Нуржамал
Билет 33
1. Сүйек сүйелдің пайда болуы мен құрылу кезеңдері.
Сынықтың тұтасып бітуі - өте күрделі және ұзақ биологиялық үрдіс, ол
жарақаттан кейін бірден басталады.
Сынықтың айналасына аққан қан, сулы ісік сұйықтығы жиналады.
Қан ұйып, екінші күннен бастап экстравазатқа тамыр түзілістерімен бірге
мезенхимальді жасушалар еніп өседі. Сынықтың қасында пайда болған
тіндердің ыдырау өнімдері, васкуляризация үрдістерін ынталандырады. Ары
қарай экстравазат жартылай сорылып, жартылай құрамдалады. Бұл үрдіс 5-7
күннен соң аякталады. Жарақат алғаннан 30 -шы күнге дейін, оның орнында
борпылдак дәнекер тін түзіледі. Бұл сүйектердің байланысуын қамтамасыз
етеді, осылай біріншілік сүйек сүйелі пайда болады. Осы сүйелден алғашқы
кезде кемікті зат, кейінірек жетілген сүйек тіні дамиды. Сүйек сүйелінің
бірінші бағанашықтары сынықтан кейін, 4-5 күннен соң пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |