Билет №7 Нематодалардың дамуына биотикалық факторлардың әсері


Кенелердің тіршілік циклі және диапаузаның міндеті



бет2/8
Дата27.04.2022
өлшемі19,68 Kb.
#140932
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7-8 билет

2. Кенелердің тіршілік циклі және диапаузаның міндеті.
Кенелердің тіршілік циклі әртүрлі келеді.Кенелердің ұрпақ беру саны, мерзімді диморфизмнің пайда болуы, сонымен қатар гамогенетикалық және партогенетикалық көбеюлердің алмасуы, олардың түрі мен тіршілік ететін ортасына байланысты.Кенелердің жұмыртқа фазасынан бастап, жыныс органдары пісіп жетілген ересек кенелерге дейінгі даму циклын ұрпақ немесе генерация деп атайды. Кенелердің жылдық циклінің немесе ұзаққа созылатын маусымдық кезеңдері кездеседі. Ауа ылғалдылығы өте құбылмалы тропикалық және субтропикалық аудандарды мекендейтін түрлер үшін ондай кезең құрғақ маусым,ал солтүстік және оңтүстік жарты шарды,яғни қоңыржай климатты зоналарды мекендейдін түрлер үшін қыс айлары болып саналады.Осындай қолайсыз кезеңдерде организм өзінің жинаған қор заттын үнемдеп жұмсау үшін өсу және даму процестерін кенеттен баяулатуға мәжбүр болады.
Кенелердің және басқа омыртқасыз жануарлардың осындай терең физиологиялық тыныштық қалпында болуын диапауза деп атайды.Диапауза тек қолайсыз кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін тіршілік циклінің пассивті элементі ғана болып саналмайды. Сонымен қатар ол белгілі бір зонада түрдің жылдық циклінің тұрақтылығын және өсімдік қоректі кененің фенологиясының тұрақтылығын және жергілікті климат жағдайымен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Диапаузаға кетер алдыңда кенелердің физиологиялық дайындығы іске асады, ал эмбрионалды диапаузада үрыктык дамуы тоқталады. Кейбір түрлердің күн сәулесіне қарым-катынасы өзгереді, диапаузага кететін кәдімгі өрмекші мен долана кенелерінің үрғашылары қыстауға паналайтын жерге көшеді. Диапаузаның түрлері мен типтері әр алуан. Оларды, кемінде үщ принциппен жіктеуге болады: кенелердің даму фазасына байланысты, белгілі ұрпакта міндетгі түрде диапаузанын пайда болуы жәні оның мерзіміне байланысты.Сонымен қатар диапаузадағы организимдерде заттар алмасу баяу жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет