Билет. Психиатрияның мазмұны, оның пәні мен себебі Жаңа этаптағы психиологиялық потологияның ерекшеліктері



бет132/151
Дата08.02.2022
өлшемі350,35 Kb.
#131058
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151
Байланысты:
Экзамен 2013
Тесты по хирургии
1 СОМАТОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР
.
Соматогендік неврологиялық синдромдар патогенезінде зат алмасу бүзылуы және осыған байланысты пайда болатын уытгы заттардың нерв ткані элементтері мен оларды қанмен қамтамасыз ететін қан тамырларына әсері және нерв қүрылымдарының гипоксиясы маңызды роль атқарады.
Ішкі ағзалар ауруларында білінетін нерв жүйесінің тиісті бөлігіндегі қүрылымды-функционалдық өзгерістер әдетге бытыраңқы, симметрия- лы болғандықтан, оларды “энцефалопатия”, “миелопатия”, “нейропа­тия” деп атайды.
16.1. Жүрек пен магистралды қан тамырлары ауруларында байқалатын неврологиялық синдромдар
Ишемия ауруында, ал кейде миокард инфарктімен ауырғандарда неврастения синдромы мен вегетативтік дистония пайда болады. Мүндай жағдайда ми қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі (дисциркуляторлық энцефалопатия) дамиды.
Жартылай немесе толық атриовентрикулярлық бөгет болған жағдайда (Адамс-Стокс-Морганьи синдромы) немесе жүрек карын- шаларының қысқа мерзімді жыбыры мен лүпілдеуі кезінде эпилепсия тәрізді үстамалар болуы ықтимал.
Сепсистік эндокардитпен ауырғанда ми қабығы қан тамырларына инфекцияланған эмболдардың енуі ірінді менингиттің, ал ми түпкі- ріндегі қан тамырларына жеткен жағдайда мида іріңнің пайда болуына эсер етеді.
Қолқа коарктациясы (туа біткен сегментарлық тарылуы) оның жоғары белігі мен доғасынан таралатын магистралдық қан тамыр- ларыньщ қысымьш жоғарылатьтті, көбінесе ми зақымдануының ошақты симптомдарымен қосарланатын бас ауыруы, бас шуылы, бас айналу және ентігу түріндегі дисциркуляторлық энцефалопатия пайда болуына мүмкіндік жасайды. Мүндайда ми қан айналымының өткінші бүзылу- лары мен инсульт болуы ықтимал. Сонымен қатар жүлын айналымы да бүзылуы мүмкін.
Қолқа және оның тармақтарының патологиясы (тарылу, аневриз- малар, өр түрлі тығындаушы үрдістер) энцефалопатия немесе миелопа- тиямен қатар, ми мен жұлын қан айналымының шүғыл бүзылуына әсерін тигізеді.
Қолқа доғасы аймағында орналасқан аневризмалар озіне көршілес қүрьшымдарды ығыстыра қысьш, көмекейдің сол жақ қайталама нерві (дауыс қарлығу, үстамалы жөтел мен түншығу), көк ет нерві (ентігу, ықылықтау), шекаралық симпатикалық бағаны (Горнер синдромы, беттің бір жағындағы дуылдататын ауырсыну, жас ағу, көз қызару, ринорея) қысылу симптомдарының пайда болуына мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет