Эпилепсия-бас ми нейрондарының электрлік белсенділігінің шектен тыс жоғарылауының нәтижәсінде болтын қайталамалы тырыспа ұстамалармен, естен танумен жүретін созылмалы ауру.
Үлкен 3 топқа жіктейміз
1.таралымды
2.фокальдық немесе парциалдық
3.бір жақты
I. Таралымды эпилепсиялық ұстамаға естен тану мен көлемді вегетативтік бұзылулардың дененің екі жағын бірден қамтитын немесе оларсыз бола беретін құрысулармен қосарлану тән. Бұл топ үлкен құрыспалы және кіші құрыспасыз эпилепсиялық ұстамаларға бөлінеді.
А.Таралымды құрыспалы ұстамалар кенеттен пайда болып, үлкен эпилепсиялық ұстама түрінде көрінеді. Аурудың бұл түрінде сырқат айқайлап жіберіп іле топикалы-клонеикалық құрыспалар пайда болады.Олардың толық тоникалық куезеңі ым, аяқ-қол және дене бұлшық еттерінің құрысып-ширығуымен сипатталады. Көз алмалары бағытынан тайып, жоғары ығысады. Аяқ-қол бұлшықеттері шектен тыс ширығады. Дем алуға қатысатын бұлшықеттер ширығуынан апноэ,цианоз дамиды. Құрыспалы ұстаманың клиникалық кезеңінде ауру тілін тістепаузынан қан көпіреді.
Вегетативті бұзылулардың ішінде көз қаршығының жарыққа реакциясы жойылуымен қосарланатын мидриаз жиі кездеседі . Сфинктрлер бұлшықеттерінің ширығуынан еріксіз зәр, кейде нәжіс шығару байқалады. Тамыр соғыс пен АҚ жоғарылайды.
Ұстама әдетте 1-2 минутқа, кейде одан да аз уақытта өтеді, ұйқыға ауысатын кома түрінде аяқталады. Ұйқыдан оянған соң науқаста амнезия, бұлшықеттегі ауырсыну, қалжырау, әлсіздік пайда болады. Көпшілік жағдайда команың соңы сопор тіпті психомоторлық қозу болады.
Толық құрыспалы ұстамалармен қатар, жартылай тарлымды ұстамалар-тек қана тоникалық құрысу немесе тек қана клоникалық құрысу, яғни екі жағынан көлемді миоклониялар болуы мүмкін.
Б.Кіші құрысусыз ұстамалар қарапайым және күрделі абсанстарға бөлінеді. Олар тек қана балалық шақта кездеседі. Кіші ұстама деп аталатын абсанс ұстамадан кейін ешқандай белгі бермейтін қысқа мерзімді естен тану арқылы білінеді.
1.Жабайы(қарапайым)абсанс-қимыл т.б әрекеттердің 5-20секунд бойы тоқтап қалуы. Сырқаттар ол жөнінде өзімен бірге болған адамдар арқылы ғана біледі.
2.Күрделі абсанстарға қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларының аларуы т.б мен қабаттасады. Олардың арасында атониялық және акинетикалық абсанстар ажыратылады. Атониялық абсанс-постдуралдық тонустың жойылуынан науқастың құлап қалуы, ал акинетикалық-бұлшықет тонусы өзгермей ақ науқастың есінен танып құлап қалуы.Күрделі абсанстар вегетативтік бұзылулармен қабаттасады.