Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы



бет24/48
Дата13.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176645
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Øåò ò³ë³í î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³í³? áàñ?à ?ûëûìäàðìåí áàéëàíû

3.Iштен оқуға үйрету
Iштен оқуда негiзгi орын көруге, көздi пайдалануға берiледi. Іштен оқу оқушылардың көру қабілетімен, көру есімен тығыз байланысты. Олар тек фразаны, сөзді, сөйлемді оқып қоймайды. Iштен оқыған кезде лексикалық, грамматикалық және айту дағдылары дамытылады. Көзбен оқу, оқылған сөзді айтудан әлдеқайда жылдам болады. Іштей оқу дауыстап оқу сияқты маңызды. Іштей оқуға арналған арнайы жаттығулар бар. Мысалы, “look and say, read and look up”. Бұл жаттығуды орындау үшін оқушылар сөйлемді іштей оқып, түсініп, мәтінге қарамай қайта айтып беруі керек. Алғашында бұл жаттығуды оқушылар жай орындайды. Бірте-бірте мұғалім уақғытты шектейді. Бұл оқушы жылдам оқып-үйренуге итермелейді.Іштен оқу негізінен екі проблемамен тығыз байланысты:
1. Грамматикалық, лексикалық жаңа тақырыптарды алғаш алған кезде сөйлемдердегі жаңа ақпараттарды табуға балалардың зейінін аудару.
2. Оқушылардың таба білу қабілетін дамыту.
Осы жұмыстардан кейін оқушының лексикалық және грамматикалық талдау жасау мүмкіндігі молаяды. Мұғалім оқушыларды сөйлемнің баяндауышын табуды сұрайды. Немесе мұғалім мәтінді іштей оқып, жаңа сөздердің мағынасын айтуды сұрайды. Грамматикалық материалды да дәл осылай бекітуге болады. Лексикалық және грамматикалық талдау жасау оқушылардың құрылымдарды анықтауына, оларды сөйлемдегі орнына байланысты айыра білуге, таныс емес сөздердің мағынасын білуге көмектеседі.Мәтiндерге тiлдiк талдау әдiсi көркем шығарма тiлiн талдағанда, сөздiк жұмыс, текстпен жұмыс iстегенде қолданады. Ол мәтiннiң сөздiк құрамын анықтауда сөз мағыналарын сөздердiң қолданылуы мақсатын ашудан көркемдеушi жемдерiн талдаудан тұрады. Жұмысының бұл түрi оқушының логикалық ойлауын, талдау қабiлетiн дамытуға жетелейдi.Ішінен оқуға берілетін тапсырмалардың үлгілері:
- төмендегі сөйлемдерді оқып шығып, өзіңе таныс емес сөздердің мағынасын тап
- “An idea struck me” белгісіздік артикльдің пайдаланылуын түсіндір
- Мәтінді іштей оқып шығып, әрбір сөйлемдегі жаңа ақпараттар беретін сөздерді анықта.
E.g. I have a bag
The bag is black
It is a new bag
I like my new bag
- мына сөйлемдер өте күрделі.Ішіңнен оқып шығып, оларды қысқа сөйлемдерге бөл.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет