Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері


Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар



бет33/87
Дата19.05.2022
өлшемі350,35 Kb.
#143892
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87
Байланысты:
Экзамен 2013

Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ағымды ауруларында қатерлі ісікте галлюцинаторлы синдроммен бірге жүреді.
Жүрек патологиясы бар науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктісі кезінде кездеседі. Оған үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтері, вегетативті және цереброваскулярлы бұзылыстар кіреді.
Емі. Науқастарға, әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарғатәулік бойы қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, витаминдер және ноотроптар тағайындалады. Ұйқы бұзылыстары кезінде транквилизаторлар беріледі.
3 Ми тамырлары ауруларындағы психикалық бұзылыстар( гипертониялық ауру, церебральды атеросклероз)
Церебралды атересклероздың клиникалық 3 сатысы бар:
1-сатысының жиі көрінісі неврастения тәрізді синдром болып табылады. Негізгі белгісі тез шаршағыштық, әлсіздік, психикалық үрдістің қажуы, тітіркенгіштік, эмоциональді лабильділік жатады. Кейде астениямен байқалатын жеңіл депрессия болады. Психопатия тәрізді немесе иппохондриялық синдром көрініс береді.
2-сатысында(айқын психикалық бұзылыстар кезеңі) мнестико-интеллектуалды бұзылыстар күшейеді, ес нашарлайды (әсіресе осы шақ оқиғаларына), ойлау инертті бола түседі, эмоциональді лабильділік күшейе түседі, бос көңілділік байқалады. Жиі атеросклероздық психоздар болады: депрессивті, параноидты, сана күңгірттенуімен жүретін психоздар, галлюциноз. Бұдан басқа эпилептиформды ұстамалар.
Параноидты синдром жиі көріністердің бірі.Бұл науқастар преморбидті кезеңде тұйықтықпен, күдікшілдікпен немесе үрейшіл-күмәншіл мінез сипатымен ерекшеленеді. Жиі соңына түсу, қызғаныш, уландыру, кейде иппохондриялық, зиян келтіру сандырақтық идеялары айтылады.
Бұзылған сана синдромының жиі кездесетін формасы делирий, сирек-қарауытқан жағдай болып табылады
3-сатысында көрініс кейде эпилептиформды бұзылыстар болып табылады. Эпилептиформды синдром құрылымы пароксизмальды құбылыстармен сипатталады:сана жоғалуымен жүретін үлкен атипті тырысулық ұстамалар, дисфориямен жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет