2 Құмарлық бұзылысының түрлері Әуестік бұзылысы сапалық және сандық болып екіге бөлінеді. Сандық бұзылысы күшеюмен немесе әлсіреумен, сапалық бұзылысы-бұрмаланумен көрініс береді.
Барлық әуестіктің күшеюі (гипербулия) маниакальды және гипоманиакальды жағдайға тән: науқас мешкей,сексуальды, әйелдер кербез болады. Науқастар кез-келген жұмысқа тез кірісіп кетеді, кейде бірнеше жұмысты бірден бастайды, бірақ зейін тұрақсыздығына байланысты жұмысты аяқтамайды, кеңпейіл болады, жыныстық қатынасқа таңдаусыз түседі. Мидың органикалық зақымдануларында булимия-семіздікке әкелетін тәбеттің патологиялық күшеюі, полидипсия-басылмайтын шөл, гиперсексуалдылық-жыныстық инстинкттің күшеюі байқалады.