Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
Билет № 29 1. Қаналмастырғыштардың химиялық құрамы мен емдік әсері бойынша жіктелуі. Қаналмастырғыштардың құюға көрсетілген жағдайлар. Қан алмастырушы сұйықтықтар физикалық біртекті, организмге барлық бағытта әсер ететін трансфузионды орта деп аталып, қанның белгілі бір қызметтерінің орнын басуға қабілетті. Қан алмастырушы сұйықтықтардыің әртүрлі қоспалары немесе оларды қолданғаннан кейін организмге кешенді әсер етуі мүмкін. Кан алмастырушы сұйықтықтар келесі талаптарға жауап беруі қажет:
• қан плазмасының физико - химиялық қасиеттеріне ұқсас болу керек;
• организмнен толығымен шығарылады немесе ферменттік жүйемен мета болизмге ұшырайды;
• организмге кайталап енгізгенде сенсибилизацияны шақырмауы керек;
• ағзалар және тіндерге уытты әсер етпеуі керек;
• залалсыздандыруға төзімді, ұзақ уақыт бойы өзінің физико - химиялық және биологиялык касиеттерін сактауы керек.
ҚАН АЛМАСТЫРУШЫ СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ (ӘСЕР ЕТУ БАҒЫТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ)
• Гемодинамикалык (шокка қарсы).
- Төмен молекулярлы декстрaндaр — декстран ( орт, мол.масса 30 000 - 40 000), Декстран [ор. мол, масса 30 000—50 000] + Маннитол + Натрий хлориді. - Орташа молекулярлы декстрaндaр — декстран ( ор.мол. масса 50 000– 70 000]
- Желатин препараттары,
- Оксиэтилкрахмал негізіндегі препараттар - гидроксиэтилкрахмал.
•Дезинтоксикациялык - Төмен молекулярлы поливинилді спирт.
• Парентеральды қоректендіруге арналған препараттар.
- Нәруызды гидролизаттар — Аминқышқылдар + Пептидтер, Аминоқышқылдар + Декстроза + Минералды тұздар + Пептидтер.
- Аминокышқылдардың препараттары — полиамин.
- Майлы эмульсиялар – соя бұршақтарының майы + үш глицеридтер.
- Қанттар және көпатомды спирттердің ерітінділері - декстроза, сорбитол, фруктоза.
• Су - тұз және кышкыл - негізді жағдайдын реттегіштері.
- Тұзды ерітінділер — натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, Рингер ерітіндісі.
- Буферлік ерітінділер — натрий гидрокарбонатының ерітіндісі , троме тамол ерітіндісі.
• Оттегіні тасымалдағыштар — перфторан, перфукал.
Гемодинамикаға (шокка қарсы) әсер ететін қан алмастырушы сұйықтықтар Орташа молекулярлы қан алмастырушы сұйықтықтар негізінен гемодилютант болып есептеліп, АҚК жоғарылатуға және осы аркылы артериалды қан қысымының деңгейін қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Олар қантамыр арнасында ұзақ уақыт айналымда болып, жасуша аралық кеңістіктегі сұйықтықты қантамырға тартады. Бұл қасиеттерін шок, кан жоғалту кезінде пайдаланады. Төмен молекулярлы алмастырушы сұйықтықтар капиллярлық перфузияны жақсартады, қанда аз уақыт айналымда болады, артық сұйықтықты өзімен бірге бүйректер арқылы тезірек сыртқа шығарылады. Бұл қасиеттерін капиллярлық перфузияның бұзылысын емдеуде, организмнің дегидратациясы үшін, және интоксикациямен күресуде токсиндерді бүйректер арқылы шығаруда пайдаланады.
Декстран (ор.мол. масса 50 000—70 ооо) - декстранның коллоидты ерітіндісі. Декстраннын емдік әсер ету механизмі, оның АҚК кантамыр арнасына жасуша аралық кеңістіктен сұйықтықты тарту есебінен көбейтуі және ұстап тұру, және оны өзінің коллоидты касиетiнiн аркасында сақтап тұру мүмкіндігіне негізделген. Препарат кантамыр арнасын да 3-4 тәулік айналымда болады, оның жартылай шығарылу кезеңі 1 тәулікті құрайды. Декстранның гемодинамикалық әсер етуі бойынша барлық белгілі қан алмастырғыштардан асып түседі, өзінің коллоидты осмостық қасиеттерінің есебінен АҚ және ОКҚ қалпына келтіреді, канайналымды жақсартады.
Қолданылуға көрсеткіштер келесідей: шок - жаракаттык, күйіктік, операциялық; жедел канжоғалту; ауыр интоксикация кезіндегі жедел циркуляторлы жетіспеушілік - перитонит, сепсис, ішек түйілуі, т.б.; гемодинамика бұзылған кезінде канды алмастырып құю. Препаратты бас сүйек жарақатында және ішкі қан кетумен жалғасатын бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауында қолдануға болмайды.
Декстран (ор.мол. массасы 30 000—40 000) — Әрбір 20 мл ерітіндісі қосымша 10—15 мл суды тінаралык кеңістіктен байланыстырып, АҚК жоғарылатуға қабілетті. Препарат эритроциттерге қатысты күшті дезагрегациялаушы әсерін көрсетеді, каннын стазын жоюға, оның тұтқырлығының төмендеуіне және қан ағысының күшеюіне мүмкіндік туғызады , яғни қанның реологиялык касиетін және микроциркуляцияны жақсартады. Күшті диурездік әсер ету rе ие болғандықтан , оны интоксикация кезінде жан - жақты қолдана беруге болады. Декстран кантамыр арнасыннан 2-3 тәулік ішінде шығып кетеді, бірақ негізгі мөлшері бірінші тәулікте несеп пен шығарылады. Препаратты қолдануға көрсеткіші баска да гемодинамикалық қан алмастырғыштарға арналған сияқты, одан басқа оны тромбоэмболиялық аурулардың , посттрансфузионды асқынулардың алдын алу және емдеу үшін , жедел бүйрек жетіспеушілігінің алдын алу үшін пайдаланады.
Желатин — Препараттың коллоидтык касиетінің есебінен АКК көбейеді. Желатинолдың негізінен реологиялык касиетін пайдаланады, оның қабілеті қанды сұйылту (тұтқырлығын төмендету), микроциркуляцияны жақсарту. Қоректендіру құндылығына ие емес. Кантамыр арнасында 2 сағаттан кейін 20% ғана қалады, толығымен 1 тәулік ішінде несеппен шығарылады.