Патологиялық анатомиясы . Жара екіншілік тартылып жазылып жат қанда , репаративті регенерацияның көрінісі ретінде жыланкөздің өзегі грануляциямен қапталады . Мұндай жыланкөздер , оларды шақырған себепті жойғаннан кейін , өздігінен жабылуы мүмкін . Ұзақ уақыт қызмет атқарып жатқан грануляциялық жыланкөздерде , одан шығатын бөліністер жыланкөздің қабырғасы мен қоршаған тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетіп , қабынудың дамуына және жыланкөз жолының айналасында тығыз тыртықты тіннің түзілуіне себепші болады . Науқас әлсіздегенде іріңді инфекция жыланкөзді қоршаған тіндерге таралуы , тіпті бүкіл денеге жайылуы мүмкін . Ерінді жыланкөздердің қабырғасын қаптаған эпителий қоршаған терінің эпидермисіне тікелей өтеді , яғни теріде кеміс - кетіктер болмайды деген сөз . Мұндай жыланкөздер қалыптасқан және регенерация үрдістері толық аяқталған болып табылады . Олар өзідігінен жабылып жазыла алмайды . Ағзадан бөлінетін затар теріге түсіп , оның тітіркенуін , сызаттанып жарылуын және ойықтанып жаралануын шақырады , бұл көріністер дуоденальді және жіңішке ішектік жыланкөздерде байқалады . Жыланкөздің сыртқы терiлiк тесігі , ұзындығы әртүрлі өзегі және ішкі тесігі болады . Кейде жыланкөзді өзек түзу емес , бір жерде тарылып , екінші жерде кеңейген болып келеді . Жыланкөздің терiлiк тесігі әртүрлі пішінді және диаметрлі болады . Жыланкөздер көбінесе біреу , сирек жағдайда көп болуы мүмкін . Оның даму механизмі мынадай : әдетте , бұрын пайда болған жыланкөздің айналасындағы тіндерге ағзаның бөліністері , ірің жиналып , абсцесстер түзіледі , олар сыртқа немесе ағзаға жарылып , көптеген жыланкөздердің дамуына себепші болады . Біріншілік көп жыланкөздер актиномикоз ауруында жиі кездеседі .
Достарыңызбен бөлісу: |