Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет138/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Клиникалық көрнісі: Жалпы белгілер ірінді интоксикацияның белгілеріне сәйкес болады, бірақ өзіне тән дененің қызуы байқалады, Температуралық сызық тәулік бойына 2,5 немесе одан да көп градусқа ауытқып отырады. Созылмалы абецесстерде интоксикация айқын емес және температурасы субфебрильді болады.
Жергілікті белгілер: Беткей орналасқан абсцесстерде айқын ісіну, флюқтуация (өте маңызды белгі), ауыру сезімі, гипертермия байқалады, терінің гиперемиясы болуы да, болмауы да мүмкін, Флюктуация белгісі тіндерде шектелген сұйықтықтың (қан, экссудат, ірің және т.б.) бар екендігін білдіреді.
Диагнозды нақтылау үшін, оған пункция жасау керек. Терең абсцесстерде жергілікті белгілер байқалмауы мүмкін. Мұндай
абсцесстерді анықтау үшін, қазіргі кездегі зерттеу әдістерінің барлығын
пайдалану кажет - рентгенологиялық, УДЗ, КТ, радиоизотопты зерттеулер және т.б. жүргізіледі. Белгілі бір ағзада абсцесс дамитын болса, сол ағзаның қызметінің бұзылу белгілері анықталады.
Терең абсцесстерді анықтау, кейде клиницисттерге қиындық туғызады.
Жай абсцессті сүйек пен буынның туберкулезінде кездесетін суық
абсцесстен ажырата білу керек. Суық абсцесстердің даму ағымы ұзақ болады, іріңді интоксикация белгілері байқалмайды, температурасы субфебрильді болады, флюктуация белгісі болса да, жергілікті гиперемия мен гипертермия анықталмайды. Диагностикалық пункцияны жасағанда, абсцесстің үстіндегі теріні жылжытып, инені енгізу керек. Пункция кезінде алынған іріңнің иісі болмайды, құрамында ірімшік тәріздес массалар кездеседі.
Емі: абсцесстің негізгі емі - хирургиялық тәсіл болып табылады. Іріңдікті тіліп, тазартады да, қуысына дренаждар орнатылады. Кейде іріңдікті жармай, пиогенді қапшығымен бірге сау тіндердің деңгейінде кесіп алады (әдетте кішігірім беткей орналасқан абсцесстерде орындалады). Абсцесс орналасқан ағзаның резекциясы да жасалады. Қазіргі кезде абсцесстерді пункционды әдіспен емдейді, ол рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық бақылаудың көмегімен жүзеге асырылады.
Абсцесстерді тіліп ашып, өліеттенген тіндерді кесіп алғаннан кейін,
іріңдікті жабық тәсілмен емдейді. Ол үшін іріңдіктің қуысына дренажды
түтіктер орнатылып, белсенді аспирация жүргізіледі. Бұл әдіс жараның
жазылу мерзімін 2-3 есе қысқартады.
Сонымен қатар, операциядан кейін науқастарға кешенді консервативті
ем жүргізіледі. Міндетті түрде, антибиотиктер мен детоксикация тәсілдері тағайындалады. Сепсис кезінде дамитын метастазды абсцесстерді консервативті әдістермен емдейді. Олардың көлемі кіші, пиогенді қапшығы жұка және олар әдетте бірнешеу болады.
Флегмона - бұл шелмайының және шелді кеңістіктердің шектелмейтін,
жайылған жедел іріңді қабынуы. Флегмонаны көбінесе стафилококк тудырады. Сонымен қатар, ол басқа да іріңді микрофлораның әсерінен дамуы мүмкін. Инфекция зақымдалған тері мен шырышты қабықтардан енеді, ірінді ошақтардан лимфогенді және гематогенді жолдармен тарайды, сөйтіп тіндерде қабыну үрдісін тудырады. Сонымен қатар, флегмонаның даму себептеріне әртүрлі инъекциялар (постинъекционды флегмона), сыздауык, карбункул және басқа да ірінді аурулардың асқынуы жатады. Флегмоналар шелмайы, кан тамырлары мен шандыр футлярларының бойымен тарайды. Флегмонаның кейбір түрлерінің өзінің арнайы аттары болады: парапроктит, параколит, паранефрит, медиастинит, аденофлегмона, параартикулярлы флегмона.
Экссудаттың сипатына байланысты флегмонаның серозды, іріңді, іріңді-
геморрагиялық және шірікті түрлерін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет