Классификациясы. МКБ 10 бойыншы : F30- маниакальный эпизод
F31- биполярлы аффективті бұзылыстар
F32-депрессивті бұзылыстар
F33- рекуррентті депрессивті бұзылыстар
F34-көңіл күйдің созылмалы бұзылыстары (циклотимия, дистимия)
F38- көңіл күйдің басқа да бұзылыстары
F39- анықталмаған көңіл күйдің бұзылыстары
3. Полинаркомания, таралуы, диагностикасы, клиникалық көрінісі
3 Неврологияның клиникалық даму тарихы.Қ.Р неврологиялық көмек көрсету ұйымдары. Невропатология (клиникалық неврология, нервтік аурулар) – клиникалық медицинаның жеке саласы болып табылатын неврология бөлімі: жүйке жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көріністерін зерттейді және олардың диагностика, емдеу мен алдын алу әдістерін құрастырады. Жүйке жүйесінің патологиясы нейрохирургияның (Нейрохирургия) да, отоневрологияның (вестибулярлы, есту мен иәс сезу анализаторының зақымдалу белгілерін, сонымен қоса бас ми жарақаттары мен аурулары кезіндегі кеңірдектің, жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайдың қозғалыстық жүйкелендірудің бұзылыстарын зерттейтін оториноларингология мен невропатологияның шекаралық бөлімі) да, объектісі болып табылады. Бас ми ауруларының топикалық диагностикасында нейроофтальмологиямен құрастырылатын әдістер үлкен мәнге ие. Нейроофтальмология – невропатология мен офтальмологияның бөлімі, ол орталық жүйке жүйесі мен көру анализаторының әр түрлі бөліктерінің зақымдалудың байланыстарын зерттейді. Дәрілік заттардың жүйке жүйесіне әсерлерін нейрофармокология (фармокология бөлімі) зерттейді. Әскери невропатология (әскери медицина мен невропатологияның бөлімі) бейбітшілік және соғыс уақытындағы әскери қызметкерлерінің жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттарын зерттейді.
Невропатология клиникалық медицинаның басқа салаларымен – психиатриямен, педиатриямен, жұқпалы аурулармен, гериатриямен, онкологиямен, рентгенологиямен, тығыз байланысты. Невропатологиядағы диагностиканың арнайы әдісі неврологиялық зерттеу болып табылады, оған сещімталдылықты, қозғалыс сферасын, рефлекстерді және т.б. зерттеу кіреді . Зерттеудің негізгі қосымша әдістері – ангиография, реография, эхо – энцефалография, электромиография, электроцефалография, компьютерлік томография қазіргі невропатологияның негізгі әдістері мен зерттеу бағыттары - ми қан айналымының патологиясы, нейроинфекция, бассүйек – ми жарақаттары, омыртқа остеохондрозы, жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары. Невропатология (неврология) жеке клиникалық пән ретінде Париж маңындағы Сальпертриер ауруханасында жүйке жүйесінің аурулары бар науқастар үшін бөлімше ашылғанда, 1862 жылы құрылды. Оны Жан Шарко (1835 - 1893) басқарды, оны сирек емес невропатологияның атасы деп те атайды.
Ресейде бірінші невропатологиялық бөлімше Жаңа – Екатерина ауруханасының базасында 1869 жылы ашылды (қазіргі кезде №24 Мәскеу клиникалық ауруханасы). Бұл бөлімшені құрылуының инициаторы мен оның бірінші жетекшісі Мәскеу университетінің терапия мен әлеуметтік патология клиникасының қызметкері Кожевников А.Я. (1836 - 1902) болды. Ол студенттерге жүйке аурулары бойынша факультативті курс оқыды және жүйке жүйесі ауруларын терең зерттеуін жүргізді. 1870 жылдан бастап неврологиялық бөлімше Мәскеудегі Ескі – Екатерина ауруханасында да ашылды. Бұл бөлімшемен Кожевников А.Я. оқушылары басқарды. Кожевников Ресейде студенттер үшін жүйкелік және ішкі жан дүниелік аурулар жөніндегі оқулықты бірінші болып шығарды.
1884 жылдан бастап жүйкелік және ішкі жан дүниелік аурулар Ресей университетінің медициналық факультеттерінің оқу жоспарына енгізілген және сол кезде де сәйкес кафедралармен клиникалар ашыла бастады. Мәскеуде жүйкелік және психикалық аурулардың жалпы кафедрасы Кожевников А.Я. басқарды. Оның инициативасы бойынша Ресейде жүйкелік аурулардың клиникасы бірінші рет құрылды және 1890 жылы ашылды. Онда Кожевников А.Я. жетекшілігімен жүйке жүйесінің көптеген аурулары, атап айтқанда алкоголизм мен өндірістік токсиндермен уланудың әсерінен дамитын неврологиялық және психикалық бұзылыстар зерттелінді, полинейропатимен бірге естің бұзылу синдромы (Корсаков синдромы) сипатталынған, тұрақты миоклоникалық гиперкинез фонында пайда болатын эпилепсияның ерекше түрі зерттелінді, ол Кожевников эпилепсиясы атауына ие болды. 1901 жылы Кожевников А.Я. бүгінгі таңда да шығарылатын «Корсаков С.С. атындағы невропатология мен психиатрия» журналының құрасытрушыларының бірі болды. Кожевников А.Я. – невропатологтардың мәскеулік мектебінің негізін қалаушы. Оған неврологияның дамуына үлкен үлес қосқандар көптеген мамандар жатады: Рот В.К., Муратов В.А., Дашкевич Л.О., Минар Л.С., Рассолимо Г.И., Маргулис М.С., Сепп Е.К., Гращенков Н.И., Коновалов Н.В., Шмитд Е.В., Боголепов Н.К. және басқа оқушылар.
Егер Мәскеуде неврология терапиялық қызмет базасында құрастырылса, онда Санкт-Петербургте неврологиялық ғылым 1857 жылы құрылған. Медико – хирургиялық (1881 жылдан бастап әскери медициналық) академиясының ішкі жан дүние аурулары кафедрасының базасында дами бастады. XIX ғасырдың 80-ші жылдардан бастап бұл кафедрада жүйкелік аурулар курсын Мережковский И.П. (1838-1908) оқыды. 1893 жылдан бастап әскери – медициналық академиясының жүйкелік және ішкі жан дүниелік аурулар кафедрасын Бехтерев В.М. (1857 - 1927) басқарды. 1897 жылы осы кафедрада Бехтерев В.М. айқын араласуымен неврологиялық клиника ашылды. Невропатологтардың петербургтік мектебіне Блюменау Л.В., Жуковский М.П., Никитин М.П., Аствацаиуров М.И. және басқалар сияқты неврологтар жатады.
Отандық клиницист – неврологтар жүйке жүйесі ауруларының емін мен диагностикасын ғана құрастырмай, сонымен қоса жүйке жүйесінің анатомиясымен, гистологиясымен және физиологиясымен байланысты теориялық мәселелеріне де үлкен көңіл аударған. Соынмен қоса олар медицина мен биологияға ғылыми емес концепцияларын енгізуге кез келген араласуларға қарсы тұрды.
Бехтерев В.М., Россолимо Г.И., Рот В.К. және басқа ғалымдар қоғамдық ойдың демократиялық ағымына аяушылықпен қарады. Отандық неврологтар тек дәрігерлер, ғалымдар болып қана қоймай, сонымен қоса неврологиялық көмектің ұйымдастырушылары да болды: жаңа клиникаларды ашты, бар емдік мекемелерінде науқастарға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтті, әлеуметтік аурулармен (алкоголизм, нейромерез, невроздар және басқалармен) күрес жүргізді. Олар әлемдің ғылым жетістіктерін қабылдап, оларды дұрыс бағалап, өздерінің ғылыми тәжірибесінде қолданды. Отандық неврология жетістіктері де өз алдында шетелдің неврологиялық ғылымына үлкен еңбектерін енгізді.
Бехтерев В.М. инициативасы бойынша Санкт - Петербургте әскери – медицина академиясында 1897 жылы әлемдегі тұңғыш нейрохирургиялық операциондық бөлім ашылды.
1909 жылы Санкт - Петербургте хирургиялық невропатологияның әлемдегі бірінші кафедраларының бірі құрылды, оны Пуусепп Л.М. басқарды. 1914 жылы Санкт – Петербургте Психоневрологиялық институт қарамағында 200 төсекке арналған Пирогов Н. И. атындағ мамандықтандырылған нейрохирургиялық клиника ашылды. 1914 жылы Витебскіде әлемдегі бірінші мамандандырылған әскери нейрохирургиялық институт атауына өзгертілді. Онда Бабчин И. А., Угрюмов В. М. және басқалар сияқты атақты нейрохиругтар жұмыс істеді.
Отызыншы жылдары Харьковте, Ростов – на – Донуда, Мәскеуде және басқа қалалрада нейрохирургиялық клиникалар ашылды.
1932 жылы Бурденко Н.Н. хирургі Крамер В. В. неврологімен бірге Мәскеуде жеке нейрохирургия институтын ашты. Институтта Егоров Б.Г. Арендт А.А. Иргер Н.И., Арунинюнов А.И. сияқты атақты нейрохиругтар, сонымен қоса басқа әр түрлі мамандықтардың өкілдері (нейрорентгеологтар, нейроофтальмологтар, отоневрологтар және басқалар) жұмыс істеді.
1937 жылдан бастап «Нейрохирургия сұрақтары» журналы шығарылады.
1944 жылы АМН КСРО неврология институты құрылды, онда Гращенков Н. И., Коновалов Н. В., Шмидт Е. В., Ткачев Р.А. және басқа атақты неврологтар жұмыс істеді.
Неврология бойынша көптеген оқулықтар, неврология мен нейрохирургияның әр түрлі мәселелері бойынша көптеген монографиялар баспаға шығарылды. Олардың ішінде жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларына арналған Давиденко С.Н. зерттеулерін, Коновалов Н.В. – гепатоцеребральді дистрофия, Боголепов Н.К. – комотозды жағдайлар, Шмид Е.В. – тамыр – милық потология және тағы басқа зерттеулерін бөлуге болады.
Дәрігер – неврологтардың саны едәуір өсті: қазіргі кезде Ресей мен Қазақстанда – олардың саны 10000 асады. Мемлекеттерде нейрохируригиялық көмек те кеңірек тралуда. Мемлекет региондарында науқастарға неврологиялық және нейрохирургиялық көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейді, жүйке жүйесі ауруларын емдеу мен алдын алуды белсенді құрастырылуына үлкен көңіл аударылады. Біртіндеп үлкен ғылыми – зерттеу жұмысы жүргізілуде, осы кезде тамыр - милық патология, демиелинизирлеуші аурулар, шеткері жүйке жүйесінің аурулары, нейроонкология, нейротравматология, эпилепсия, саматоневрология сияқты клиникалық мәселелер белсенді қарастырылуда. Клиникалық неврология мен нейрохирургия басқа теориялық және клиникалық ғылымдармен тығыз байланысты.
Медицина әрдайым өзгеріліп тұратын сала. Қауіпсіздік бойынша стандартты сақтандыру шараларын ұстану керек, бірақ әрбір жаңа зерттеу мен клиникалық тәжірибе біздің білімімізді кеңейтетініне байланысты емдеудегі өзгерістер мен дәріледі қолдану қажет болып отыр.
Дәлелдегіштіктің үлкен дәрежесіне толығымен жоспарланған клиникалық зерттеулер ие. Алайда, оларды дұрыс талқылау мен адекватты қортындыларды шығару үшін дәрігер зерттеудің сапалық критерийлерін нақты білуі қажет. Оған бұл мәселеде Фломин Ю. Ұсынған сұрақтар көмектеседі:
Зерттеудің сұрағы (гипотезасы) нақты құрастырылған ба (зерттелінетін популяция көрсетілген ба, араласу әдістемесі сипатталынған ба, зерттеу мерзімі мен қорытындыларының бағаланатын параметрлері сипатталынған ба)?
Зерттеу дизайны қойылған сұраққа (тестілінетін гипотезаға) сәйкес келе ме?
Таңдау критерийлері нақты көрсетілген бе?
Рандомизация жүргізілді ме және ол бастапқы сипаттар бойынша салыстыру топтарының балансын қамтамасыз етті ме?
Емдеу әсерлерінің барлығы көрініс алу үшін зерттеудің ұзықтығы жеткілікті болды ма?
Зерттеуден шыққан қатысушылардың бөлігі қандай?
Клиникалық маңызы бар барлық қорытындылар (летальдік, асқыныстар, өмір сапасының көрсеткіштері) жөніндегі мәліметтер есепте көрсетілген бе?
Тағаайындалған емге, барлық шыққандарды дұрыс есептеуге, басқа топқа ауысқандарға және ережелері сақтамағандарға сәйкес анализ жүргізілді ме?
Соқыр әдісі қолданылды ма?
Зерттегіш араласудан басқа, екі топ қатысушылары бірдей ем қабылдады ма?
Қортындылар алдын ала анықталынған ба және олар екі топқа бірдей бағаланды ма?
Мәліметтердің анализі дұрыс жүргізілді ме?
Алынған нәтижелерден қорытындылар шыға ма?
Роденова Е. дәрісі клиникалық зерттеулерді дұрыс жоспарлау мәселелеріне, бақылау талаптарына, этикалық принциптер мен әр түрлі ұйымдар мен жұмыс топтарына ұсыныстарға арналған. Инсультологияда клиникалық зерттеулерді дұрыс жоспарлау сұрақтары маңызды орын алады, себебі инсультті емдеу үшін (нейропротекторлардың үлкен мөлшерін зерттеумен қоса) терапиялық көзқарастарды зерттеу жөніндегі зерттеу бағдарламаларының көбісі сәтсізділікке ұшырады, көптеген жағдайда бұл мақсаттар мен зерттелінетін препараттардың әсер ету механизмдерін дұрыс бағаламаумен, жануарлық моделдерді дұрыс қолданбаумен, коррректі емес өлшеммен және науқастар құрамын дұрыс таңдамаумен және т.б. байланысты. Болашақ зерттеулерде жиналған негативті тәжірибені білу мен қолдану керек.