Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
2.Тілме. Себебі, жіктелуі, клиникасы, емі және алдын алу жолдары. Тілме деп-терінің немесе шырышты қабықтардың жедел серозды экссудативті қабынуын айтамыз. Оның қоздырғышы патогенді стрептококк ягни В - гемолитикалық стрептококк болып табылады. Терінің жарылуы және жаралары инфекцияның түсуіне жағдай жасап, олардың өсіп - өнуіне себепші болады. Бұл патологиялык үрдіс бет пен бас терісінде жиі дамиды, ал аяқ колда сирек кездеседі. Тілменің дамуында дененің жалпы және жергілікті өзгерістері маңызды орын алады. Инфекция патогенді стрептококкпен ластанған терінің микрожаракаттары арқылы енеді, сирек жағдайда лимфогенді жолмен таралады.
Тілменін жіктелуі Қабынудың түріне байланысты:
1. Эритематозды тілме - терінің тез, әрі айкын кызаруымен сипатталады.
2. Буллезді көпіршікті тілме - терінің қызарған аймағында серозды немесе ірінді сұйыктыкқа толы көпіршіктер пайда болады.
3. Флегмонозды тілме - iрiндi кабыну үрдісінің дамуымен сипатталады.
4. Өліеттенген тілме - тіндердің өліеттенуімен ерекшеленеді.
Клиникалық ерекшеліктеріне байланысты;
1.Жедел. 2.Рецидивті - қайталанбалы. 3.Миграциялық - орнын алмастырушы болып бөлінеді.
Клиникалық көрінісі мен емі Эритематозды түрі аурудың алғашқы күндері жалпы белгілер жергілікті белгілерге қарағанда басым болады. Дененің қызуы 40С дейін көтеріледі, бастың ауыруы, калтырау, құсу, тахикардия, әлсіздік байқалады. Жергілікті белгілер - ашык - қызыл түсті, шекарасы анык, тегіс емес гиперемия географиялық карта тәріздес болады; катты ауыру сезімі күйген тәріздес болады; жергілікті гипертермия, лимфа тамырларының зақымдалуының салдарынан ісінудің дамуы. Тері асты шелмайы борпылдақ жерлерде ягни ен, жыныс еріндері, көздің қабактарында айкын ісіну байқалады.
Емі - консервативті. Пенициллин тобының антибиотиктері және сульфаниламидтер онын ышынде стрептоцид тағайындалады. Жергілікті емі - субэритемді мөлшердегі ультракүлгін сәулелер қолданылады.
Буллезді түрі жалпы интоксикация белгілері эритематозды түріне караганда айкын байқалады. Локсу, құсу пайда болады, диурезі азаяды. Зәрде - белок, эритроциттер, цилиндрлер кездеседі. Жергілікті - мальпигий қабатының жасушалары ісініп, эпидермис ажырайды да, серозды немесе геморрагиялык (ауыр жағдайларда) сұйықтыққа толған көпіршіктер пайда болады. Осының барлығы айқын гиперемиямен және ісінумен кабаттасып жүреді. Көпіршіктерде коп мөлшерде стрептококктар шоғырланады, бұл жанаспалы инфицирленудің қаупін туғызады.
Емі, Жалпы емі - жартылай синтетикалық пенициллиндерді парентеральді жолмен енгізу керек. Кен спектрлі әсер ететін антибиотиктерді бұлшыкетке де, венаға да тағайындайды. Сульфаниламидтердің көп мөлшерін ішкізеді. симптоматикалық Инфузионды, дезинтоксикациялык, түзеуші иммундық ем жүргізіледі. Жергілікті емі міндетті түрде көпіршіктерді ашып, ажыраган эпидермисті кесіп алады, сөйтіп левосинмен, левомекольмен және немесе дноксидинмен таңады . Ультракүлгін сәулелерді қолданады . Тілменің бұл түрі флегмонамен асқынуы мүмкін .
Флегмонозды түрі жалпы интоксикация белгілері тілменің басқа түрлеріне қарағанда айқынырақ болады. Науқастың жағдайы ауыр. Жергілікті белгілері: терінің бетіндегі өзгерістер және гиперемия әлсіз дамыған. Тері асты шелмайының серозды - іріңді экссудатпен зақымдалуы және онда іріңнің жиналуы байқалады. Ісіну жайылады, кейде тіндер ыдырайды.
Емі: хирургиялык жолмен емделеді флегмонаны тіледі, жараны гипертониялық ерітіндіге немесе гидрофильді майларға малынған дәкелермен күнделікті таңады . Жергілікті физиотерапия жүргізіледі . Операциядан кейінгі кезеңде антибактериальді, дезинтоксикациялық және симптоматикалык түзеуші емді тағайындайды. Әлсіреген және жүдеген науқастарда буллезді және флегмонозды тілме өліеттенген түріне ауысуы мүмкін .
Өліеттенген түрі. Жалпы белгілер – бұл іріңді интоксикацияның белгі дерінің өте айкын болуымен сипатталады, тіпті сепсис дамуы мүмкін. Жергілікті - терінің және коршаған тіндердің өліеттенуі байқалады, ол ары карай таралуына бейім болып келеді.
Емі:мұндай науқастарды емдеу қиынға соғады. Оларға наркозбен некрэктомия жасайды. Консервативті емнің барлық түрлерін тағайындайды. Кейбір жағдайларда аутодермопластика орындалады.