Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жергілікті қан айналу бұзылустары (жыланкөздер, жаурлар, ойык жаралар). Жіктелуі, клиникасы, емі және алдын алуы



бет25/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2 Жергілікті қан айналу бұзылустары (жыланкөздер, жаурлар, ойык жаралар). Жіктелуі, клиникасы, емі және алдын алуы.
Жыланкөз деп - грануляциялық тінмен немесе эпителиймен қапталған патологиялық өзекті айтады . Жыланкөздер бір - бірінен пайда болу себебіне , құрылысына , сыртқы ортамен қатынасына және шығатын бөліністердің сипатына байланысты ерекшеленеді .
Жіктелуі
1. Этиологиясына байланысты :
1. Туа біткен эмбриональді генездің бұзылуының нәтижесінде ( даму ақаулары) . 2. Жүре пайда болған : патологиялық жыланкөздер – жарақаттар , ісіктер , қабыну ауруларының салдарынан ; жасанды жыланкөздер – операциядан кейінгі ішкі немесе сыртқы жыланкөздер ( гастростома , колостома , эпицистома және т.б. ) .
II . Құрылысына байланысты :
1. Грануляциялық жыланкөздер – қабырғасы грануляциямен қапталған .
2. Эпителиальді жыланкөздер – қабырғасы эпителиймен қапталған . түтікті жыланкөздер – жыланкөзі бар ішкі ағзаның эпителийі мен тері жамылғысының арасында грануляциямен қапталған жыланкөзді өзек болады . 3. Ерінді жыланкөздер – қуысты ағзаның шырышты қабығының эпителийі тері жамылғысына тікелей өтеді . толық жыланкөздер – ішек бөліністерінің сыртқа толық шығуы ; толық емес жыланкөздер – ішек бөліністерінің сыртқа шығуы және ішектің дистальді бөліміне өтуі .
Ш. Сыртқы ортамен қатынасына байланысты : сыртқы жыланкөз - патологиялық қуыстың немесе қуысты ағзаның тері жамылғысымен өзек арқылы сыртқа шығып байланысуы ; ішкі жыланкөз қуысты ағзалардың бір - бірімен өзек арқылы байланысуы .
IV . Бөліністердің сипатына байланысты : іріңді ; шырышты ; сілекейлі ; өтті ; несепті ; нәжісті ; ликворлы және т.б. е Эпителиальді жыланкөздер көбінесе туа біткен , грануляциялық - жүре пайда болған патологиялық , ерінді – көбінесе жасанды болып табылады . Туа біткен жыланкөздер өзектің ішкі бетінің эпителиймен қапталуымен , бөлінетін затының шырышты болуымен ерекшеленеді және олар ұрықтың даму кемістіктерінің нәтижесі болып табылады .
Жүре пайда болған жыланкөздер ішкі ағзалардың механикалық жарақаттануының ( эндоскопия кезінде , бужирлеу немесе сүңгіні енгізгенде ) және бөгде денелердің зақымдауының нәтижесінде , химиялық заттардың және радиобелсенді сәулелердің әсерінен , оперативті араласулардың ( операция кезінде ағзаның тікелей жарақаттануы немесе қан айналымының бұзылы ) және ағзаның қабырғасының ойық - жарамен , қатерлі іскпен немесе іріңді үрдіспен ыдырауының салдарынан пайда болады . Сонымен қатар , олардың дамуына денеге қондырылған бөгде заттар да ( лигатуралар , трансплантанттар ) себепші болуы мүмкін .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет