Біріншілік сүйек сүйелі 4 қабаттан түзіледі: ішкі (эндостальді);
аралық (интермедиарлы);
сыртқы (периостальді);
параоссальді (сынықтың айналасы).
Эндостальді қабат - эндост және сүйек кемігінің ретикулярлы
жасушаларынан дамиды. Осы жас жасушалар сынған сүйек ұштарының
аралығын толтырып, сүйек сүйелінің эндостты кабатын түзеді.
Интермедиальді қабат - сүйектің остеон және Гаверсов өзекшелерінің
жасушалық элементтерінен дамиды.
Периостальді қабат - сүйек қабығының камбиальді жасушаларының
көбеюінен түзіледі. Бұл сүйелдің регенерацияны анықтаушы ең үлкен қабаты.
Сүйек қабығы сақталғанда, сүйектің үлкен аумақты жарақаттары да қалпына
келеді. Ал сүйек қабығымен қапталмаған ортан жіліктің мойны, білезіктің
қайық тәрізді сүйегі және басқа да сүйектер баяу тұтасып бітіседі.
Сынықтың айналасындағы жұмсак тіндерден сүйек сүйелінің параос-
сальді қабаты түзіледі.
Сүйек сүйелінің дамуымен бірге жаңа эндостальді сүйек дамиды, ол сүйек
майының өзегін скі жағынан кемікті затпен толтырып бітейді.