Жаңартылған мазмұндағы «Жаратылыстану» пәнін оқыту әдістемесі
Билет 5
1.Практикалық әдістердің түрлері
Әдіс - бұл білім берудің басты құралы. Қалай оқытсақ оқушыларға білімді тиянақты, тартымды, нәтижелі етіп беруге болады деген сұраққа жауап іздесек - әдіске келіп тірелеміз. Әдіс арқылы ғана жоспарланған мақсаттың орындалуы мен соңғы нәтиженің арасындағы байланысты жүзеге асыруға болады. Әдіс арқылы ғана педагогтің алдына қойған мақсатына жету жолындағы жұмысы реттеледі.
Қолданылатын әдісті анықтап алмай,мазмұнның ашылуы мақсатқа жету және жұмыс түрінің ұйымдастырылуы мүмкін емес. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын әрбір әдістің мазмұнын аша түсетін оның құрылымына енетін тәсілдер жүйесінің болуы. Оқыту әдістерін сөз еткенде алдымен оның дидактикальқ негізіне тоқталуға тиіспіз. Қандай әдісті қолдансақ та олардың бәріне ортақ талап - білім беруге қойылатын педагогиқалық заңдылыктар мен принциптерден асып кетпеу.
Бұрын оқыту әдісі негізінен мұғалімнің оқушыларға білім меңгертудегі қолданылатын іс - әрекетті есебінде қаралса, ендігі жерде оқыту әдісі жаңа ұғым беру барысындағы мұғалім мен оқушының оқыту және оқу әрекеттерінің сәйкестігіне жүгіндіріледі.
Сөздік әдіс
Біз сөздік әдіс тобына әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, пікірсайыс диспут, оқулықпен жұмыс, лекцияларды жатқызғанмен, бастауыш сыныптарда лекция әдісі қолданбайтыны белгілі.
Оқытудың әдістемелік жүйесі жаңартылып отырған жағдайда оқыту әдістерінің ең басты мақсаты - базалық білімді саналы меңгерту, пән аралық байланысты күшейту. Бастауыш сынып оқушыларында ұғымның қалыптасуына жағдай жасайтын - тиімді қолданылған оқыту әдістері.
Бастауыш сынып оқушыларының маңайымен қарым-қатынасқа төселуіне, өз ойын тұжырымдап айтуға жаттықтыратын әңгімелесу әдісі. Кіріспе әңгіме кезінде мұғалім оқушылардың шашыраңқы ұғымдарын жинақтайды, солардың ішінде жаратылыстану ұғымын жекелеп, өткен сыныптарда меңгерген ұғымдарын да қайталайды, жаңғыртып естеріне түсіреді. Мәселен, күздегі табиғат, күзгі адам еңбегі, өсімдіктер, жануарлар тіршілігі жайында бұрыннан алған білімдерін жаңа тақырыппен байланыстыруға мүмкіндік туады.
Адам, қоғам блоктарын оқығанда адам мен адам, қоғам мен адам арасындағы қатынастарды, байланыстарды ашуда берілетін ұғымды түсіндіріп баяндаудан гөрі, проблемалық сұрақтар қою. ситуациялар тудыру арқылы әңгімелесу басым болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |