Альдегидтер
Формалин - формальдегидтің 37% ерітіндісі. Күшті дезинфекциялық әсер көрсетеді. 0,5-5% ерітінділері қолғаптарды, дренаждарды, құрал- саймандарды залалсыздандыру үшін қолданылады.
Фенолдар
Карбол қышқылы - күшті дезинфекциялық әсері бар. Қазіргі кезде тек басқа заттардың құрамында ғана қолданылады. Мысал ретінде, үштік ерітінді - 20г. формалиннен, 10г. карбол қышқылынан, 30г. сода мен дистиллденген судан тұрады. Құрал-саймандарды, күтім заттарын өңдеуде пайдаланылады.
Сонымен қатар бояғыштар, қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар, детергенттер, нитрофуран туындыларын, хиноксалин туындыларын, майларды және т.б жатқызамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |