. Соңғысы құйған кезде бауырда соңына дейін ыдырауға ұшырайды. Аминқышқылдар + Пептидтер техникалық казейіннен алына ды . Аминқышқылдар + Декстроза + Минералды тұздар + Пептидтерді құюға пайдаланылмаған бүтін донор канынан, эритроцитарлы массадан және плаз маны дайындағаннан кейінгі кaн ұйындысынан, сонымен бірге ескі (плацентарлы) каннан дайындайды. Бүтін нәруызды молекула бауырда ыдырауға ұшырайды, сондықтан бүтін қанды, плазманы, сарысуды қоректі орта деп санамау керек және олар тек гемокоррекция үшін қолданылуы мүмкін.
Нәруызды каналмастырушы ерітінділерді және аминқышқылды қоспаларды қолдануға көрсеткіштер.
Нәруызды гидролизаттарды наукасты операцияға дайындағанда қолданады. Әртүрлі патологиялық жағдайлар - онкологиялық аурулар, іріңді қабыну үрдістері, аурулар, шынайы қоректенудің бұзылысымен қатар жүретін асқазанның ойық жара ауруы, өңештің, асқазанның антральды бөлігінің стенозы т.б. Нәруыз гидролизаттарын және аминқышқылдардың қоспасын қолдану, дис- және гипопро теинемияны коррекциялауға мүмкіндік береді. Операциядан кейін нәруызды каналмастырушы ерітінділерді пайдалану, әсіресе өңешке, асқазанға, ішекке организмнің қалыпты азоттык тепе - теңдігін сақтауға мүмкіндік береді, операциядан кейінгі кезеңнің ағымын қолайлырақ өтуін қамтамасыз етеді.
Нәруыз гидролизаттарын іріңді қабыну ауруларында (перитонит кезінде, плевра эмпиемасында, өкпе абцесінде, көлемді флегмоналарда, остеомиелит кезінде) және ішек түйілуінде де әрқашан айқын нәруыз ыдырауымен және оның экссудатымен, іріңмен, ішектің бөліністерімен жоғалуы катар жүретіндіктен қолдану көрсетілген. Нәруызды каналмастырушы сұйықтарды күйік жарақаты кезінде көп мөлшерде нәруыз жоғалтумен және соңынан плазма жоғалту қатар жүретін күйік ауруында, сонымен бірге оған іріңді - қабынулы асқыну қосылған жағдайда пайдаланудың үлкен маңызы бар.
Майлы эмульсиялар Соя бұршақтарынын майы + Үш глицеридтер — Оларды көп мөлшерде калориялы, шектеулі көлемдегі сұйықтықтарды енгізу қажет болған жағдайларда барынша пайдалануға болады. Майлы эмульсияларды құюдың карсы көрсеткішіне шок, ерте операциядан кейінгі кезен, бауырдың ауыр аурулары, майлы эмболиялар, тромбофлебит, тромбоэмболия, айқын атеросклероз, компенсацияланбаған қант диабеті, май алмасуының бұзылысы жатады.
Қанттар, көп атомды спирттер - Организмнің энергетикалық сұранысын қанағаттандыру үшін парентеральды қоректендіруде декстрозаны, фруктозаны, сорбитолды пайдаланады. Декстрозаның артык мөлшері бүйректермен тез шығарылады, сондықтан оны жеке өзін сирек пайдаланады, оны баска каналмастырушы сұйықтарға косымша энергетикалық ретінде, әсіресе нәруыз гидролизаттарына қолданады. Глюкозаның организмге сорылуы бұзылғанда ( кант диабеті, стресс, шок ) фруктозаны, сорбитолды пайдаланады. Фруктоза толығымен бауырда метаболизмге ұшырайды, оның сорылуы инсулинге байланысты емес, 5 % , 10 % немесе 20 % ерітінді түрінде қолданылады, Сорбитол - бауырда ыдырау жолымен сіңірілетін көп атомды спирт. Оның сіңірілуі инсулинге байланысты емес, сондықтан оны қант диабетімен ауыратын науқастарды парентеральды коректендіру үшін пайдаланады. Қолданылатын қанттар организмде нәруыздардың жиналуына ықпал жасайды.
ЭЛЕКТРОЛИТТІ ЕРІТІНДІЛЕР Теңгерілген трансфузиялық терапия, электролитті ерітінділерді интер стициальды кеңістіктегі осмостық қысымды калпына келтіру және ұстап тұру максатында енгізуді қарастырады. Электролитті ерітінділер қанның реологиялық қасиетін жақсартады, микроциркуляцияны қалпына келтіреді.
Шок кезінде, кан жоғалтуда, ауыр иноксикацияларда, наукастын сусыздануында жасуша аралық кеңістіктен кантамыр арнасына сұйықтық ауысуы болып, ол интерстициальды кеңістікте сұйықтықтың жеткіліксіздігіне мүмкіндік туғызады. Төмен молекулярлы салмақта болатын тұзды ерітінділер, капиллярлар қабырғасы аркылы интерстициальды кеңістікке жеңіл өтеді және сұйықтықтың көлемін қалпына келтіреді. Барлық тұзды кан алмасты рушы сұйықтықтар қантамыр арнасынан тез шығып кетеді. Кандағы айналым уакытын жоғарылату үшін, оларды коллоидты ерітінділермен бірге қолданады.
Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі - 0,9 % натрий хлоридінін сулы ерітіндісінен тұрады. Организмнің сұйыктыкты көп мөлшерде жоғалтудың жасуша сыртылык дегидротациясымен қатар жүруінде препарат ты тәулігіне 2 л - ге дейін енгізуге болады. Шокка карсы әсер ететін кан алмастырушы ерітінділермен, қан құю кезінде біріктіріп қолданады.
Рингер - Локк ерітіндісі. Оны шокты емдеуге, сонымен қатар жоғалған канның орнын толтыру үшін құйылатын қанмен, глазмамен, гемодинамикалык әсер ететін қан алмастырушы сұйықтықтармен біріктіріп қолданады.
ПАРЕНТЕРАЛЬДЫ ҚОРЕКТЕНДІРУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ Организмнің шокпен, кан жоғалтумен, операциямен және тағамды табиғи қабылдаудың бұзылысымен байланысты, ауыр жағдайларындағы АҚК тапшылығын толықтырумен қатар және сулы - электролитті тепе тендікті толықтыру, организмнің айқын өршитін стрестік жағдайларында, энергетикалық және пластикалық материалдарға сұранысын қамтамасыз ететін трансфузиялык терапия қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет