Емі . Ойык - жаралардың емі, оны шақырған негізгі себептерді жоюдан басталады. Яғни, варикозды ойық - жараларда варикозды кеңейген веналарды, мерезді ойык - жараларда мерез ауруын , нервтің жарақаттануынан немесе тыртықтанудың нәтижесінде пайда болған трофикалық ойык - жараларда иннервацияның бұзылыстарын түзеуге бағытталған емдеу шаралары жүргізілуі тиіс . Ойық - жараның негізгі себебін жою және оның жазылуын тездету үшін , консервативті және оперативті емдеу тәсілдері қолданылады . Егер негізгі себептер жойылмаса , жазылған ойық - жара қайталануы мүмкін . Консервативті емдеу шаралары: кан мен лимфаның ағып кетуін жақсарту үшін , науқасқа төсектік тәртіп тағайындау және дертке ұшыраған аяқ - қолды көтеріңкі қалыпта орналастыру;
ойык - жараның айналасындағы теріні және түбін мұқият өңдеп тазарту; трофикалық ойық - жараның тазаруына жағдай жасау және экссудаттың таңғышқа жақсы сіңірілуін қамтамасыз ету;
инфекцияға қарсы күрес жүргізу; ойык - жара грануляциямен толғаннан кейін, индифферентті майлармен және тіндердің регенерациясын күшейтетін дәрілік заттармен ( метилурацил, пентоксил, солкосерил ) тану;
аяқ - қолға гипсті лонгетамен иммобилизация жасау ;
дененің регенеративтік қабілетін белсендіру , ол үшін витаминге бай , жоғары каллориялы тағам , емдік жаттығулар кешенін және анаболикалык үрдістерді күшейтетін заттарды тағайындау керек .
Оперативті ем: ойык - жараның қабырғасы мен түбінің қанмен қамтамасыз етілуін қиындатып тұрған, патологиялық өзгерген грануляциялар мен тыртықтарды.кесіп алу; жараны тамыр аякшасы сакталган жылжытылған тері қиығымен жабу.
Билет 9
Достарыңызбен бөлісу: |