Билет 5 Практикалық әдістердің түрлері



бет5/8
Дата02.03.2023
өлшемі28,19 Kb.
#170868
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жаратылыстану 5 билет

Аралас сабақ.
"Қоршаған орта" пәнінен көбіне аралас сабақтар ұйымдастырлуы мүмкін. Себебі көптеген тақырыптар мазмұн жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болады да, өткен тақырып бойынша білімді ойға түсіру негізінде барып жаңа ұғым беру іске асады. Мұндай жағдайда сабақтың құрылымының өзінше екекшелгі бар.
1.Өткен мәтінен алған ұғымды еске түсіру және тексеру. Ол бірнеше әдіспен орындалуы мүмкін. Егер өткен материал нақты объектілер мен құбылыстарға байланыс­ты болса, оқушылар көрнекілікті қолдана отырып, көрсетіп, айқындап, оның қасиеті мен ерекшелігіне тоқталады. Мұндай жағдайда көрнекілік әдісі басым орын алады.
Егер, оқушылардың өткен тақырыптан меңгерген дағдылары мен біліктілігін байқау арқылы жаңа сабақтың тақырыбына көшу керек болса, мұғалім оқушыларға түрлі жаттығу жұмыстарын, тәжірибелер орындатады.
Оқушылардың өмір тәжірибесін өткен материалмен байланыстыра отырып еске түсіру. Мұнда көбіне кіріспе әңгіме әдісі басым болады да, мұғалім оқушыларға сұрақтар беріп, оған жауап алу жағына баса көңіл бөледі.
Жаңа тақырыпты хабарлап, оның мақсатымен, міндетімен таныстыру.
Жаңа тақырыпты оқып-үйрену. Бұл кезеңде мұғалім­нін қолданатын әдісі материалдың мазмұнына қарай түрліше болуы мүмкін. Әрине мұғалімнің оқыту әдісі оқушылардың білім деңгейі мен олардың бұрыннан қалыптасқан дағдыларына тікелей байланысты. Жаңа тақырыпты түсіндіруде көрнекілік түрлерін пайдалану, тәжірибе жасау, бақылау нәтижелерін қолдану, әңгімелесу, түсіндіру әдістері кеңінен пайдаланылады. Тақырыпты толық меңгергеннен кейін міндетті түрде оқушылар қортынды жасауға тиісті. Мәселен, "Су-еріткіш" тақырыбын суда еритін және ерімейтін заттарды пайдалана отырып тәжірибелер жасау, күнделікті өмір тәжірибесін еске түсіру арқылы менгергенен кейін оқушылар "Су- еріткіш, онда еритін және ерімейтін заттар бар. Судың еріткіштік қасиетін шаруашылықта және адам өмірінде жиі қолданады"- деген сияқты қортынды жасау дәрежесіне жетеді. Бұл қортындыларын нақты деректермен дәлелдейді.
Сабақтың қортынды бөлімінде тақырыптың мазмұнына қарай, оқушылардың дағдыларын қалыптастыру мақсатымен түрлі жаттығулар орындату, дәптермен, өсімдік жыйынтығымен, түрлі жыйынтыктардың түрлерімен жұмыс істету мүмкіндіктері туады. Қортындылау кезінде тек негізгі түсініктер ғана тұжырымдатады.
Үйге берілетін тапсырма тек оқулықтағы материалды қайта оқып келумен шектелмей, оның ішіндегі атауларды дәптерге жазу, тапсырмаларды орындау, бақылау жүргізу, тәжірибе жасау сияқты жұмыс түрлерімен толық-тырылады. Аралас сабақтың тиімділігі оқушылардың білімінің жүйелілігіне әсер етуінде. Мұнда тақырып аралық сабақтастык арқылы білімнің бірізділігі жүзеге аса­ды. Сонымен қатар оқушылардың білім көлемі мен дағдысы да кеңейе түседі және оны меңгеру сапасы арттады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет