Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Билет № 32 1. Қан құю кезіндегі асқынулар. Асқынулардың даму себептері. Клиникасы, емі, алдын алуы



бет131/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Билет № 32
1. Қан құю кезіндегі асқынулар. Асқынулардың даму себептері. Клиникасы, емі, алдын алуы.
Қан немесе оның бөлшектері, қанның өнімдері клиникада кең қолданылады және салыстырмалы кауіпсіз, әрі нәтижелі емдеу әдісі болып табылады. Бiрак, қан құю ережесі бұзылса, қарсы көрсеткіштері толык бағаланбай, қан құйғанда қателіктер жіберілсе, трансфузиялық реакциялар мен асқынулар дамуы мүмкін.
Гемотрансфузиялық асқынулар. ABO жүйесі мен резус - фактор анти гендері бойынша сәйкес емес қанды құйғанда, гемотрансфузиялық шок дамиды. Ол сәйкес емес қанды кұю барысында немесе алғашқы минуттар мен сағаттарда дамуы мүмкін. Патогенезінде донор эритроциттеріне реципиент антиденелерінің әсер ету салдарынан жылдам дамитын тамырлык гемолиз жатады. Бірақ кұйылған плазмада донордың антиденесінің титрі жоғары болса, реципиенттің эритроциттері гемолизге ұшырауы мүмкін. Қанның сәйкес келмеуінің негізгі себептеріне, дәрігердің іс - қимылдарының қателіктері мен қан құю ережелерін бұзуы жатады. Шоқтың 3 дәрежесін ажыратады: І дәрежеде - систолалық қан қысымы 81-90 мм. сын. бағ. дейін төмендейді; ІІ дәрежеде - 71-80 мм. сын. бағ., ал III дәрежеде - 70 мм. сын. бағ. төмен болады.
Гемотрансфузионды шоктың кезеңдері: 1) гемотрансфузиялық шоктың өзі; 2) олигурия немесе анурия кезені; 3) диурездің қалпына келу кезеңі; 4) жазылу кезеңі.
Олигоанурия кезеңінде диурез азаяды, тіпті анурия мен уремия дамуы мүмкін. Бұл кезең 1,5-2 аптаға дейін созылады. Дирездін қалпына келу кезеңі полиурияның дамуы мен азотемияның төмендеуімен сипатталады, ұзақтығы - 2-3 апта. Жазылу кезеңі 1-3 айға дейін созылады, ол бүйрек жетіспеушілігіне байланысты болады.
10-30 мл кан кұйылғаннан кейін, трансфузияның алғашкы 30-60 секундында немесе трансфузиядан сон және жакын арадағы уақытта шоқтың клиникалық белгілері көріне бастайды. Науқас мазасызданады, калтырау, ентігу, көкіректің қысылуы, бел аймағы мен бұлшық етінде ауыру сезімі байкалады, беті кызарады, кейде бозару немесе цианоз анықталады. Локсу, кұсу, еріксіз несептің болінуі мен дефекация болуы мүмкін. Қан касымы төмендейді, тамыр соғуы жиі, әрі әлсіз болады. Бұл белгілердің үдеуінің салдарынан, наукас өлімге ұшырауы мүмкін. Операция кезінде наркозда жатқан науқасқа сәйкес емес кан кұйылса, шок көріністері байқалмайды немесе әлсіз болады. Бұл кезде қан қысымы төмендейді немесе жоғарылайды, операциядағы жара тіндері қатты кансырайды. Наркоздан оянғаннан кейін, науқаста тахикардия, кан кысымының төмендеуі, жедел тыныс жеткіліксіздігі байқалады. Резус - фактор бойынша сәйкес емес қанды құйғанда , гемотрансфузиялык шок 30-40 минуттан немесе бірнеше сағаттан кейін дамиды Сирек кездесетін, ABO жүйесі және резус - фактор бойынша сәйкес емес эритроцитті массаны күюдан басқа жағдайларда, Rh (C), Rh (Е), HP (d), Нr (c), Нr (е) резус жүйесінің антигендеріне және Lewis, Duffi, Kell, Kidd, т.б. жүйелердің антигендеріне байланасты асқынулар болуы мүмкін, бірақ АВО және резус - фактор (Rh ° D) антигендеріне қарағанда, олардың антигендік әсері төмен болады .
Наукасты шоктан шығару кезінде, жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Алғашқы күндерде диурездің төмендеуі (олигоурия), несетін салыстырмалы тығыздығының төмендеуі және уремия белгілерінің үдей түсуі байқалады. Жедел бүйрек жетіспеушілігінен анурия дамиды. Қанда калдыкты азоттың, мочевинанын, билирубиннің мөлшері өсе бастайды. Бұл кезең ауыр жағдайда 8-15, тігі 30 тәуілікке дейін созылады. Диурез калпына келген кезде, жазылу кезеңі басталады. Уремия дамыса, наукас 13-15 күнде олiп калуы мүмкін.
Гемотрансфузиялық шокты емдеу, қан құюды тоқтатудан басталады және сәйкессіздіктің себебін аныктамас бұрын, бірден шокка қарсы интенсивті ем шараларын жүргізу керек.
1. Қан қысымы төмендегенде – тамыр кызметін ынталандыру және антиген - антидене реакциясын баяулату мақсатында адреналинді, кортикостериодтарды (50-150 мг преднизолонды немесе 250 мг гидрокортизонды) және антигистаминді ерітінділерді (димедролды, супрастинді немесе тавегилды) енгізеді.
2. Гемодинамика мен микроциркуляцияны калпына келтіру үшін, плазма алмастырушы сұйықтықтарды қолданады: полиглюкин, реополиглюкин, тұцы ерітінділер.
3. Гемолиз өнімдерін шығару үшін, лазикс, маннитол дәрілерін пайдаланады. 4. Диурезді күшейту үшін, натрий гидрокарбонатын немесе натрий лактатын енгізеді.
5. Бүйректің қан айналымын жақсарту үшін, Вишневский әдісімен екі жакты паранефральді новокаин коршауын жасайды.
6. Ылғалдатылған оттегіні береді, тыныс жетіспеушілігінде өкпеге жасанды желдендіру жүргізіледі.
7. Жедел бүйрек жетіспеушілігінде дәрілік емнің нәтижесіз болуы және уремияның үдеуі кезінде гемодиализ, гемосорбция және плазмаферез жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет